Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жағымды психологиялық ахуал.



Жағымды психологиялық ахуал.

   ТЫҢДАЛЫМ  АЛДЫ.

- Балалар, мына берілген мақал-мәтелдерді қалай түсінесіңдер? Мақалдардың мазмұнын ашып түсіндіріңдер.

«Еңбек ер атандырады», «Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,

Жоқшылық деген жебірді жермен-жексен ететін»

Мәтінді оқып, ой тұжырымдаңдар.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

   ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Мәтінді тыңдаңыз. Интервьюді оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын ұйымдастырыңдар, сыни тұрғыда баға беріңдер. (250-бет).

1-қадам.Әр оқушы «Түйінді ой» стратегиясымен мәтіннің негізгі ойын ашатын бір-бір сөйлем жазады.

2-қадам.Әр оқушы мәтін мазмұны бойынша бір талқылау сұрағын құрастырады.

3-қадам.Сағат тілінің айналуымен бір-біріне сұрақтарын қояды.

4-қадам.Сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Дескриптор:

· Интервьюді оқып, негізгі ойды анықтайды;

· Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын құрастырады;

· Сұрақтарға дәлелді жауап береді.

ҚБ

ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН.

3-тапсырма. Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында қандай кәсіппен айналысар едіңдер? Мәтіндегі ойды жалғастырып, дискуссивті эссе жазыңдар.

4-тапсырма. Өздерің жазған дискуссивті эсседегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  1. Мәтіндегі ойды жалғастырып, дискуссивті эссе жазады;
  2. Эссе құрылымын сақтайды;
  3. дискуссивті эсседегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.