|
|||
Рефераттың құрылысы ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 РЕФЕРАТ Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады. Рефераттың құрылысы Кіріспедеәдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің әдебиеттегі орны, егер ол жекелеген бір туынды болса, авторының шығармашылығы (өмір жолы емес) жайлы қысқаша шолу жасала келе, тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады. Негізгі тарауда кіріспеде тұжырымдалған мақсат-міндетке сәйкес негізгі мәселелер қарастырылады. Яғни, негізгі зерттелінетін мәселенің ғылыми талдау мен зерттеу жұмыстарына баса назар аударылады. Негізгі тарауда тақырыптың басты мәселесі ашылуы және зерттелінуі қажет. Қорытындыда жұмыстың өн бойында талдау барысында айтылған ойлар, пікірлер жинақталып беріледі, яғни тақырып бойынша жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Бұл бөлімде зерттеліп отырған мәселеден шығатын қорытындылар тұжырымдалады. Кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы мен негізгі тарауда сөз болған теориялық ізденістер, әдеби-ғылыми талдау жұмыстарынан шыққан қорытындылар пайымдалады. Реферат жұмыстарының соңында сілтеме жасалу ретімен пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
|
|||
|