Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 20 страница



Состиып, ит көрген ешкідей тұра берудің ендігі реті жоқ еді. Іштеріндегі ересегі ақай бастап шоланға шығып, сырт киімдерін шешіп, екеулеп бұрап, суын сықты. Нұржан жалма- жан отыра қалып керзі етігіндегі шүлпілдеп тұрған суды төкті. Түнгі қонақтарының әр қимылын қалт жібермей баққан үйдің иесі әйеліне тамақ әзірле деп әмір берді. Төргі бөлмеден шаштары үрпиіп екі-үш баланың басы көрініп еді, ұйқтаңдар, кісі көрмеп пе едіңдер – деп зекіді. Буы бұрқыраған жоян табақ борщ алдарына келгенде анасынан қайта туғандай жасады-ай. Пештен жаңа ғана алған ып-ыстық нан, пештен осы әзірде ғана алған ып-ыстық көжені азып-тозып келген үш жігіт мұрындары шуылдап армансыз ішіп-жеді-ай. Үнемі қылтылдап тұрар пенде шіркіннің көңілі бағана жақсылық атаулымен қайтып оңалмастай болып зәрезептене жеріген еді, енді міне сол екі қолды төбеге қоя безінген адамдардан айтып жеткізгісіз дарқан көңіл тауып, паналап отыр. Жұмыр басты пенденің бәр-бәрі бірдей еместігіне имандай иланды-ай. Қаужаң-қаужаң тамақ жеп, ар жағына ел қонып, суық сорған денелері қызына бастаған жолаушылар нардың үстінде қозғалмай отырған орысқа түстеп қарап еді, өз көздеріне өздері сенбей қайран қала таңырқады. Бірақ ешқайсысы да сездірген жоқ, іштерінен тынып, үнсіз түсініскен. Үй иесі орыстың екі аяғы тізесінен жоқ, томардай шолақ екен. Дегенмен, ол да жігіттерді ыңғайсыз әсерден өзі-ақ арылтқысы келді ме: – Екі аяқты Гитлер алып қалған. 1945 жылғы 8 майда минаға түсіп қалдым, – деді. Ол бұл сөзді немкетті, бүгін күн бұлтты екен дегендей жай айта салып еді.

– мен сол ГДр-да служить еттім, – деді Нұржан тек отыр- май. Өзін ретивых деп таныстырған мүгедекке қарап.

– Қалай, ұнады ма? – деді.


– Халқы таза, тиянақты, біздей емес пысық.

– Бірақ дүние жүзіндегі атақты данышпандар да, атаңа нәлет жауыздық та сол сен мақтаған халықтан шығып жатыр- ау, – деп әлдене ойына оралғандай күрсіңді. – ал, жатып дем- алыңдар, шаршаған шығарсыңдар. Биылғы құрғақшылық сендердің аудандарыңа қатты тиді ғой.

– Өзі соңғы жылдары табиғат та өзгеріп барады-ау, – деді бағанадан жақ ашпай тосырқаңқырап отырған ақай. Жылы үй маужыратып, ыстық көже буынына түсті ме, Қайкен изек қағып, қалғи бастаған.

– Өзгерген ауа райы ғана ма екен, ел де баяғыдай емес... Құдайын ұмыта бастады, – деді ретивых жұп-жұмыр шолақ тізесін сипап. мүмкін, әлі де сыздап ауыра ма, әлде бұрыннан сипай-сипай әдеттеніп кетті ме белгісіз.

– Ол өзгерісті осы жолы көрдік, – деді ақай. – Сіз болмаған- да таң атқанша жауынның астында қалар едік.

– Жалпақ жерден қаға беріс, тым шалғайда тірлік құрған адамдар тағыланып, бөтен мінез танытары рас. ауыл-үймен араласпаған семьяның баласы да кісі жатырқағыш келмей ме. Бұл ауылда тек кілең кержақтар ғана емес, кержақ болып кеткен қазақтар да баршылық, – деді де, қонақтар шамданып қалды ма дегендей, әңгімесін әзілге шаптырды. – Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой. Неғұрлым байыған, тұрмысы түзелген сайын тәубесін ұмытқыш келеді. Екі аяғым бар болса, мен де қондырмас па едім, қайтер едім, а, маша?!

ыбырсыған ыдыс-аяқты жуып, бәкін-шүкін үй ішінің шаруасымен жүрген толық әйел жымиып күлді де:

– Уыздай жас кезіңде, иә, сау кезіңде сенен қатал, сенен тәкаппар ешкім жоқ болатын. Патшаға сәлем бермеуші едің. мені де менсінбегенсің. Соғысқа дейін соңыңнан ермеген қыз қалып па еді. Сені қармағыма түсірген соғысқа рақмет,

– деді жарасымды, әрі жайдары мінезбен. Бәрі жамырап күлді. Қалғып отырған Қайкен де түкке түсінбесе де, өз алдына ыржалақтаған-ды.

Ол жатқан соң да көпке дейін ұйқтай алмады. Көз алдынан нардың үстінде Будда құдайы сынды қасқайып, жүрелей отырған ретивых көлденеңдеп кетпеп еді. Жер бетінде мүге- дектер болмаса көз еті өскен жұрт ұяттан баяғыда жұрдай болар- ау деп ойлады. Жер бетіндегі адамдар тек бір-бірі үшін ғана


туарын ойлады. Жер бетіндегі адамдардың өлісі тірісінен, тірісі өлісінен айырмашылығы жоқ па екен деп ойлады. Жер бетіндегі қыбырлап өмір сүріп жүрген адамдардың тек қызық үшін ғана емес, қайғыны да қарсы ала білер қарапайымдылығын ойлады. Сол іспетті жер бетіндегі адамдардың қайратына қайран қалды. Неге екені белгісіз, оның есіне сексенге келген әжесі түсті. Өткен жылы басқыштан құлап, аяғын сындырып алған. Сонда ауданнан келген жедел жәрдемге салып жатқанда әжесі: «Әй, Нұржан, – деп еді, – сынған аяғымның басы теріс бұралып қал- ды, былқылдатпай ауната салшы», – деп еді күліп. Сонда әжесі- нің қайраты бұған үлкен медет болған. Және сол мықтылықты маған дарыта көр деп іштей тілеген-ді. Қарашаның нөсері толастамай ең соңғы әнін айтып, таң атқанша той тойлап еді. Шатырға тиіп тасырлап, терезені сабалап, жым-жырт жатқан жуас халінің мазасын алады. Кейде нөсер қайдағы-жайдағы оқиғаны еске салып, белгісіздеу мұңға, алыстап құспен бірге қайтып кеткен арманыңды шақырғандай болады. Сол ұзатылған қыздай сыңсып кеткен арманың қанаты талғандай жақындап, жабырқау тартқан жаныңа қауырсынымен су себелегендей ме, әлде тағатсыз қаққан қанатының суылы естілгендей ме, әлде мәңгілікке – құзарға құлап өліп тынғандай ма... әлемнің түкпір- түкпірінде не болып жатқанынан бейхабар, дел-сал ұрлық өмір кешкен шағын ауылдың өз мерекесі, өз қасіреті – өзінде. Үлкен картаның бетінде жоқ. Оған симай қалған кішкентай ауылдың әрқашанда үлкен арманы болушы еді.

Тағы да таң атып, ертең басталғанда берекелі үйдің шайына қанып, рақметін айтып сыртқа шыққанда үш жігіт тағы да сарсаңға қалған-ды. Бұлардың бар-жоғын ескермей, жарыла қашқан жеті жолдасы алаң-елеңнен тұрып, ойға түсер трактордың тележкасына мініп кетіпті. ары жүгіріп, бері жүгіріп, амалы таусылған үшеуін тау арасындағы танымас ел Огневканың дәмі жібермеді. Етекке түсер көлік жоқ, сәтсіздік деген аяқ астынан, тілеп те, сұрап та алмайсың. Огневка – сонау етектегі Қайыңды колхозының бір бригадасы. Қыс бойы, тіпті осы қараша айынан кейін трактор болмаса, машина қатынай алмайды. Жері қара топырақты болған соң, егін бітік, пішен қалың шығады. Себезгілеп жаңбыр жауса, қою батпақтан аяқ алып жүру зор, қыста қар қалың жауып, көктем кеш шығады, күз тым ерте түсетін. Жол қатынасы қиын болған соң, Қайыңды колхозы бұл ішкері жақтың мол байлығын дер кезінде жинап


үлгермей, ысырапқа ұшырата берген соң, көп назар  аудармай,

«өздері білсінге» көшуші еді. Солтүстігінде атақты Хатынь өзені, оңтүстігі Бұқтырма, екі өзеннің ортасындағы иен жер тегін байлық, күйсіз күн кешіп, ұмытылғандай жетімсіреп жатушы еді. ал Огневка ең алыс, шеткері ауылдың бірінен саналатын да, Үлкен жердің көп-көп жаңалығынан кереңдеу, томаға-тұйық. Огневкалықтардың мінез-құлқы да қызық екенін Нұржан сол жолғы сапарында аңғарған. Әркім күйбең қағып, өз шаруасымен әуре. Іргесінен бөтен кісіні қойып, сап түзеп сарбаздар өтіп бара жатса да бас көтеріп қарамайды. Содан соң берген сәлеміңді саңыраудай алмайды екен. ал аспан ойылып жерге құласа да елең етпейтін немкеттілік сананың тасемендігі

– қатал табиғаттың өзінен жұқты ма десең, жаз айында осы өлкеден сұлу, тамылжыған жанатты жерді тек түсіңде ғана көрмесең басқа жақтан таба алмайсың.

Сойталдай үш жігіт бригаданың кеңсесіне барып еді, аядай бөлмені көк түтін қылып ыстаған бір топ жігіт отыр екен. Кіріп келгендерге самарқау мойнын бұрды да, доминосын сартылдап ойнай берді. Есік көзінде делдиіп әрі-бері тұрған соң, ақай екі күн бойы тастамай арқалап жүрген дорбасын қолтығына қысып:– Бұл ауылдың бастығы кім екен? – деді. Ешкім тіл қатқан жоқ. Ойын жалғаса берді. ақай даусын қаттырақ шығарып:

– Бұл ауылда бастық бар ма? – деді. Ұзын бойлы, арық орыс алайып бір қарады да: – Неге бақырасың, бұл ауылда саңырау да, бастық та жоқ, – деді күркіреп. Оның қарсысындағы тығыршықтай қара қазақ: – Бригадир таңертең колхоз орта- лығына кеткен. Сендерге не керек? – деді.

– Ойға түсер трактор бар ма? Соның жөнін білейік деп едік, ағасы, – деп Нұржан кішірейе сұрады.

– Кешке екі трактор түседі. – Әлгі қазақ жөнін айтты. – Тоссаңдар, ала кетер, бәлкім.

Бұдан әрі әңгіме созылмады, үш жігіт ізінше қайта шықты. Шыққанымен жандарын қоярға жер таппады. Еру бола тұрар жылы баспана іздегендей еді. мүгедек ретивыхтің үйіне қайта барудың реті жоқ. Сандалып, батпақ кешіп көп жүрді. Осындайда қас қылғандай уақыт шіркін өтпей-ақ қояды-ау.

– Бір бөлке нан сұрап жесек қайтеді, – деді аңқаулау Қайкен.

– атаңның басы, ақша бермесең татырмайды да. Былтыр келгенде де аштан өліп қала жаздағанбыз, – деді ақай. Үшеуі


енді үсіп-жығылып тұра бергенше ермек іздейік деп ат қора жаққа барған. аласа бойлы, шоқша сақалды қазақтың шалын көріп, әкесін кезіктіргендей қуана сәлем берді.

– ассалаумағалейкум, ақсақал!..

Шал бұлардың бетіне бажырая қарады да:

– Здравствуйте, – деді.

– мына шал сақалы бар демесең, қазақша білмейді. Бүлдірмей тұрғанда қашайық, – деді ақай. Осы кезде ат қораның арғы түкпірінен шыға келген сары қарын орыс кемпірі айғайды салды:– Что стоишь, старый черт...

Былайырақ ұзап шыққан соң ақай айтты: – Баяғыда өкі- мет орнамай тұрғанда ішкері жақтың кержақ байларына көп қазақ жалға кетті деген, содан қалған жұрнақ қой.

Құр бекер сандалумен кеш болды. Үшеуі қайткен күнде ойға түсетін тракторға ілініп кетудің қамына кірісті. Қызулау трактористер ақысын бермесеңдер отырғызбаймыз деп әуре салды. Үйлерінен асығыс шығып даяр машинаға отыра салған жігіттердің қалтасында көк тиын жоқ еді, не істерлерін білмей сасқалақтады. Осы кезде ақай айтты: мен мына дорбаны бекер арқалап жүр дейсіңдер ме? Ішінде үш-төрт килограмм қойдың жүні бар, бір әжетке жарар деп сала салып едім. Соны көрсетейік.

Ішіп алған масаң трактористер ақай берген жүнге келісті. Тек кабинада орын жоқ, оған картошка тиелген, соқаға отырыңдар, – деген соң, кешелер ғана сүдігер жыртып, бат- пақ қатқан соқаға атша мініп секектеп таудан түсіп еді түн жамылып. міне, сол ішкері жақтың дәмі енді қыста тағы да бұйырды. Егер бұйырса...

Қайда қарасаң да аппақ қар: сеңдей сіресіп қасаттанған қар; қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер, ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген дүмбілез таулар.

Тым шалғайдан сарын естіледі...

Достарым ұйқтап қалмады ма деп тың тыңдап еді, мұрындарын қайта-қайта тартып, бүрісіп ояу жатыр екен, қуанып кетті. Бірақ ешқайсысы да әлгі бір сәттегі ашу-ызадан айыға алмағандай. «Төбелесіп алғанымыз тым нәтижесіз болмады-ау», – деп ойлады Нұржан. Бұдан соң ол сонау бір көктемде, алғаш әскерден келген шақтағы оқиғаны есіне түсірді. Көзін жұма тәтті бір әсермен қайта... қайта елестетті. Қандай әдемі көрініс еді. Қандай ғажап дүние еді...


«Иә, онда көктем еді ғой... онда көктем болатын... көк- жасыл әлем болатын. Онда аппақ қар да, аппақ қардың ортасында меңдей болып қарайып тұрған трактор да, мынау бүйірі бүлкілдеп, уайым уыстап жатқан екі досы да, алыстан... тым жырақтан ұлыған аш қасқырдың үні де... азапты жүріс, азынаған ой да – бәрі-бәрі, бәрі-бәрі жоқ, тек өзі ғана... тек өзі ғана... тек өзі ғана ма еді.

Баяғыда аспан не деген түпсіз, көкжиек не деген шексіз еді: өз ойымменен өзім арпалысып жатып, күннің еңкейгенін, енді түнгі ұйқысы – ұясына бататынын, сонымен бірге бүгінгімен бақилыққа қоштасатынымды, бірақ жылдар сусып өткен сайын дәл осылай қыстан қалған маяның үстінде көкке қарап шалқам- нан жатқан жалқы сәттік оңаша күйімді сағынатынымды байқадым ба сонда; ой дегенің сол аспан, сол көкжиек сияқты шексіз де шетсіз емес пе; ендеше, жүз рет ойлағанша, көз шалқыған, батар күннің нұрына балқыған көктемнің кербез келбетіне бір рет қарағаным ғанибет емес пе; араға талай жылдар салып, туған аулыңа қайтып оралсаң, көзіңе көрінгеннің бәрі-бәрін аймалап сүйіп, айналып-толғанып, жылтырап айрылып қоштасарсың; әмбе мынау көктем сені дүниеге тағы бір тудырып, бұдан бұрынғы, бұдан кейінгі өміріңнің айтып өтер әсем әніндей, жүрегіңнің нәзік қылын шерткен; жаңа ғана қаушағын ашқан қыр гүлі, жапырақ жайған жас қайың, мөңкіп ағар таудың ерке бұлағы, тәй-тәй басқан үкілі жас бота, енесін қақтай емген қара қасқа құлын, туған жеріне қайтып оралған аққу-қаз мазасыз тірліктен шаршаған жанымды жаңғыртқан: даланың балдай тәтті ауасын кеуде кере жұтып жіберсең, сарайың ашылып, өз-өзіңнен, мейлі мақау болсаң да, әйтеуір, бір әнді емін-еркін шырқағың келер, таласып байып батар күн мен жатқан маяның көлеңкесін ұзартып, көгі енді ғана тебіндей бастаған төбелерді маздатқан; таласып байып батар күн бар аймақты алтынмен аптап, өмір шаттығының салтанатты шатырына айналдырады; таласып байып батар күнге қарсы жүріп келе жатқан Қыз шөп үстіндегі мені байқамай көзінде күннің қып-қызыл алауы секіріп ойнап, мен өмір бақида естімеген, әрі нәзік, әрі сыршыл әуенді ыңылдаған еді; ауылдан қырға ұзап шығып, сұғанақ көздер тұтқынынан босап, оңаша қалған жас Қыз алтын ағыстың ортасында жүзген аққуға ұқсайды; мынау көктемнің бір бөлігіндей болып өзінің алаңсыз көңіл күйіне еркелегендей еді-ау; ол жаратушысын да,


жарылқаушысын да білмейді, тек қана, әйтеуір, бір ғайыптан пайда болған, ессіз қуаныш құшағына алып, әлдилеп тербейді, әлдеқандай сұлу һәм сыршыл дүниеден сыбырлап әңгіме айтады; рақаттың, бақыттың буы өне бойын қытықтайды; мен ғана кереметпін, мен ғана асқан сұлумын деген тәкаппар сезім жетегіндегі ару өң мен түстің екі арасындағы бейкүнә масаң халде еді; ол әндеткен күйі мен жатқан маяның жанына келіп тоқтады; Қыздың осынау оңаша алаңсыз еркіндігін үркітіп алмас үшін иісі бұрқырап жатқан сарғылтым шөпке бұға түсіп едім ғой; жас Қыз күн нұрымен шағылысып, сынаптай толқыған бұлақ суын ішкен алтын киікке айналған; жұқалаң көгілдір көйлектің тарлау тігілісі балғын дененің әр мүшесін айқындап, алқына соққан жүректің лүпілінен жыртылардай болады; не ұзын, не қысқа емес қою шаш бұйралана қобырап, ашық маңдайды қызғана жасырады; ал енді ғана мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ормандарда сирек кездесетін қос қайыңның сүмбіл бітіміндей; ал тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса майысатындай; ал батар күннің батсайы бояуын жағынған жібек мойын, баян төс пен қара көз – менің де, сенің де тек түсіңде ғана көріп, эпостық жырлардан ғана оқитын ертек сынды, сиқырлы әмбе сымбатты теңдесіз сұлулық; күн батты, сонда да оның қара көзі мен садақтың оғындай кірпіктеріндегі нұр жоғалған жоқ, күн әулиенің түнді сәулелендіруге қалдырған аманатындай, мен демімді ішіме алып, қыбыр етпестен жатқаным; қыз күліп аққан бұлаққа аяғын салып, тәтті арман, биік қиял қанатында отырған; ол енді ыңылдап айтқан әуенді доғарып, өзгеше әдемі мұңға бөленген; бейбітшілік, бақыт, қуаныш – деген ұғымның нағыз мәнін де, сәнін де мен осы қыздың бойынан таптым: қарабарқындана бастаған көктем кешінде екі тізесін құшақтай отырған осынау қыз, мүмкін, жылдар бойы тылсымнан, ертеңімнен немесе ертегіден іздеп жүрген махаббатым ба еді: мен сонда дүниеде дәл осы қыздай сұлу, дәл осы қыздай әнші, дәл осы қыздай бақытты адам жоқ деп білдім; оқыстан пайда болған күнәсі жоқ мөлдір сүйіспеншілігімнен шошындым да; енді қалған өмірімнің мәйегі, жер қойнына кіргенше айтып өтер дұғасы – тек сенсің, намаздыгер-намазшам арасында ғайыптан туған көктем – қыз деп едім-ау; сен маған бұдан екі жыл бұрын неге жолықпадың... жүрегім тоқтап қалған секілді: әлдекім түпсіз зынданға тастап жіберген секілді; көзімді жұмдым –


бәрібір қарабарқын кешті нұрландырған көк көйлекті көктем- қызды көрдім, әне, қос қанаты бар қалықтап ұшып барады, әне, оқыстан киліккен қара құс іліп алды да көз көріп, құлақ естімейтін алысқа алып ұшып кетті... шошынып барып көзімді аштым: көктем-қыздың періштеге балаған иығына қолын салып, жыртың-жыртың күліп тұрған дарақы жас жігітті көрдім, икеміне беріліңкіремеген қыздың қолынан жұлқа тартып, мен үшін белгілі әрі белгісіз жаққа өзімсіне жүр-жүрлеп, қоюлана бастаған қараңғылыққа сіңіп бара жатты, орнымнан атып тұрып, соңдарынан қуғым келді; қызғаныштан өртенген жүрегімді жұлып алып, солқылдап тұрып ағыл-тегіл жылағым келді; бірақ кейінгі кезде орныққан ақыл меңдеді ме әлде ежелгі дәрменсіздігім тұсау болды ма – көкірегім қарс айрылып, өкінгенім болмаса, батылым жетпеді: шалқамнан түсіп қара көк аспанға қараймын; жұлдыздар жыпырлап молайған, тым биіктен қызықтырып, көз қысады, әне, жұлдыз ақты – еш нәрсе ойлап үлгере алмадым; тағы да... маған жұлдыздар жауып тұрғандай болып сезілді: ұстайын дедім – аузымды аштым, алақанымды жайдым – маңайламады: салқын да саябыр тартқан дала бейқам, төсінде болып жатқан сан қуаныштан, сан өкініштен бейхабар; жаңа ғана бар жастығымды, бар махаббатым мен базарымды ұрлап, көз алдымда қолтықтап кеткен танымайтын сары ауыз жігітті күні бүгінге дейін өлердей жек көремін, менікі әншейін жалған құмарлық емес, көктемгі бейуақытта туған шыншыл сезімнің айында-жылында, не басыма іс түскенде, не көрер таңды көзіммен атқызып сырқаттанғанда, санамда жалқы сәт сәулеленіп, сонсоң ғайып болар рухани пірге деген ұлы ынтызарлық болар... мен білемін – « құмарлық кеме желкендерін кеулейтін жел секілді – кейде, ол да суға батырады, бірақ ол онсыз жүзе де алмас еді» – менің ойым мен бойымды билеген әсте де ондай сезім емес, іңірдің өзіндей келте де кемеңгер, мәңгі толастамас жұмбақ сүйіспеншілік; аспанға қарап шалқамнан жатырмын: мұрынға кепкен шөптің иісі келеді, жұлдыздар ағып тұр; ауыл жақтан: «Нұржан...» – деп шақырған анамның үйреншікті айқайы естілген, «Нұржан... үйге қайт... құлыным...»

– Иә, сонда аспан не деген түпсіз еді, көкжиек не деген шексіз еді... шексіз еді...

Қайда қарасаң да аппақ қар сеңдей сірескен, тұтаса қасаттанған суық дүние... алыстан – тым шалғайдан қыздың сыңсыта салған әні келді құлаққа...


Күндізгі дүрдараздықтан соң аманжан да кірпігіне кірпігі айқаспай бадырайып жатыр еді. Әбден май сіңді болған сабалақ жүнді шолақ қара тонды қаусырына түсіп сонау бір шақтағы... жадыраған жаздағы оқиғаны есіне алды. Есіне алып еді, бойына жылу тарап, екі тізесінің тоңғаны бәсеңсігендей болды. адамның ойына осындайда тек естен кетпес өмірінің әдемі сәт елестері қандай жақсы... Иә, онда жайма-шуақ жаз еді-ау, жаз болатын, жайлау болатын:

«Тақымымыздағы ат арқырай кісінеп қоя берді.

Кешкі сауын бітіп, ағытып жіберген құлын енесімен табысып, жылқылардың алды қарағайлы беткейге жосыла өріп барады екен; оқта-текте үйірін қызғанысып, алакөз боп тебіскен айғырлардың шаң-шұң даусы шығады; ондай сәтте төрт қанатты киіз үйдің алдында тұрған жылқышы «ай-үй» деп арашалай айғай салады; үйдің қыр жағына қағылған мама- ағашқа атымызды байлап, үйге беттедік; жылқышы қонақжай адам екен, ізгі ниет білдіре есендесті; киіз үйден сабаға сар- сұр құйып жатқан саумал даусы, аяқ-табақтың сылдыры естіледі; бірте-бірте үйіріле берген ымырт ұзап бара жатқан жылқылардың қалың қарасын ғана көзге сүлделендіріп, жерошақтағы бықсып жанған оттың сәулесін айқындай түседі; сонау алып бурадай шөгіп жатар таудың қыр желкесіне күміс шеге қағылды, ол түн – арудың алғашқы хабаршы жұлдызы

– қойшы жұлдыз, өріске беттеген жылқының пысқырынған- осқырынғаны естілмей, ендігі сәтте көзден тасалана бастады, тек анда-санда алакөз боп кетіскен айғырлардың ғана жан айқайы шығады; енді үйден гүрпілдете піскен сабаның даусы шықты; алыстан... анау бұйығы-бұйығы жүндес жотаның ар жағынан «Жолдаяқ, Жолдаяқ» деп шақырған қыз үні естіледі; оның жіңішке де жарасымды даусы қараңғылық ұйып, қалғи бастаған тау аңғарын жаңғырықтырады; алаңсыз арманшыл қыздың жалғызсырағандағы бар ермегі – сол Жолдыаяқ- ау деп ойладым; екі қолын артына ұстап, жылқылар ұзаған жақтан екі көзін алмай тұрған жылқышы елең етіп: «ақбілек қой, қойшылардан келе жатқан», – деді; біз үйге кірдік; саба пісіп тұрған сұңғақ бойлы әдеміше әйел имене есендесті де, іркілместен қымыз құю қамына кірісті; бетінде майы жүзген қымызды сыңғыта ішіп жібергенде көзіміз шырадай жанып қоя берді; екі-үш кеседен кейін жаздың күшті қымызы бойымызды қыздырып, бүкіл көрініс қайта жасарды, біз өзімізді өзгеше



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.