|
|||
ылыми стиль - функционалды стильдің бір түріҒылыми стиль - функционалды стильдің бір түрі Ғылыми стиль – функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айырықша бір түрі. Бұған әр салада жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар жатады. Ғылым әдетте зерттеу нысандарының, табиғаттың, қоғам дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау, топтастыру, салғастыру материалдарына негізделетін қорытындылар жасауды керек қылады. Олар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (химия, физика, математика) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулық, оқу құралдары көпшілікке арналады. Ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның дамуы мен, ғылыми әдебиеттердің молаюымен байланысты. Ғылми стильде зерттеу нысаны болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда өзіндік ерекшеліктері болады. Ғылыми стильдің құрылымдық жүйесі. Ғылыми стильдің өзіне тәнқұрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау,ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, нысаны, зерттеудегі мақсат пен міндеті, теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс-тәсілдер мен тұжырымдар беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді. Қорытынды да ешкімнің пікірі берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі. Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмірленіп көрсетіледі.
Ғылыми стильге тән белгілер
Ғылыми стильге екі түрлі сипат тән: экстралингвистикалық және лингвистикалық. Ғылыми әдебиет тілінің стиліне қатысты жайттарды Ю. Д. Дешериев тілдің таным қызметі («познавательная функция») деп атайды да, оны ақиқатты, болмысты тану, ең алдымен қоғам мен табиғаттың заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану үшін жұмсалатын құрал деп есептейді. Осы айтылғандардың бәрі – ғылыми әдебиет тілі стилінің экстралингвистикалықсипаттамасы. Лингвистикалық сипаттары мыналар: лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер.
|
|||
|