Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 41 страница



«Бекер секем аламын: жай, әншейін әзілдеседі, құрдас болған соң...»

– Неғып көкке қарап қалшиып тұрсың ұлыған иттей. Тамағыңды іш, әрі! – деген Әйелінің даусы шыққанда ғана, үйге беттеді. Зоотехник құрдасы төсекке сүйеніп, қызара-бөртіп шалқайып отыр. Балалардың алды жата бастапты. Темір пешке жағылған от аядай үй ішін қапырықтап, ысытып-ақ жіберген. Досы ақ тер, қара тер. Әйелінің мұрнының ұшы ғана жыбырлап жіпсіпті.

– Газетіңді ала келдім. мұншама көп жазылармысың,

– деп , бір буда газет-журналды Қойшының алдына тастай берді. Қойшы газеттерді бас-басына саралап қарап, бір-бір шолып шықты да, «Боранмен айқас» деген очеркті сұқтана оқи бастады.

– Әне, – деді Әйелі, – бұл енді осы газеттегіні түгел оқып шықпай, көңілі көншімейді. Құның қалған жоқ, суытпай шайыңды іш, әрі.

– Тағы да «Боранмен айқасқан» шопан туралы ма? Әкесінің ақ таяғын алған шығар... Егер боранда қалған Қойшы газетке шығып мақтала беретін болса, ей, сен де бір рет ықтатып алсаңшы қойыңды, атыңды шығарайын, – деді зоотехник қарқ- қарқ күліп.

– Жақсы Қойшы отарын боранға ықтатпайды. Ол – бейқам- сыздығы. Жақсы Қойшы өз жерінің табиғатын, нөсерінің қашан жауып, боранының қашан соғатынын күні бұрын біледі.


ал мақтау үшін де (ойланып)... мақтау үшін тамыр-таныстық керек шығар... Қол-аяғым үсіп, ауруханаға түссін демесең...

– Зоотехник сазарып үндеген жоқ, Әйелі, жүзі күйгендей, қызараң қақты.

Ендігі сәтте бәрі үнсіз отырды. Үнсіздікке шыдамы жетпеді білем, тағы да Зоотехник бұзды.

– Газетің не айтады? «Жемшөбі мол, қыстан күйлі шықты малы» дейтіндері бар-ау. Жемшөбі мол болса,кез келген ақымақ күйлі шығарады малын қыстан. Вот, мына сен секілді жем- шөпсіз тебінмен күйлі шығарса...

– Өзің оқыған жоқ па едің, ескі газеттер ғой. Бүгінгі номер жоқ.

– Бәрі-бәрін қайдан оқисың, уақыт бар ма? Оқисың-ау, есте тұрмайды сапсем. Бәрі палшива...

–Қалайша,–дедіҚойшымырсетіпкүліп.–Вьетнамдыбомба- лауда, Үндіқытайдағы жағдай шиеленісе түсуде, – деген де жалған ба, сеніңше?

– американыкі – баланың ойыны, әйтпесе, осы облыстың көлеміне жетпейтін Вьетнамға әлі келмей ме, мүмкін бізден сескенетін шығар. Давай, құрдас, саясат екеуміздің не теңіміз, партсекретарь емеспіз, мына бір жартыны бөле-жарып ішіп алайық. «айға бата қылып отырмыз ба» депті ғой баяғыда біреу. Әй, осыны айтқан кісі – данышпан. Әй, Қойшының қатыны, қырлы стакан әкелші. Әншейін, бір жартымды үйде отырып өле ішкенше, құрдасыма барып бөле ішейін деп, өзімсініп шауып келгенім ғой, жақын жер болған соң. аузыңа уақып бол тегінде... Бастығы мен малшысы әмпей-жәмпей деп қалар.

Қойшы үндеген жоқ. Газетін оқи берді. Сосын облыстық газетті досына ұсынып:

– мына жерде бір зоотехник іс-тәжірибесін жазыпты, оқып алсаңшы, – деді.

– Әй, әкесінің аузын. мен өзімнен басқа ешкімге сенбеймін,

– деді.

«Егерменсенбесемші... Әй, дегенменештеңеге, ешкімгесен- бейтіндер жалғанды жалпағынан басып жүр-ау. Әйтпесе, бір сөзден қате жіберсе, басы кетпей ме газеттегілердің», – деп ойлады Қойшы. Бірақ ол ойын тағы да іркіп қалды. Не екені беймәлім, бұрынғыдай емес, Әйелі де салғырт, салқын жүрді. Ондық шамының жарығымен жалт-жұлт еткен зоотехниктің омырауындағы ромбикке қызыға көз тастап күрсінді. Бір


болымсыз сәуле (не қызғаныш, не үміт сәулесі болар) жүрегін шабақтады-ай... Қойшы жүз грамнан ары ішкен жоқ, ұйықтап қалып, күзетке шыға алмайтынын айтты.

– Іш, – деп тақымдады зоотехник, – қасқыр шапса, өлсе акт жасаймыз. мына жаман досың тұрғанда неден сасасың.

– малға сен ғана ие емес, басқа да сұраушылар табылады ғой.

– Олар менің сөзімнен шықпайды.

– Бір қарғаның көзін бір қарға шұқымайды дегенің ғой. Қасқыр тигенге емес, аурудан өлгенге арақ сұрамай қағаз жазып берсең, көп олжа мен үшін.

Олар үнсіз тағы отырды.

– Баяғыда сен бекер оқымай қалдың, – деді зоотехник.

– Құдай біледі, әжептәуір суретші болып шығар едің. Үлкен ұлыңның аздап икемі бар ма деймін. Әнеугүні салғандарын көріп едім...

– машықтанып жүргені рас. Өмір көрсетер. Кисті емес, таяқ ұстап кетпесе мен секілді.

– мен секілді қашып кетсін оқуға.

Олар тағы да біразға дейін ләм деспей отырды. Зоотехник:

«Қона кетсем қайтеді?» – деп ойлады. Оның ойын дөп басқандай, Қойшы: – Түннің бір уағы болды білем, қайтқаның жөн шығар, - деді. Әйелі жақтырмай еріне қарады. Бұл сәтте ол тұрайық дегендей орнынан көтеріле берген. Зоотехник те еріксіз ілесті.

Екі дос – ескі дос тысқа шыққанда, аспан ала бұлт екен. Бірақ жер бауырлай сусып жатар жаяу борасын бәсеңдеп, тау жақтан ежелгі ызғар еседі. ағараңдаған ойпат, қыраттар сонадайдан бір-бірін қуа жарыса жалғасып кете барған... кете барған. Қойшы зоотехниктің атын әкеліп, айылын мықтап тартып, қолтығынан демеп мінгізіп жіберді. Жылы үйден бірден суыққа шыққандікі ме, тітіреніп тісі сақылдап кетті. Зоотехник аздап қызу еді, сезген жоқ. Қара кердің үстінде шұлғып тұрып айтты, ойындағысын айтты:

– Сен маған ренжіп жүрген секілдісің.

– Неге?

– Біле тұрып, әдейі сұрайсың. Сен үндемей жүріп, бәрін сезесің, бәтір. Сен – данышпансың! Қайтесің, тек қолыңда менікі секілді бір жапырақ қағазың жоқ. Қатының екеуіңді шақырып шай да бере алмадық. Қаладағылар қазымыр келетінін өзің де


білесің. Балаң біздің үйде тұрып оқыса да, жарар еді, үй жетеді ғой, әйелім бірдеме деп күңкілдеп жүре ме деп қорқамын. ал осы күні әйеліңе ажырая алмай, арманда кетесің-ау. ләм десең, шауып кеңсеңе барады, оның үстіне партияда барсың. Осы күні қатыннан басқа жау қалды ма... Қатын тастаған жақсы атақ па?

– рас, біздікінің мінезі де шатақ. Бәріміз де бір-бір аю асырап отырмыз ғой.

– Уаһ! – деді Зоотехник қарқ етіп күліп, – біздің үйдегі аю кісі жейді ғой, кісі жейді. Әй, осы сенің де таппайтының жоқ. аю асырап отырмыз дедің, ә.

Қамшысымен Қойшыны нұқыды, сүйсінгені білем.

– ал қайт енді, тоңып қаларсың, – деді әлі де тісі сақ-сақ етіп көйлекшең дірілдеп тұрған Қойшы.

– Қондырмадың, қорқасың. Кет десең, кетейін. – атының басын оқыс бұрып шаба жөнелді. – Қорқасың! – деп айқайлап кетті.

Ертеңінде елең-алаңнан тұрған Қойшы үш баласын жайдақ шанаға салып, тұлыпқа салып алып, ауылға тартты. Оқуға әкетіп бара жатқаны. Сағат тоғызға үлгеруі керек. Түсте сабақтары біткен соң, қыстағына алып қайтады. Қыстайғы  әрекеті

– осы. Оқысын, жетсін дегені ғой. Баяғыда әкесі Қойшыны да өстіп қыстау мен екі ортада арқалап жүріп оқытқан: үміті адыра қалды. Ол ауыл мен қора арасындағы жолды таптап, таптаған сайын, асыл уақыттың да қоса рәсуаланып босқа өтіп жатқанын сезетін. Егер ауылда малшылардың баласы тұрып оқитын жатақхана болса, бүйтіп сандалмай шаруасын алаңсыз істей берер еді ғой. ал Қойшының істер шаруасынан көп не бар. Түнде Зоотехник: «Сенің уақытың көп, мендей емес, оқып аласың ғой», – деп кетті. мұрынға су жетпей жүргенін біле тұра, қылымсығаны несі, кекеткені де. Егер шын құлық қойса, айналдырған бес-алты газетті оқып шығуға уақыт табуға болады. Құр кеудеге салатын еріншек-ақ. Оқымайды-ау, оқымайды. Қойдың санағын алып, өлген-жіткенін түгендегенге мәз. Пенде дегенің өзін-өзі, бірін-бірі алдап өмір сүреді екен ғой. алдау керек, алдануың керек. Бойыңды болымсыз үміт және елестеп жүруі керек... Қойшы тұлыпқа оранып жатқан үш баласына қарады. Тұңғыш ұлы, Бұқтырманы қуалай қаптап өскен қалың қайыңды орманға телміріп, ашық аласы көп қара көзі мөлдіреп үнсіз жатыр екен. Балаң, уыз бетінде алаңсыздық


байқалғанымен, әр нәрсеге әуестік басым. Қойшы еріксіз ұлы қараған орманға көз тастады. аппақ жамылғы киген қайыңдар шала ұйыған айрандай кілкиді. Бергі шеттегі бәйтеректің басында бір топ қарғалар отыр қарқ-қарқ етіп.

– «Қарқ-қарқ», қарық болсаң, сендер қарықсыңдар, қой бақпайсың, балаңды оқытпайсың, әйелің жоқ құлақ етіңді жейтін, мүмкін сендер біз құсап алдап-арбап ғұмыр кешпейтін де шығарсыңдар. айтыңдаршы, мен неменеге қарықпын.

– Қойшының даусы шығып кетті білем, ұлы басын көтеріп: – О не, әке? – деді.

– Әншейін. Өзім ғой қарғалармен ұрсысып отырған. Тоңған жоқсың ба? – Балаларын қымтап жауып қойды. Торы шолақ шананы қасат қармен мықшия әрең тартып келеді. Жолдың шетіндегі әлі бұзылмаған қардың үсті айқыш-ұйқыш ақ тышқанның ізіне толы. Әлдекім таяқтың ұшымен атын жазыпты.

– Балам, – деді Қойшы ойын жинақтап.

– О не, әке?

– Сабағыңды жақсы оқы.

– Тырысамын ғой, әке... Сенің куәлігіңді сандықтан тауып алып көргенмін, – деді сонсоң ұлы әуестікпен. – Сен де жақсы бітіріпсің мектепті, үш-ақ төртің бар, қалғаны – бес, тәртібің де... – Қойшы жымиды. «Иә, менің тәртібім алты болатын». Оның есіне тағы да мектептегі өмірі түсті. Шынында да жақсы оқыдым ғой. Суретті қалай салушы едім... Әкесінің ойындағысын ұлы дәл басып: – Әке, атамның төр алдындағы суретін сен салдың емес пе, – деді. «Иә, мен салдым. атамның қырық жыл қой баққан өмірінен осы мен салған сурет қана қалды. мақтады, москваға көрмеге жіберді, бір сандық мақтау грамоталары бар еді. Бірақ оның қай-қайсысы да маған әке болмайды ғой. Жарықтық малдан басқа еш нәрсе ойламайтын. ары – малының садағасы еді. Қара тынымайтын сауатсыз болатын. Сонда менің әкемнен айырмам... он жылдықты бітіргенім ғана. ал қойды бәрібір сол сауатсыз кісідей баға алмай жүрмін. Сонда менің әкемнен озған жерім бар ма? Әй, білмеймін, жоқ та-ау. Өйткені... өйткені әкемнің әкесінен озған жері жоқ еді». Тағы да ұлына қарады. Ұлы енді аспандағы алашабыр бұлттарға тесіліп ауыр ойда жатыр екен. «мүмкін сен озық туарсың бізден». Кірпік қақпастан аспанға қарап жатқан ұлы: – Әке, атамның әкесі қой баққан ба? – деді.


– Қой баққан. Бірақ ол байдың малы-тын. Онан да анау бөктерге қарашы, қандай әдемі. Тура осы тұстан қарағанда сиырдың бүйрегі секілді буылтық-буылтық. Қарашы... Әне... қамшысымен мінгесіп-ұшқасқан аппақ адырларды нұсқады.

– Жоқ, әке, – деді баласы мойнын созып алға қараған күйі. Сиырдың бүйрегі екеу-ақ, әрі түсі келмейді. маған жусап жатқан қойға, немесе қар басқан бабалардың қабіріне көбірек оқшасатындай.

– рас, – деп , мойындай күліп жіберді Қойшы. – менен гөрі сенің суретшілік түйсігің күшті екен. Бәлкім озарсың! Үйдегі дүние жүзі суретшілері жайлы кітаптарды оқи бер. Тағы-тағы сатып әперемін, оқи бер, тек оқи бер.

Тор шолақ сыпыра еңіске тұяғы ілінгенде сау желе жөнелді: ауылға қарай Қойшының ендігі қалған бар үмітін сүйреп барады.

Қойшы бір баласын бірінші, екінші баласын екінші, үшінші баласын үшінші класқа тапсырды. Тұңғышы болған соң ба, осы үшінші оқитын ұлының сабағын қадағалап, қайта- қайта пысықтап сұрайды мұғалімінен. мұғалімі былтыр ғана институтты бітіріп келген қыз болатын. Елгезек, сыпайы өзі. Бүгін де Қойшыны өзгеше хош көңілмен күлімсірей қарсы алды. Әсіресе, қарағаны бір түрлі ғажап. Көзін төңкеріп, қаймықпай тіке қарайтын. Табиғатынан жуас Қойшы бір қырындай тұрып: «айналайын, осы ұлымның тағдырын тапсырдым өзіңе», – деп еді. Бүгін де сол сөзін қайталады. ал ол, Қойшы, бір адамның тағдыры әмәнда бір адамның қолында жүре- тінін білетін.

– Сіз сондай жұмбақты, қызық адамсыз, – деді мұғалім қыз. - Балаңыз зерек. Сонан соң суретті де жақсы салады. Сіз үйреткенсіз-ау... – Қойшы не дерін білмей, сасқалақтап қалды. Бар айтқаны:

– Таздан тарақ қалғалы қашан. Сурет біздің не теңіміз, – деді де, шанасына отырды.

– Түсте келесіз ғой, аға, – деді қыз ере түсіп. Үнінен өзгеше өзімсінер жылылық сезілді. Бұл үн Қойшының алысқа, тым-тым алысқа жолаушылап кеткен махаббатынан хабар жеткізгендей болды.

– Келемін. – Қойшы енді жалт қарағанда мұғалима қыздың сол орнында әлі тұрғанын көрді...

Қойшы көңілді қайтты. Неге көңілді қайтқанын әлі білмейді. Өн бойында бір сәуле кезіп жүретін. Қазір де жүрегін маздатып


келеді. Сол бір болар -болмас сәуле мүмкін мұғалім қыздың жанарынан тараған шығар. Бұл кезде қыстың шағырмақ күні басталып еді.

...Тасшоқының үстінде отырған Қойшы өткен қыстың бір тәулігін осылайша еске түсірді де, ауыр күрсінді: Сосын көз алдына тағы да мұғалима қыз елестеді. «Күлкісі жақсы, – деді күбірлеп. – Қадала қарап жымияды да тұрады. Толстой деген қауға сақалдың Наташасына ұқсас секілді. Бірақ одан гөрі ақылдырақ па қалай. Наташа ұшқалақ еді ғой. Тойып секіретін ол... Сонда артымнан неге қарап қалды екен... жас киік алғаш оғаш аң көрсе, осылайша қызықтар бәлкім». Енді қыздың бейнесі жоғалып, көз алдын қалың мұнар басты, тым қою мұнар. Сол қою мұнар арасынан мұғалима қызды көп іздеді, тағы бір елестер, тағы бір «не деген жұмбақ адамсыз, аға» деп, күлімсіреп, жанарын жалт еткізер деп іздеді, таба алмады; ендігі сәтте сезімін сипалаған жанашыр сәуле, қыз көзінен тараған сәуле де адастырып, мәңгі бақи ұстатпайтын сағымға айналды. Ол дәл осылай отыра берсе, енді бірер минуттан кейін бұл дүниеден аттанып кететіндей сезінді өзін. ал Қойшы о дүние жайында ойлаған емес, тіпті қолы тимейтін. айтпақшы, жазғытұрым өзін-өзі сынағаны бар.

Қой төлдейтін науқан – Қойшының ең бір азапты шағы. Күндіз-түні қозысы туып, өліп қалады екен деп, әр қойдың артын аңдып кеп жүргенің. алғашқы он күн бойы сақпаншы шықпай, жалғыз өзі зыр жүгіргені бар. Күніне қырдан қоржын- қоржын қозы тасып, әуреге түседі. Көбісі ақсыз туып, ашығып жатса, кейбірі жеріп, оны теліп, басы қатты. Көзі қарайып, белі талып үйіне келсе әйелі бажылдайды. Сөйтіп жүріп, әбден кетеуі кете итырықтады. Таң атқанша қойдың күзетінде отырып, тұңғыш рет ойлады, осы мен өмірге неге келдім деп, тұңғыш рет көңілі босап, жылап алды, еңіреп тұрып қатты жылады. Сосын ит қорлығын тартқанша өлейін-ай деп ойлады. Белбеуін шешіп қораның арқалығына байлады ды, тұзақтап басын сұқты. Буынын босатып отыра кеткісі кеп бір тұрды. Көзі дәл қазіргідей мұнарланғандай болды да, сол мұнардың арасын жарып, мұғалім қыздың сүлдесі болжанды. Оның жанында тұңғыш ұлы мұңайып төмен қарап тұрғандай. Олар болашақ үмітін сәулелендірді де, ақылға келтірді. Белбеуін шешіп, тағынып алды. Осынау ауыртпалық артта қалып, жарқырап жаз шыққан. Жарқырап жаз шыққан соң, бәрі ұмытылды.


О, жаз!

Жаз жарықтық ессіз ғой. Жан-жануарды масайратып, тыраң- тыраң күйге түсіретін. Ескі-құсқыны өртеп, ауланы аластап, жаңа шуаққа, жаңа игілікке қарық болған ауыл адамдары енді қайтып күз туып, қыс келмейтіндей одыраңдасушы еді. арқа-басы кеңейген жер мұртынан күліп, барын киініп жасанатын. алтай жазы ерекше көркем ғой. Бірақ осыншалық ғажап сұлулыққа да бой үйреніп кетеді екен. Әсіресе, Қойшы шаруасының қамымен жүріп, көп-көп қызықтан құралақан қалатын. Тіпті бұл өмірде қызық барына сенбейтін ондайда. Сосын жаратқан жаздың келтелігі сықылды өз ғұмырың да осынау қабағат ғасырмен мінтеліп, ұрланып босқа өтіп жатқанын ойлар. Қырда қой өргізіп тұрсаң, күн ұзын, қой күзетсең, түн ұзын, ал осы таусылмас күйбең тірлікте келте, аса келте өмірі өрілгенін бағымдамай да қалар. Өйткені әрбір тірескен қарекеттер, кейінге ірке тұруға болмас істер кимелеп, кеңінен ойлатпай, өз-өзінен есеп алғызбай, ағыстың (уақыт деген ағыстың) жал толқынында қалқан қағып, қармануға тал таппай, Қойшы ағып бара жатыр. Кейде осы кейпінде өзі дән риза секілді боп көрінетін. Кең пейілді жаздай жайлауға шыға сала, аздап сергіп, серпілетіні рас. Кейде Әйелінен ұрланып, көрші шопандарға барып, жылқышы ауыл жаққа қыдырыстап қайтатын. Тегінде Қойшы қымызды өте жақсы көруші еді (әрине, табылса). Кенезесі кеуіп келіп бір шарасын тартып жібергенде, маңдайынан тер бұрқ ете түседі. Сонсоң отардың шетіне келіп қисаятын, қисайып жатып, қалғып кетер еді. Қалғып отырып қойын талай-талай бытыратып та алған. Бытырап кеткен қой, бытыратып алған қиялындай, екеуін де жиып-тере алмай, әуре болатын.

Тасшоқының үстінде отырған Қойшы етекте тұнып жатқан қою мұнардан көзін тайдырып қосқа қарады. Жүрегі шайлығып, одан да көзін жылыстатып әкете беріп еді, қосқа қарай беттеп барған сыбай атты жолаушыны көрді. атқа отырысы Тасшоқының теріскейінде отырған Қойшы №2-ге ұқсайтын. Ол қостан шыққан әйелге бірдеңелерді айтып еді, әйел Қойшыны №1 отырған шоқыны нұсқады. Ол бері аяңдады. Бір қызығы бұл кісінің бүлк етіп желгенін көрмеуші еді. Үнемі ішіндегі баласы түсетіндей ілбіп кеп жүргені. Осы өңірде одан өткен бай жоқ. Кассада он мың сом ақшасы барын естіген. Оны өзі ешкімге айтпайды, ешкімге сырын шашып араласпайды


да. Оқта-текте №1 Қойшыға келіп, есендесіп қайтатын. Оны бұл ауылдың адамдары әсте өз есімімен атамай, «Шығайбай» деуші еді. Кейінгі туған балалар да шын атын естімеген соң,

«Шығайбай, Шықбермес Шығайбай» деп, ит қосып шуласатын. Оның елден ерек тайға таңба басты бөлекшелігі және бар. Керіскедей ғып жүкті жиып қояды да, үй-іші, қатын-баласымен бір-бір тонға оранып жерге жата кетер еді. мұнысы жиюлы тұрған жасауды бұзып қайтеміз, кірлеп-тозып қалар дегені- тұғын. Қойшы «Шығайбайдың» ауыз жарытып ас ішкенін де, жібі түзу таза киім кигенін де көрген емес. Бала-шағасын ірке тұрғанда, дардайларына дейін құйрықтары жылтырап, қара ала, торы ала болып жүргені. ал тапқан таянғанын, мал сатып ақшасын, шып-шырғасын шығармай кассаға сала берер... сала берер... Оны неге тыраштанып жиятынын, көзі тірісінде игілігін неге көрмейтінін еш пенде білмейді. Өлім-жетімге жиналған көмекке бес сом бермей қойды деп іштерін тартып, бастарын шайқасатын жұрт. Кейін келе – «Шығайбайдың» жер басып, қыбырлап жүргенін ұмытысып да кетіп еді. Иә, бүкіл ауыл-аймақ бұл өмірде бар екенін ұмытты! Ол бұл ауылдың адамдары үшін әлдеқашан өлген.

– Оу, неге қонақтап отырсың, – деді етектен жоғары сығырая қарап. – Бағана почтаға бұрылмай, ұмытып кетіпсің ғой, газетіңді ала келдім. – Қолындағы бір буда газетті аттан түсіп, тастың үстіне қоды. Қойшы шоқыдан секіріп-секіріп құлдилай бастады.

– Құлап кетсең игі еді, – деді «Шығайбай». – апыр-ай, ешкі секілді секиіп шықпайтын жерің болсашы.

Қойшы «Шығайбай» қатарласа отырды да, темекі сұрап еді, төс қалтасынан махорка алып ұсынып: – андағы газеттің бір шетінен жыртып ала сал, менде қағаз жоқ, – деді. Сосын өзі Қойшының бармақтай қып орап алған шылымына қимай қинала қарап отырды да:

– маған жартысын қалдыр, – деді. Қойшы ләм деген жоқ. Ішінен: «Жаның шығып кетсе де қалдырмаспын», – деді. Сосын осы газеттерді бір-бірлеп ақтара бастады. «Шығайбай» ойға қарап отырып айтты: – Ей, мына тұстан етек алақандағыдай көрінеді екен ғой, – деді басын шайқап таңданып.

– Соны жаңа көрдіңіз бе, отағасы?

– ары-бері жүріп, бір байқасамшы тіпті. анау дөңестің ар жағында сенің қыстағың бар емес пе?


– Ие, бар.

– Әй, сенің қораң жақсы осы. айырбастайсың  ба?

– Жоқ, отағасы. Бар артықшылығым – қыстауды қалқалап тұрған жалғыз дөң еді, соны да көре алмай қызғанасыңдар-ау.

– Неге, білімің артық. мен секілді үш-ақ класс бітірген жоқсың. айналдыратының ала қағаз. Есіңде болсын, шырағым, қойшыға қой бағуға білім, қағаз керегі жоқ, таяқ керек.

– Сіздің айналдыратыныңыз да сары ала қағаз ғой...

– Әй, осы неге былшылдай бересіңдер, бір емес, екі емес. мен жайып жүрген қойды сен де бағып жүрсің. аузыңды қу шөппен сүртесің де отырасың. Құдай біледі деп айтайын, күні ертең, жаман айтпай жақсы жоқ, қойдан шыға қалайыншы бірің бір үзім нан беремісің. мен сен емес, алдағы он жылымды ойлаймын.

– Қойдым, қойдым, отағасы. Жапан түзде шал да құрдас,

– деді Қойшы, «Шығайбайдың» қызарақтап ашуға міне бастағанын көріп. – Бірақ шыныңызды айтыңызшы, осы заңғар тауда екеумізден өзге тірі пенде жоқ қой. Неше мыңыңыз бар?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.