|
|||
Коллоквиум. Орындаған: Олжабекова Ж.Е. Инклюзивті білім берудің қоғамдағы рөлі.Стр 1 из 3Следующая ⇒ Коллоквиум Орындаған: Олжабекова Ж.Е Инклюзивті білім берудің қоғамдағы рөлі. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты балалармен біргебілім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады Мүмкіндігі шектеуі балаларға көмек беру. Инклюзивті білім беру — мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес,ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру бағдарламасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыта отырып, біз инклюзивтік қоғам, яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың атқаратын ролі туралы айта кететін болсақ, дефектолог – мұғалімнің көмегі өте маңызды. Дефектолог – мұғалім пәндік материалдарды меңгерту үшін түзету- дамыту сабақтарын өткізеді,оқу материалын алдын – ала меңгеруді қадағалайды. Дефектологтың мақсаты: 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы көмек көрсету. 2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру. 3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу. Міндеті: 1. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану. 2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету. Күтілетін нәтиже: 1. Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды. 2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады. 3. Әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.
МШБ санын азайту үшін шаралар қолдану. Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс. Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес, ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құштарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет.Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет. Ал, осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын арнайы білім беру ұйымдары болады. Аталған білім беру ұйымы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптарды ашудың басты мақсаты – оларды ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы біліммен, тәрбиемен, шығармашылықпен жалпы айтқанда, оқу- тәрбие процесімен қамтамасыз ету. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар ретінде кеңінен танылғандар: естімейтіндер, нашар еститіндер , көрмейтіндер , нашар көретіндер , сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар, ақыл-ой кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген және тірек-қимыл қозғалысы бұзылған эмоционалдық бұзылыстары бар тұлғаларды жатқызамыз. Арнайы cыныптарда білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаларды іске асырады. Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті: баланың денсаулығы мен өмірін сақтау, баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету, баланың психикалық және дене дамуын түзету, әлеуметтік бейімдеу, денсаулығын сақтау мен нығайту, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға нұсқаулықтар әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Оқушыларға саралай және жекелей оқыту тәсілін қолдану – арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру маңызды ерекшелігі. Олай дейтінімізмүмкіндігі шектеулі балалар арасында да үлгермеуші балалар кездеседі міне сол оқушылармен педогог тәрбиеші жеке оқытуды қолға алады. Сол арқылы бала өз қатарластарына қосылады, түсініспеушілік туындамайды. Педагог бала дамуының жалпы заңдылығын, сыныптағы әрбір оқушының танымдық мүмкіндігін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін біле отырып, балалардың оқу-танымдық әрекетін тек ұйымдастырып қана қоймай, бұл процесті бағыттай да алады. Қорыта айтқанда, арнайы сыныптарда диагностикалық-кеңестік, түзете-дамытушы, емдік-профилактикалық, әлеуметтік-еңбектік шаралар үздіксіз жүргізіліп отыруы тиіс.
|
|||
|