|
||||||||
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР. Ересек тобы. тпелі тақырып: Менің балабақшамСтр 1 из 3Следующая ⇒ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР Ересек тобы Өтпелі тақырып: Менің балабақшам (Қыркүйек) | ДенсаулықДене шынықтыру (2,5 сағат) Қауіпсіз мінез-құлық негіздері (0,5) | Коммуникация Сөйлеуді дамыту (1) Көркем әдебиет (0,5) Сауат ашу негіздері (1) Драма (0,5) Орыс тілі (1) Шет тілі (1) | ТанымҚарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1с) Құрастыру (0,5) Жаратылыстану (1с) | Шығармашылық Сурет салу (1с) Мүсіндеу (1с) Аппликация (1с) Музыка (2 с) | ӘлеуметӨзін-өзі тану (1с) Қоршаған ортамен танысу (0,25с) Экология негіздері (0,25с) | |||
1 апта Менің балабақшам
| Денешынықтыру1.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, шашырап, жұптасып жүгіру.Қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру.Бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру. 2. Заттарды аттап, қозғалыс бағытын өзгертіп жүру,шашырап, жұптасып, бір сызыққа қойылған заттар арасымен жүгіру.Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру.Допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Балабақшадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру (баспалдақтан абайлап көтерілуді және түсуді,баспалдақ таянышынан ұстауды; есікті тұтқасынан ұстап, ашып, жабу). | Сөйлеуді дамыту Балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыру.Олардың еңбегі туралы әңгімелеп айтып беруге үйрету. Тыңдауды, айтуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру.Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Көркем әдебиет Тыңдаған шығарманың мазмұнын жүйелі мазмұндап беруге үйрету. Шығарманың эмоционалды- бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Сауат ашу негіздері «Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Драма Балаларды театр мәдениетіне баулу.Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Орыс тілі Расширятькругозордетей через чтение сказки; отвечать на вопросы по содержанию сказки; обсуждая поступки героев,развивать правильное произношение звуков;употреблятьв речи имена существительные единственного числа; Шет тілі Ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айтуға үйрету:амандасу және қоштасу (Hello, Hi, Goodbye, See you); өтініш пен рахмет айту (Give me ..., please, Come in, please, Thank you); кешірім сұрау мен кешірім беру (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.). | Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Балаларды балабақшаның ішінде бағдарлай білуге үйрету. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы туралы түсінігін дамыту. Құрастыру Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен балабақшаны құрастыруға үйрету. Жаратылыстану Табиғат құбылыстары туралы алған білімдерін кеңейту, «өлі табиғат» ұғымымен таныстыру. | Сурет салу Балаларды заттарға қарап (топтағы жиһаздардың) өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып суретін салуға үйрету. Бояумен жұмысты жетілдіру. Мүсіндеу Балаларды затқа қарап көлемі мен пішіні әртүрлі таныс жиһаздарды мүсіндеуге үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдану дағдыларын дамыту. Аппликация Екіге бүктелген қағаздан түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды үйрету. Қайшыны қолдану біліктерін бекіту. Музыка1.Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын,көңіл-күйін ажырата білуді қалыптастыру. Дыбысты таза орындау,сөзін анық айтуға үйрету. Музыканың ырғағына салып,аяқтың ұшымен жұптасып билеу. Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау. Музыка 2. Музыкалық жанрды ажырата білу. Әннің сипатын қабылдау, даусын дұрыс келтіріп орындауға үйрету. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. | Өзін-өзі тануБалаларды «Өзін-өзі тану» ҰОҚ таныстыру. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білуді қалыптастыру. Қоршаған ортамен танысу Балабақша, топ атауын, нөмірін айта білуге үйрету, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру. | |||
|
||||||||
|