Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ркім «Бақыт» дегенді Pр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дPлелдермен негіздеп жазыңыз.



№46. 7ркім «Бақыт» дегенді Pр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дPлелдермен негіздеп жазыңыз.

Кез келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы н<рсесі не екенін сұраңызшы. Ең көп таралатын жауап: « Мен тек бақытты болғым келеді ». Менің ойымша, біз б<ріміз сол үшін бұл дүниеге келгендейміз. Бірақ бақыт деген не? Оны қалай сезе аламыз?

Меніңше, ең бастысы шынайы бақыт – біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. 

Жүрегімде махаббат <н тербейтін, Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер Оралмайды жан құрбым, өмір өтер, - 

деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық бақытты» өлеңінің жолдары мені күн сайын жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін күш іспеттес. Өмірдің қайталанбас с<ттерінен л<ззат алып, қиындықтармен кездескенде мойымай, онымен күресі бақыттың бір қыры. 

Осы өмірде мен үшін <рқашан бақытты жабырқап жүрген с<ттеде сыйлайтын адам бар. Ол – менің қадірлі анашым. Дүние де ана махаббатынан қасиетті де құдыретті н<рсе жоқ.

В.Гюго айтқандай: « Н<зіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтанда ол с<би үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен <лемдегі ең бақытты адам екеніме күм<нсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып жүрген асқар тау – <кем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді аулауы, көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – бұл менің отбасым. 

Бақыт деген - адамдар үшін өмір сүру ж<не оларды өзінің жылы шуағымен бақытқа бөлеу.

Сөзімнің д<леліндей, қарапайым мысал алып көрелік: ауыр шелектермен келе жатқан қарт <жеге көмектесу, сонымен қатар қарттар үйіне келіп қарт адамдардың бір с<т болса да, көңілін аулаудың өзі бақыт емес пе? Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз адамгершілік сезімдерін оятады. Сонда сенің жан дүниең тазарып, бақытқа бөленесің. Қорыта келе, адам өмірде бақытты болуға лайық. Болуы да керек, тек оны қатты аңсауы, қол жеткізуі <р адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіммен қатар жүрегімнің тазалығына байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен, мен бақыттымын, өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді бағыттап, бақытқа жетудің қадамдарын өзім қалай аламын. Мен өзіме, жақындарым мен достарыма, болашағыма сенемін. 

 Сөзімнің соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін: 

Бақыт деген <ркімдерге бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан

Ал сен үшін бақыт деген д<л қазір,

Бақыт жайлы жаза білген шығармаң.(300)

 

                             №47«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...» 

Туған жер...Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін <р адам <рқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген н<рсемен пара-пар. Себебі, ол – менің <лпештеген анам, аялап өсірген <кем, туған-туысым, аға-<пкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жоражолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат <рі киелі ...(көп нүкте орнына өзіңіздің туған жеріңіз). Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүн< балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн...

Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Б<рі-б<рі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма <келсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар с<ттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Zредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді <не-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: 

Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді.

Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сір<. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.(340)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.