Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





*ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. 19 страница



*ішек өтімсіздігі

*Крон ауруы

*мегаколон

*+Гиршпрунг ауруы

*копростаз

 

!Алимбек 10 жаста. Іштің ұстама тәрізді ауыруы, нәжістің 4-5 күнге дейін болмауы мазалайды. Нәжістің болмауы 4-5 ай бойы. Объективті: бала қозған, тез тітіркенеді, іш пальпациясында жуан ішек бойымен ауырсыну анықталған. Нәжісі фрагменттелген, тығыз (қой нәжісі). АІЖ рентгеноскопиясында баридің жуан ішек бойымен баяу жылжуы мен оның спастикалық жағдайы анықталған. Бұл жағдайда қандай ем түрі қажет?

*физикалық белсенді өмір сүру

*тазалау клизмалары

*қатты клетчаткасыз диета

*+лактулоза, тазалау клизмалары

*жоғары минералданған  минеральды су

 

!Қабылдауда 4-жастағы бала мен оның анасы. Жүрек айнуға, нәжістің  4 күн бойы болмауына шағымданады. Іш қату 6 ай бойы мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, қабыршақтанған, тырнақ пен шаш сыңғыштығы анықталады.Аузынан жағымсыз иіс, ауыз бұрышының жарылуы.Іші қампиған, ұлғайған. Іш пальпацияда ауырсынбайды,төмен өрлеуші және сигма тәрізді ішекте нәжіс бөліктері анықталады.Қандай диагностикалық зерттеу осы жағдайда жасалуы қажет?

*колоноскопия

*ирригоскопия

*+ректороманоскопия

*гистологиялық зерттеу

*тік ішекті саусақпен тексеру

 

!Жас ана нәрестенің іш қатуға бейімділігіне шағымданады ( нәжіс тек газ шығарушы түтікті енгізген соң ғана шығады) және терісінің сарғаюының сақталуына, салмақ аз қосуға шағымданады. Нәрестеге 15 күн. Анамнезінен: туғандағы салмағы- 4200 гр. Қарап тексергенде: кеңсірігі кең, көзі кең орналасқан, аузы ашық, үлкен жуан тіл, кіндік жарығы, денесінің сұрғылттануы. Бала әлсіз, ұйқышыл. Көзқарасын бекітеді, бірақ қарауы қысқа. Парасимпатикалық тип бойынша терінің айқын вегето-тамырлық реакциясы.Қалыпты терең рефлекстер фонында бұлшықеттік гипотония.Тіреу және адымдау рефлекстері аздап төмендеген.Ошақты симптоматика жоқ. ТАЖ - 38 рет/1 мин, ЖСЖ 100 р/мин. Ішкі ағзалар өзгеріссіз.Бұл жағдайдың патогенетикалық емнің препаратын атаңыз:

*мерказолил

*преднизолон

*гидрокортизон

*+L- тироксин

*дексаметазон

 

!Ұл бала 12жаста. Қыжылға, ащы бөлініспен кекіруге, аш қарынға немесе тамақтанудан кейін бір сағаттан соң эпигастриде ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий маңында аурсыну анықталады. Эндоскопиялық: асқазанның шырышты қабатының терең домалақ немесе сопақша пішінді дефектісі, фибриннің ақ жабынымен жабылған, қабыну ошағымен қоршалған.Диагнозың атаңыз:

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, перевисцерит

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі,эпителизацияның басталуы, стеноз

*+Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, асқынусыз

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңінің қайтуы, жараның жазылуы, асқынусыз

*Асқазан жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

 

!Бала 1 жаста, салмағы 10 кг.Дене қызуының 39,5 С жоғарылауы анықталады, терісі бозғылт тырнақ беті мен аузы көгерген, «ақ дақ»симптомы оң. Аяқ қолдары суық. Шұғыл шаралар қандай?

*парацетамол 100 мг

*+парацетамол 100 мг+ тамыркеңейткіш препараттар

*парацетамол 120 мг + спиртті ерітіндімен сүрту

*парацетамол 150 мг + ірі тамыр маңына мұз қою

*парацетамол 200 мг+ ампициллин 250 мг

 

!Анасы баласында ауыз қуысының шырышты қабығында жабын болуына шағымданып келді. Балаға 1 ай, омыраумен тамақтанады. Тамақтанғанда мазасыз.Жабынды 10 күн бойвна сақталады. Қарап тексергенде: бала мазасыз, ауыз қуысында – қызарған негізде ірімшікті жабынды, тіл, қатты таңдай мен ұртты толығымен жабады. Басқа ағзалар бойынша өзгеріссіз. Диагноз:

*жіті герпетикалық стоматит

*молочница, жеңіл дәрежеде

*молочница, ауыр дәрежеде

*+молочница, орташа дәреже

*ауыз қуысының созылмалы кандидозы

 

!Егер анасы жағынан тұқым қуалаушылық анықталса, балада бронх демікпесінің дамуы қанша пайыз болуы мүмкін?      

*10 %

*20 %

*30 %

*40 %

*+50 %

 

!Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің қандай бұйрығына сәйкес балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау жүргізіледі?

*бұйрық № 508 23.06.2015

*бұйрық № 626 28.07.2015

*+бұйрық № 685 10.11.2009

*бұйрық №145 16.03.2012

*бұйрық № 459 8.06.2015

 

!5 жасар бала. Шағымдары: кеуде қуысындағы қысу сезіміне, жөтел, қайталамалы тыныс жеткіліксіздігі эпизодтары, әсіресе жануарлармен жанасудан соң күшейеді. Анамнезінен: анасында – аллергический ринит. Анасының айтуы бойынша аталған шағымдар физикалық жүктемеден соң және салқын тигенде күшейеді. Анамнезде – созылмалы ринит. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Кеуде қуысының гиперэкспансиясы, аускультацияда ысқырықты сырылдар, құрғақ жөтел, периорбитальды көлеңкелер. 

Болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*+Бронх демікпесі

*Обструктивті бронхит

*Жедел бронхит

*Ауруханадан тыс пневмония

*Аллергиялық ринит

 

!4 жасар қыз бала. Шағымдары: жиі және ауру сезімімен зәр шығаруға, «жалған» шақыруларға, зәрін жиі ұстай алмайды, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі. Объективті: дене температурасы 37 – 38 С, зәрін ұстай алмайды, зәрінің иісі жағымсыз, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі мазалайды. Пастернацкий симптомы (+) екі жағынан да. Жалпы қан анализі: лейкоцит – 7х10/9л, лимфоциттер – 65%, моноциттер - 15%, т/я – 10%, с/я – 55 %, эритроциттерің тұну жылдамдығы – 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок – 0,3 г, лейкоциттер – 5 – 7 к/а, эритроциттер – 8 – 10 к/а.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс болуы мүмкін?

*Гломерулонефрит

*Цистит

*+Пиелонефрит

*Тубулопатии

*Нефрит

 

!13 жасар ер бала. Склерасының сарғаюы мен оқтын-оқтын зәрінің қара түсті болуына шағымданады. Алғаш осы симптомдар ЖРВИ ауырғаннан кейін 10 күннен кейін пайда болған, бір апта бойы бисептол қабылдаған. Объективті – терісі мен склерасы сарғайған, көкбауыры қабырға астынан анықталады. ЖҚА – эритроциттер 2,9х10ⁿ/л, Нв 90 г/л, ТК 0,9, ретикулоциттер 10 %, лейкоциттер 18х10ⁿ/л, т\я 2%, с/я 56%, моноциттер 6, эозинофилдер 3%, ЭТЖ 20 мм/с. Б/Х – билирубин 80 г/л  тікелей емес  фракциясына байланысты.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Гассер гемолитико-уремиялық синдромы

*+Гемолитикалық  анемия

*Энзимопатия – глюкозо-6-фосфатаз жеткіліксіздігі

*Иерсиниоз

*Жедел лейкоз

 

!2 айлық қыз бала. Шағымдары: жиі лоқсу және құсу, іш қату. Бала мазасыз. Анамнезінде: туылған кездегі салмағы 3400 г, бойы 51 см. қазіргі кездегі салмағы  4000 г, бойы 55 см. Анасының сүтімен қоректенеді, анасының сүті жеткілікті. Лоқсу туылғаннан кейін бірден пайда болған. Объективті: терісі бозарған, теріасты шел-май қабаты жоқ, аяқ-қолдарында терасты шел-май қабаты жұқарған, тіндердің тургоры төмендеген.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Муковисцидоз                                                                                                                          
*Пилоростеноз
*+Пилороспазм
*Өңеш атрезиясы

*Целиакия

 

!10 айлық қыз бала. Анамнезінде: ағасының ұсақ ойыншықтарымен ойнап отырған. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болып 10 минуттан кейін жоғалған. Бала белсенді, дене қызуы 36,70С, перкуторлы өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті өкпенің сол жоғарғы бөлімінде тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 3,8 х 1012/л, гемоглобин 130 г\л, лейкоциттер 4,3х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 5 мм\сағ. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Бронхиолит

*Бронх демікпесі

*+Бронх бөгде заты

*Обструктивті бронхит

*Бронхөкпелік аспергиллез

 

!10 айлық ұл бала. Шағымдары: салмағының азаюы, дауысының қарлығуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, енжарлық. Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр. Дауысы афониялы, тынысы баяулаған. Дене салмағы 30% кем. Сусыздану белгілері анықталады. 

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*Емханалық ем тағайындау

*+Ауруханаға жолдау

*ФГДС тағайындау

*Диспансерлі бақылау

*Диетологқа жолдама беру

 

!7 жасар ұл бала. Анамнезінде: 5 жыл бойы ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады, желшешекпен, қызылшамен, баспамен екі рет ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, сұршылт реңкпен. Бетінің, балтыры мен табанының, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісіңкілігі байқалады. АҚҚ 150/110 мм. с. б. Жүрек шекарасы: 3 қабырғадан жоғары, оң жағы төстің оң қырында, сол жағы бұғана ортаңғы сызығынан 1 см сыртқа қарай. Жүрек үндері ырғақты, үнді, ЖЖЖ 72/рет мин. Жүрек ұшында дөрекі емес систолалық шу естіледі. Диурез 400 мл тәулігіне, зәрі лайлы, қоңыр түсті. 

Осы науқасты диспансерлеу уақыты қанша?

*1 жыл

*3 жыл

*5 жыл

*14 жыл

*+өмір бойы

 

!2 айлық ұл бала. Тәбеті төмендеген, емшек сүтінен бас тартады. Қарап тексергенде кеуде қуысының тартылуы, қосымша бұлшық еттерінің тыныс алуға қатысуы анықталады. Ентігу, тыныс алу жиілігі = 100. Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*+Ауруханаға жолдау

*Амбулаторлы емдеу

*Инфекционисттің кеңесі

*Күндізгі стационарға жолдау

*Госпитализацияға көрсеткіш жоқ

 

!12 айлық қыз бала. Шағымдары жоқ. Анамнезінде: анасы ВИЧ – тасымалдаушысы. Объективті: тері жабындысы бозарған, көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Лимфатүйіндері: құлақмаңы, қолтықасты, бұғана үсті, шап 3-4 см дейін ұлғайған. Лабораторлы көрсеткіштері: экспресс тест ELISA (+).

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*Амбулаторлы ем 

*Күндізгі стационарға жолдау

*+Стационарға зерттеуге жолдау

*Үйден стационар ашу

*Инфекционисттің кеңесіне жолдау

 

!3 жасар ұл бала. Шағымдары: енжарлық, аяқ және бет аймақтарындағы ісінулер, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезімі. Анамнезінен бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көзінің алды көгерген, қабақтары ісіңкі, аяқтары ісінген. Лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см , азап ауырады, айналасындағы тіндерге жабыспаған. Жалпы зәр анализінде: белок 14г/л, салыстырмалы тығыздығы 1030, реакциясы сілтілі, эритроциттер 20 дейін к/а, лейкоциттер 8-10 к/а гиалинді цилиндрлер. Науқастың диспансерлеу уақыты қанша болуы мүмкін?

*1 жыл

*3 жыл

*+5 жыл

*14 жасқа дейін

*Диспансерлеу қажеті жоқ

 

ХИРУРГИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ

!Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің АНАҒҰРЛЫМ жиі себебі:

*+Ішектердің түйілуі

*Копростаз

*Ішек өзегінің ісікпен бітелуі

*Көкбауыр инфаркты

*Ішек парезі

!Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

*+Асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы

*Созылмалы эрозивті гастрит

*Асқазанның қатерлі ісігі

*Меллори-Вейс синдромы

*Тоқ ішектің дивертикулезы

!Ер адам, 38 жаста. Алкоголь қабылдаған соң кенет эпигастрий аймағында өте қатты, шаншыған ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тізелерін ішіне жинап алған, өте бозарған, салқын тер, іші тартылған, тақтай тәрізді, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері өте тырысқан, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализі: эритроциттер 4,4х1012\л, лейкоциттер 15х109 \л, ЭТЖ 25 мм\ч.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы анағұрлым ықтимал?

*+Жараның перфорациясы

*Бауыр шаншуы

*Шажырқай тамырларының тромбозы

*Қалтқының стенозы

*Аорта аневризмасының жарылуы 

!68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Аш ішектің өтімсіздігі

*Тоқ ішектің өтімсіздігі

*Перитонит

*Жедел аппендицит

*Мезентериалды тамырлардың тромбозы

!56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

*Ирригоскопия

*+Құрсақ қуысының рентгенографиясы

*Ректороманоскопия

*Колоноскопия

*Құрсақ қуысының лапароскопиясы

!23 жасар ер адам. 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында күрт ауыру сезімі пайда болған, ол ақырындап бүкіл іш аймағына таралған. Қарағанда іші тырысқан, бүкіл аймағы ауырады, бауыр тұйықтығы анықталмайды. 2 сағаттан соң ауыру сезімі бәсеңдей бастады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Компьютерлік томография

*+Құрсақ қуысының рентгенографиясы

*ФГДС

*Құрсақ қуысын УДЗ

*Лапароскопия

!22 жасар ер адам. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С жейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі

*Ішек өтімсіздігі

*+Дугласов кеңістігінің абсцесі

*Жедел пиосальпинкс

*Инфекциялық колит

!54 жасар ер адам. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунай береді, ыңырсиды. Объективті: терісібоз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ18 мм/сағ. Зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

*+Шолу урографиясы

*Экскреторлы урография

*Компьютерлік томография

*Ультрадыбысты зерттеу

*Магнитті-резонансты томография

!36 жасар әйел. Женщина 36 лет. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауыруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Асқазан жарасының тесілуі

*Жедел панкреатит

*Ішектің жедел өтімсіздігі

*Жатырдан тыс жүктілік

*+Зәр-тас ауруы

!35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан.Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 %о? Цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Жедел аппендицит

*+Зәр-тас ауруы

*Ішек өтімсіздігі

*Жатырдан тыс жүктілік

*Асқазан жарасының тесілуі

!56 жасар ер адам. Зәрінің кідіруіне, кіші дәретке шыққысы келуіне, ішінің төменгі бөліміндегі кернеген ауыру сезіміне, оның аралыққа және жыныс мүшелеріне таралуына шағымданады. Объективті: терісі боз, маңдайында салқын тер. Іші жұмсақ, қасағасының үстінен қуығы сезіледі, оның күмбезі кіндіктен төмен тұр. Қасаға үсті аймақты перкуссиялағанда – тұйық дыбыс. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде ол тегіс, серпімді, контуры тегіс, ауырмайды, орталық жүлгесі бар. Қуық катетеризациясы жасалды. 

Қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалады?

*+Антибактериалды терапия

*Қабынуға қарсы терапия

*Аденомоэктомия

*Цистостомия

*Простатаның трансуретралды резекциясы

!Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша ,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді.                    

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

*Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

*Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

*Жарғақты қуыстағы бөгде зат

*Сыртқы отит

!45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Көмекей гемангиомасы

*Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы

*Құлақ маңы безінің жарақаты

*Сілекей өзектеріндегі бөгде зат

*+Өңештегі бөгде зат

!4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған.

Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?

*+Жоғарғы бронхоскопия

*Трахеотомия

*Эндоскопия

*Коникотомия

*Кеңірдек интубациясы

!4 жасар сәби тынысының қиындауына, күшті ұстама тәрізді жөтелге шағымдарымен жеткізілді. Бір сағат бұрын аузына бұршақ салып жүрген, кенет шашалған, көгеріп кеткен. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Екінші дәрежелі стеноз белгілері, пульсі минутына 146 рет, әлсіз толумен, өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Кеңірдектегі бөгде зат

*Көмейдегі бөгде зат

*Өңештегі бөгде зат

*Бронхтағы бөгде зат

*Көмей-жұтқыншақтағы бөгде зат

!6 жасар бала балық жеп отырған, кенет күшті ұстама тәрізді жөтел, цианоз пайда болған. Бір рет құсқан. Жөтел мезгіл-мезгіл қайталанады. Объективті: жағдайы ауыр, екінші дәрежелі көмей стенозының белгілері. Көмейдің шырышты қабаты алқызыл, ылғалды.

Қандай шұғыл көмек тактикасы анағұрлым дұрысырақ? 

*+Ларингоскопия

*Коникотомия

*Трахеостомия

*Кеңірдек интубациясы

*Ларингофиссура

!26 жасар ер адам қарбыз жеп отырғанда кенет шашалып, көгеріп кеткен. Ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тынысы қиындаған.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, кұшті жөтелген кезде «щапалақ» симптомы естіледі Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Аускультацияда екі жақтан дөрекі, құрғақ сырылдар естіледі. «Шапалақ» симптомы кезінде қандай диагноз дәлірек?

*Гиперсаливация

*Көмей экскурсиясы

*+Кеңірдектегі бөгде заттың қозғалуы 

*Тыныс саңылауындағы бөгде заттың фиксациясы 

*Дыбыс байламдарының үстіндегі бөгде заттың қозғалуы 

!3 жасар сәби тынысының және жұтынуының қиындауына шағымданады. Бірнеше минут бұрын ауызына тиын салып жүрген, құлап қалған, сосын көрсетілген шағымдар пайда болған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныс алу қиындаған. Саливация, сұйықты жұту қиындаған. Өңеш рентгенограммасында бөгде зат көрінеді. Анағұрлым жөндірек тактика?

*+Тікелей гипофарингоскопия.

*Мезофарингоскопия

*Гипофарингоскопия

*Ларингоскопия

*Коникотомия

!6 жасар бала өңеш бойындағы ауыру сезіміне, тамақ жұтудың қиындауына шағымданады. Таңғы ас кезінде кенет төс артында ауыру сезімі пайда болған және тамақ өңештен өткен кезде қинала бастаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сілекейін жұтқан кезде қиналады. Алмұрт тәрізді синустарында сілекей жиналған. Земцов бойынша өңеш рентгенограммасында екінші физиологиялық тарылу деңгейінде тығыздығы сүйектікіндей қосымша көлеңке анықталады, өлшемі 2-0.5-0.7 см. Қандай тактика анағұрлым дұрыс?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.