Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 24 страница



Қалтада жүре-жүре әбден саталақтанған малтаны екі жігіт кезек-кезек кеміре бастады. мақау да дүлей таудың мазасын алып, зәресін ұшырған ДТ-54 күні кеше ғана дәл осы мезгілде өзі салған орма жолмен қайқая өрлеп бара жатты.

Қасаттанған қарға батып, қатыңқырап қалған ағаш шананы айналып өтіп шегінді де, солқ етіп тоқтады. Трактор тоқтар- тоқтамастан жерге қарғып түскен Бақытжан қолымен ымдап; әлі де шегіне түс деген белгі жасап үлгерді. ал өзі шананың зілдей ауыр темір мұрындығын мықшыңдап көтеріп, ілгешек тесігіне дәл келтірді. Қарды тепкілеп тиекті іздеп еді, таппаған соң, дауыстады: – Гусеницаның палцысын әкелмесең, тиек жоғалып қалыпты, – деді. Нұржан лақтырған саусақ темірді тесікке тығып, балтамен ұрып кіргізді. Одан соң, көз ілеспейтін шапшаңдықпен кабинаға қайта секіріп мініп: – Бісмілла, ал аттандық! – деп көзінен от шаша алға қарады.

Кешеден бері ит әуреге түсірген кері баққан шананы сүйреген ДТ-54 еңіске қарай құйрығына шелек байлаған атша зымырай жөнелген. Тәулік бойы өлім мен өмірдің арасында өткен асқаралы күреске мойымағандар... жеңіске жетті. Олардың ендігі мақсаты – айыртаудың арғы етегіндегі Огневка аулына ілігу. Сонда түнеп шығып, жөн сұрап, күзден қалған шөптің негізгі жобасын табу. Сөйтіп, бір мая шөпті шанаға ыңырандыра тиеп, асу арқылы емес, ауыл-ауылдың арасын қосып жатқан күре жолмен шеңбер жасап айналып, есі барында елін табу. Әрине, ұзақ та болса – қысқа жол тек сол болмақ.

Шананы аман-есен тіркеп алып, көңілдері хош қалпымен жоғарыдан төмен құлдилағанда аманжан бағанағы орнында әлі жатыр еді. Сонадайдан қарағанда, қар үстінде қарайған адамды тірі деп, топшылау мүмкін емес. алғашында ашумен, қырсығып жатқан шығар деп мән бермеп еді, тіпті тура қасына келгенше қыбыр етпеген соң, шошынысып қалған.

– мертігіп қалмасын, – деді Нұржан.

– Сүйек сындырар соққы менің қолымнан қайдан келсін. монтансып жатқан шығар.


ДТ-54 – тапалап кетердей болып, тұмсығының алдына келіп тоқтағанда да аманжан тырп етпеген. Сол, алысқа... қар басқан таулардан жоқ іздегендей, қадала қарайды. Кабинаның есігі ашылып, Нұржанның басы қылтиды.

– Тұр енді, астыңнан суық өтеді. Кеттік, – деп дауыстады. аманжан үндеген жоқ, бедірейген қалпы – сұп-сұр болып жата берді. Трактордан қарғып түсіп, қасына келген Нұржанға назар салмады. Қолынан тартып: – Жүр деймін. Өкпеге қисақ та, өлімге қиямыз ба бір-бірімізді. ағаттық сенен де, бізден де кетті. Кінәласар тұс бұл емес.

Бұл кезде Бақытжан да шыдай алмай жетіп келіп қалып

еді.

– Битке өкпелеп тонымды отқа салмаймын, – деп керги

тұрды орнынан. Бірақ аманжанның, осыншалық, аяғының басын қайқайтып кімге бұлданатынын екі жолдасы түсіне алмады. Сондықтан да әлгі бір ауыр сөзі көңілдеріне келмеді. Үйден үшеу болып шығып, екеу болып оралу мүмкін емес, ертең аманжан олай-бұлай болып кетсе, тағы да екеуі жауап беретіні шәксіз. Ендеше, аманжан бұлданбағанда – кім бұлданады. Бірақ аққу, шортан, шаяндай әрқайсымыз әр жаққа тартып, шалқасынан түсер шатаққа баруға құқымыз бар ғой. Тым құрығанда осыны түсінбегені ренжітіп еді Нұржанды. Өзінің жүрегі бос, тым-тым көңілшек, ақша қардай тазалығына тұңғыш рет жыны келді.

аманжан тракторға керенау көтеріліп, үйреншікті орнына шалқалай жайғасты да, көпке дейін әңгімеге араласпай томаға- тұйық оңаша отырды. Ең алғашқы сұрағы да түйеден түскендей еді.

– Ей, ляуқи, – деді Бақытжанға. Бұрын аяқ алдында, темір жәшіктің үстінде бүрісіп, қалғып отыратын оны аяғымен бүйірінен түртіп қалушы еді, бағанағы соққы есінен әлі кете қоймаған секілді... – Сен... оқтай атылған шапшаңдықты, кереметтей ауыр соққыны қайдан үйрендің?..

мойнын ішіне алып, трактор ырғағымен басы изектеп отырған Бақытжан мырс етіп күліп жіберді.

– Қайдағыны сұрайсың-ау. Қалай атылғанымды, қалай, қай жеріңнен ұрғанымды өзім де білмеймін. Сенің аузыңнан өмір бақида естімеген сөзің шыққанда, миым ып-ыстық болып кетті де, бір тылсым күш орнымнан жұлып алып, лақтырды да жіберді...


– Сенбеймін, – деді аманжан темекі іздеп, қалтасын қар- манып. – Бәрібір сенбеймін. Нұржан үйреткен шығар. Екеуің маған жабылу үшін ертеден дайындалып жүргендеріңді сезуші едім.

– Ондай арам пиғылға барма, – деді Нұржан. – Сенде бес

– бересі, алты – аласымыз бар ма. Жоқ болмаса, әкемізді сен өлтіріп пе едің...

– рас-ау,– деп қалды Бақытжан қопаңдап.

айнала аппақ қар. Қақаған аяз. ДТ-54 – еңіске қарап, табанынан қар боратып зырлап келеді. алыстан, қар шағыл- дардың арасынан... сыңсыта салған, мұңлы ән еміс-еміс естіл- гендей...

айыртаудан батыс жақ сайлауына ілінгенде сонадайдан қараңдай жүрген адамның сүлдесі болжанды. Үшеуінің де көздеріне жас ала қуанған сәті осы еді. ақ қар, көк мұздың ортасында адасып, сергелдеңге түскен азапқа толы күндер мен түндердің алғашқы адамын аймалап, сүюге бар.

– Ура, әкіри! – деді жас балаша мәз болған орнынан қарғып тұрып. Басын кабинаның аласа төбесіне тоқ еткізіп соғып, тілін тістеп алса да ауырсынбады.– Құмардан шыға бір рет сорар шайы бар болса, не арман... Өкінішсіз көз жұмар едім.

– Әй, қайдам, шылымыңды езуге қыстыра сала тамақ, қыз іздер ме едің. – Бақытжан бұл болымсыздау қалжыңыма ашуланып қалмады ма деп бетіне жалт қараған. Бірақ оның тоттанған қара күрең жүзінде майда ғана жымиыс бар екен.

– Ол да ғажап емес, пенде дегенің мәңгі қанағатсыз ғой,

– деді салмақпен. Нұржан болса трактор құлағымен алысып отырып, екі досының жалғыз-ақ күнде күрт өзгерген мінезіне қайран қалды.

Жігітгер жақындағанда тотияйындай көкпеңбек шөпті күрт-күрт жеп, кәперсіз тұрған ат қос құлағын тіге осқырынып еді, иесі қолындағы күрегін тастай бере ұмтылып, тізгінге жармасты. Қардың астында жұмыртқадай жұмырланып жатқан отау шөптің қарын жартылай ашып, шанаға бірер айыр тастап үлгеріпті. Трактордан қарғып-қарғып түскен соқталдай үш жігіт жарыса:

– ассалаумағалейкум! – деп жамырай амандасты. алпысты алқымдаған мұртты адам алғашында көктен құлағандай сап ете қалған жолаушылардан сескеніп қалғаны рас еді. Жау емес, ұрымтал келген ұры емес, уыздай ғана жас қазақ балалары екеніне көзі жеткен соң, қарсы жүріп, қолын беріп есендесті.


– Иә, жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсіңдер?

– Сіздерге көрші Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, Фадиханы асып, күзден қалған пішенді алып қайтуға келеміз.

– Жөн, жөн,– деді ол күрегін қайта алып. – Бірақ қыстыгүні Фадихадан тура тау асып түсер жол жоқ еді. Қалай ғана қамалып қалмай шықтыңдар?

– Ендеше, сол жолды біз салдық, ақсақал, – деді аманжан.

– Шынында да, бұларың ерлік екен, – деді ол. алақанына шырт түкіріп, маяның қарын тазалауға кірісті. – Бұл жолмен қыстыгүні бұрынды-соңды ешкім жүріп көрген жоқ.

– Түнде қонған үйдің иесі: «Осы айыртаудан асуға болады; жол сайрап жатыр, мен алдыңғы күні ғана-ақ қарап келдім»,– деп жөн сілтеген соң жол қысқартайық деп тәуекелге басып едік, адаса жаздағанымыз рас, ақсақал, – деп, Нұржан шынын айтты. Шал мұртын сипап, басын шайқады.

– Жөн сілтеген адамның аты-жөнін білесіңдер ме?

– Білмегенде. Ол кісі бізді таң атқанша тұтқында ұстады.

Есімі – Қоңқай.

– Әй, атаңа нәлет-ай! – деді шал бір күрек қарды құшырлана лақтырып жіберіп. – Осыдан үш-төрт жыл бұрын тағы бір қызды алдап, анау құзардың шатқалында ат-шанасымен қатып қалып еді. мысық тілеуінен айнымаған деші. Қонған кісіден ақы алатын ауруы да қалмаған шығар. Ол жалмауыздың маңдайына адамды алжастыруды жазған. Қоңқай адастырады, мен тауып аламын. Өзіне өкіметтің де, құдайдың да тісі батпай-ақ қойды.

– Беріп едік алмады,– деді Бақытжан. Бұдан соң, трактордан өз күректерін әкеліп, шалға көмектесе бастады. Енді шалдың күрегіне Нұржан жармасты.– «Жақсы» кісі екен...

– рақмет, шырақтарым. Ол шалға құдайбірдеңеберейіндеген екен... – деп белін жазған ол әлі де Қоңқайдың иттігіне налыған сыңаймен: – асудың дәл аузында жалғыз үй боп отырып алады да, әрі-бері өткен жүргіншілерді теспей сорады. маған салса баяғыда атып тастар едім, құтырған иттей қыңсылатып. Сендер шөп үйген жерден сәл қиыс, батысқа ойысып кетіпсіңдер,– деді көзін сығырайта тауға қарап. – Бүгін біздің үйге еру болыңдар, ертең ерте өзім ертіп апарамын.

мықынын таянып тұрған аманжан: – Ей, шал, темекің бар ма?– деді.

– Жоқ, шырағым, насыбай атсаң берейін.

– «Боқ жаман емес, жоқ жаман» депті қарға, – деді де шалдың шақшасына қол созды.


– Әй, шырағым,– деді шал жап-жас жігіттің тік сөйлегенін жақтырмай. – Қызымды алмасаң, алма, бірақ жамандама деген сөз және бар.

– Оның сондай – әкесіндей адаммен қалжыңдасатын әдеті бар. Әсіресе шалдарды көрсе, көзі қанталап шыға келеді. – Бақытжан жуып-шайған болды.

– Әзілің жарасса, атаңмен ойна. Көңіліме дік алып тұрған жоқпын... Е, қалай екен, бәлем. Енді ішің өткенше түшкіресің... мұрнына атқан насыбайды сіңбіріп, түшкіріп-пысқырған аманжанға бәрі мазақтай зілсіз күлді.

– Насыбайы құрысын, – деді ол тынышы кетіп.– Танауым қаңсып түсіп қалса да, жолайтын дүние емес екен.

– Өзіңе де сол керек, әкіри, – деді Бақытжан. – Кешегі менің есемді ақсақал қайтарды. ақылың енді кірген шығар.

– ата, (бұл сөзді Нұржан айтқан) ат-шанасына шоқайтқанша бір отау пішеніңізді трактор шанасына бір-ақ тиесек, әуре болып қайта-қайта келіп жүресіз бе?

– Қайдан білейін, қарағым, өздерің жол сорып, аяз сорып шаршап келесіңдер.

– Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек. – Бұл сөзді есін әрең жиған аманжан айтты; Қарап тұра беруді әбес көрді ме, ол да амалсыз күрек алды қолына.

– Жақындат тракторды, – деді Бақытжан шіреніп. – Ұрыста

– тұрыс жоқ.

Сойталдай үш жігіт және шал бір отау шөпті трактордың бөренеден қиып жасаған дәу шанасына әп-сәтте тиеп алды.

айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние...

алыстан, қар шағылдардан естілетін мұңлы ән, бірте-бірте жақындай түскендей...

айыртауды етектеп қыстаққа келіп жеткенде көз байланған. Шанадағы шөпті қораға түсіріп, трактордың суын ағызып, жалғыз бөлмелі сығырайған терезесі бар ағаш үйге кіргенде, қас қарайып, көз байланған, бұл үй үш жігітке кең сарайдай көрінді. ықтасынға салынған қыстақта жұпынылау өмір болғанымен, үлкен жүрек, кең пейіл аңғарылған.

Бұл жердің құлаққа ұрған танадай тыныш тірлігін тек ұзыннан-ұзақ созылған жабық қорадағы мөңіреген сиыр мен бұзаудың азан-қазан үні бұзады екен. Бұл жердің тағы бір ерекшелігі – қыстақ жанынан буы бұрқырап, жылып ағар


бұлақ, бойы тал-терекпен көмкерілген және оңтүстіктегі биік таудың теріскейі – ағашты, тегінде, алтайдың қалың орманы осы тұстан басталатындай. Егер дәл осы қыстақтан тұп-тура солтүстікке бет түзесеңіз, атақты ХаТыНЬ өзеніне ат басын тірейсіз, ар жағы россия. «Ішкері жақ» деп аталар бұл өңірдің ала-бөтен ерекшелігі де сол – алтайдың басқа жерлеріндей емес, әзірше құйқасы бұзылмаған тың: аяз аз тиген, ағашы мен аңы да әзірге аман. Қысы қатал, жазы жайсаң таудың тағы табиғаты техника ырқына көніп, бағына қойған жоқ. Соңғы құрғақшылыққа ұшыраған үш жылда сонау Бұқтырма бойын жайлаған тамам ел қиындығына қарамастан мал азығын дайындап, шамасы жеткенше тасып әкетіп жүр. Келімді-кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сөндірмей, осына шалғайдағы алтайдың сыңсыған жынысы талай рет өртке шалынды. Өткен жазда мұқым тегіс жанып, жүздеген солдат келіп әрең өшірген. Дегенмен соңғы бес жылда жарықтық ішкі алатайдан да күй кете бастап еді.

алқа-қотан қоғамдаса дастарқанға отырғанда үй иесі шал айтты:

– Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз. Бізден ары ел жоқ – иен. Ел жоқ дегенде мүлдем адамсыз емес, таулы алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар кездеседі немесе бұл жердің табиғатын қызықтап жүрген туристер жаз айында шұбырып жатады.

ағаш үйдің тері қаптаған есігін сықырлатып кіріп-шығып шәй жасап жүрген кемпір аса пысық адам емес секілді- ау. Бәлкім, қарттықтан ба, мүмкін, салақтықтан ба, түтіні басылмаған ескі жез самаурынды әрең дегенде қайнатып әкеліп еді. Ішіп-жемнің берекесі де онша болмады. Бір жарым тәулік нәр татпай, үсіп-жығылып келген үш жігіт жылы үй, құрт- ірімшік қосқан ыстық шайдың өзіне масайып, терлеп-тепшіп өлердей сораптаған. Әрі-беріден соң, манаурап, ұйқылары келе бастады. Әсіресе мұрнының үсті шып-шып терлеген Бақытжан қалғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздайды.

– адам баласы көрге кіргенше не көрмейді, шырақтарым,– деп, шал шалқалап жүкке арқасын тірей отырып насыбайын баппен атады,– бәрі де тіршіліктің қамы, үйреніп кеткендіктен бе, мал бақпасақ отыра алмаймыз. Қолына қарап, асырап- сақта деп бұлданып жатып алар ұлымыз жоқ, жалғыз қызымыз


бар, оған да обал болды, шырғалап бізді тастап ешқайда кете алмайды. Оған да обал...

Иә, өлмейін деп өкпе жеген заман да... Әй, кемпір,– деді сонсоң дауыстап,– алмажан бүгін кешікті ғой, жас бұзаулар- мен алысып жүр-ау, жалғызым.

Тек Нұржан ғана болмаса, ана екеуі шалдың әңгімесін зауықсыздау тыңдады. Бақытжан бағана жантайып жатып қалған. аманжан, ол да шұлғып, екі көзі қанталап, үсік денесін ашыта ма қыржиып мазасы болмай отыр. Бұрыш жақтағы темір пештің оты маздай жанып, екі бүйірі нарттай қызарып кеткен. Болар-болмас сәуле шашқан шаңырақсыз шамның жарығы ала көлеңке үйдің мұңлылау шырақшысы. Іргеде ескі ағаш төсек тұр. Сол төсектің басына қыздың киім-кешегі ілінген. ал әлгі төсек тірелген қабырғада ақ матаға кестеленіп салынған көк кептердің суреті қағылған. Нұржанның ойын айтпай-ақ оқығандай шал: – алмажанның көгершіні ғой, – деді қанатқа қағылған суретке қарап. – Жарығым, өзі де тордағы құс секілді жалығады. Әйтеуір, бар ермегі – кітап, күндіз-түні бас алмай оқи береді. Қыста туған он шақты сауын сиыр бар, сүтін сауып, анау ойдағы Огневкаға шанамен апарамыз. Соның бәрін алмажанның жалғыз өзі атқарады. Былтыр мектепті бітірген соң, тиын-сиынды жиып берейік, қалаға оқуға бар десек, көнбеді. «Сендерді кімге тастап кетем», – дейді, жарығым...

– Дегенмен, қиындау, ақсақал, қиындау. Жас жүрегі екі жастың біріне келмей құсаға толады ғой, – деді Нұржан.

– Енді қайтеміз... Үлкен жерден қаға беріс, тау арасында жатырмыз. Кейде ақымақ болса да адамдарды, көрсоқыр болса да көрші-қолаңды сағынасың. Осыншама саяқ тартып жүре берсек, Қоңқайға айналып кетерміз деп шошынамын.

Нұржан айтты: – Үлкен жерді аңсап та керегі жоқ-ау. Өйт- кені үлкен елдің – үлкен дауы болады... ал Қоңқайдың тірлігі басқа ақсақал. Ол кісі жалғыздығым – еркіндігім деп, алдына келсе тістеп, артына келсе теуіп ешкімді маңайлатпайды.

Сиыршы шал насыбайын құшырлана иіскеп отырып айтты:

– Оттапты. Көпшіліктен қорқады ғой, қорқады қорқауың... Ол да бір көзге шыққан сүйел. Он екіде бір гүлі ашылмаған қыздың обалына қалды.

Жігіт елең ете түсті: – Сол оқиғаның анық-қанығын айтып беріңізші? – деп шалға қолқа салды. – Біздің жақта әркім әр саққа жүгірткені болмаса, шындығын ешкім білмейді.


Екі жігіт пысылдап ұйқтап жатыр. Кемпір кіріп-шығып жүр.

Үй иесі әңгімесін бастады:– Балам, ол бір қорқынышты оқиға. Осыдан екі-үш жыл бұрын, он сегіз жасар жолаушы қыз жөн сұрап Қоңқайға жолығады. Қыстақтағы шешесі қатты ауырып, ат-шанасымен Үлкен жердегі ауруханаға апарады да, қайтарында әлгі жалмауыз шалдың жалғыз үйіне тап болады: Шалдан: «ата, асуда жол бар ма, тау айналып жүргенше тіке тартып кетейін деп едім. асығыспын, ата, қорада қамаулы қой қалып еді», – деп ақыл күтеді. Бұғының қанын ішіп, көзі қарайып отырған шал әлгі қызды тарпа бас салып, жұлмалай бастайды... Түн ішінде шырылдап әрең дегенде жалаңаш, жалаң аяқ қашып шыққан қыз... ақ қар, көк мұздың арасында адасып, тіпті ызым-ғайым жоқ болған. Не бөрі жегенін, не үсіп өлгенін күні бүгінге дейін ешкім білмейді. Кейбіреулер айтады: «Ол қыз қарға айналып кетіпті. Қыста осы тауды шарлап ән салып жүреді екен де, жаз шыға жер астына түсіп кетеді екен». анау бір күні біздің кемпір айтады, өтірік-шынын қайдам (кемпір далаға шығып кетті.) Қораның сыртына дәрет сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, бейне бір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ, қыз тұр. Шошынып шалқамнан құлап қалдым дейді. Ол да мені көріп қолтығымнан көтеріп  орнымнан  тұрғызып,  жанары  мөлдіреп  қарады  да:

«Елге, адамдарға сәлем айт, апа, енді мен ешқашан да адам болғым келмейді», – деп, зым-зия жоқ болып кетті. Жүзін анық байқай алмай қалдым. Бетінде ақ торғын пердесі бар дейді бәйбішем. Әрине, мен сенбедім. ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант-су ішеді.

Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кірді. Шалының сөзшең болып кеткенін жақтырмады білем:

– Қақсамай, балаларға ұйқы бер, – деді.

– Былтыр қыста елікке қақпан құрдым. Құдайдың құдіреті, қақпанға түскен елікті белгісіз біреу босатып жіберіпті. адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ. Егер түн ортасы ауа далаға шықсаң, біреу ән салып жүргендей сыңсыған дауыс естисің... Қызық, әйтеуір. Өз қызымызды да түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық. анау... төр алдындағы бейнесі жіппен өрнектелген сол – Қар қызы. алмажанның ойлап тауып жүргені ғой...

Нұржан қар қызының төрдегі суретін жаңа байқап, таңыр- қай қарады.


– Шынында да, ертек сынды ғажап дүние екен. Сол жұмбақ қыз менің де түсіме кіріп жүр.

– алмажан да «түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып кеттім», – дейді. ал менің түсіме бір рет те кірген емес, шырағым.

– мен бір нәрсеге қайран қаламын,– деді Нұржан майда қоңыр үнмен. Шаршаңқы тартқан жүзі ала көлеңкелі үйде анық ажарын болжатпағанмен, осынау жас жігіттің ойшылдығын, әр нәрсенің байыбына бармай тынбайтын мазасыздықтың нышандарын сезуге болушы еді. Насыбайын атып, малдас құрып отырған шалдың көкейін тескен Нұржанның жасына сай келмейтін көшелігі, сыпайы ашықтығы, балаша аңқау тазалығы-тын. «Әттең, осындай ұлым болса», – деп арман қылар азаматың осындай-ақ болар. Сиыршы өз-өзінен күрсін- ді де, жігіттің сөзіне ден қойды. – Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың ортасында екі адам мекен етесіздер. айыртаудың күнгей бетінде – Қоңқай, теріскейде – Сіз. Екі түтін – екі басқа мінез, екі басқа тірлік... Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас мүлдем жат бөтендік арасын тау бөліп жатқан алтайды қойып, қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында қаншалықты мол десеңізші... мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-тамаша қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы қиян айдалада отырғаныңыз. Қоңқайдың жөні бір басқа.

– мен, шырағым, Қоңқай үшін отырмын, – деді сиыршы.

– Түсінбедім ғой.

– Түсінбейтін не бар. Ол адастырады, мен тауып аламыи. монданақтай жердің бетін, бір жақсы, бір жамандық жайлаған. ал егер мен осы айыртаудан көшіп кетсем, Қоңқай зәлімнің жеңгені ғой. Осылайша аңдысып өмір жалғасады. Тегінде, сенің де өз Қоңқайың бар. Басқалардың да...

– Қызық пікір екен, – деді Нұржан ойланып. алабарқын үйде күреңіткен жүзінде тағдырдың көп-көп қойнау, қалтарыстарын түсіне алмай, өз-өзінен көндігу, мезгілсіз жүдеу бар.

– Жатып, дем алсаңдаршы. Әй, шал, ертегің аяқталса балаға маза бер,– деп кемпірі алая бір қарады да, ыдыс-аяқты жинастыра бастады. Екі жігіт кәперсіз ұйқтап жатыр.

– Қазір-қазір, бәйбіше. Төсегіңді қамдай бер, мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, ұлым, – деді Нұржанға, – анау жігіт неше жаста?


– Қайсысы?

– анау, ұзын бойлы, сүйегі ірісі.

– Ә-ә, аманжан ба?.. менімен жасты, жалпы, осы үшеуміз де даңқұрдаспыз – жиырма үштен астық. Қартайып барамыз, ақсақал.

– Қарттықтың аулы сендерді қойып, маған да алыс... Шешесі тірі ғой ана жігіттің?

– Тірі. Бірақ аурушаң. Көп сөйлемейтін тұйық кісі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.