Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





апта Менің достарым



2 апта Менің достарым

 

Дене шынықтыру 1. Заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, түрлі жылдамдықпен жүгіру.Допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4-5 рет). Көлбеу басқышпен өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу. 2. Түрлі қарқынмен жүру және жүгіру. Орындық үстімен текшелерден аттап жүру. Допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу.Қос аяқтап заттар арасымен секіру.3. Жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру. Допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу.Оң және сол жақ бүйірімен топталып, құрсаудың ішінен өту. Сөйлеуді дамыту Өзінің достары туралы әңгімелеп беруге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуді, әңгімені бірізді және нақты айта білуді жетілдіру.Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын зат есімдермен байыту. Сауат ашу негіздері Дауысты дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.Сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Орыс тілі Использовать игровые упражнения для развития правильного произношения русских звуков; расширять кругозор детей, читая рассказ; употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при произношении слов;  составлять предложения из 4–5 слов; Шет  тіліАғылшын тіліндегі сөздерді және сөйлемдерді түсініп, қолдануға үйрету.     Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тануға және атай білуге үйрету.Кеңістікте бағдарлауды дамыту. Жаратылыстану Гүлдейтін шөптесін өсімдіктермен таныстыру (шырайгүл,барқытшөп және т.б.), оларды сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктерге күтім жасауға баулу.   Сурет салу Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін жетілдіру. Мүсіндеу Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануға үйрету және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.   Аппликация Бөліктерден бейнелерді құрастыру, топты безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындауға үйрету. Музыка 1.Музыкалық бейнені қабылдауға үйрету. Дыбыс ұзақтықтарын сақтай отырып,әнді нақты айта білу. Музыканыңсипатына сай қимылдарын өзгерту іскерлігін дамыту. Домбыра аспабымен таныстыру.   Өзін-өзі тануҚұрдастарымен ойын және шынайы қатынас арқылы қарым-қатынас қуанышы туралы түсініктерін кеңейту; мейірімділік танытуға баулу.
 

 

  Өзін және басқаларды(I’m ......., Myname is ...., This is ..., It’s my mum)таныстыру; жас ерекшелігі жайлы ақпарат беру(I’m…).   2. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу.Мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау. Балаларды топпен билеуге үйрету.    
         


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.