Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.



Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.

 

 Ғылыми жұмыстар келесі жалпы талаптарға сәйкес болу керек:

- өзекті болу және қойылған тапсырманы орындау;

- ғылыми зерттеу элементтерінен құралу;

- материалдардың нақты құрылымы мен орналасу тізбегі болу;

- әр түрлі қазіргі заманғы математикалық, ақпараттық, бағдарламалық

және тағы басқа CASE-құралдармен орындалу;

- жасалған бағдарламалық ұйымдастырылу сипаттамасымен листингісі

түрінде алынған нәтижелерді дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың әр тарауы тарау бойынша зерттеу нәтижесі жасалған жалпы қорытындымен аяқталуы тиіс. Ғылыми жұмыс жазғанда формальді-логикалық сипаттау әдісі мен фактілердің объективті констатациясы бар мазмұндаманың ғылыми мәнері қолданылу керек. Мазмұнды сипаттама құрылымдық және үрдістік сызбалар, диаграммалар, алгоритм сызбалары, математикалық модельдер түріндегі систематехникалық шешімдермен көрсетілу керек.

Жазу тілі кәсіби сауатты, талдау 3- жақта болу керек.

 

АҢДАТПА. ТЕЗИС. РЕЦЕНЗИЯ.

 

Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

Тезис ғылыми жұмыстардың, мақала, баяндама, курс немесе диплом жұмыстарының негізінде жазылады, негізгі айтатын ой, ережелер өте қысқа, нақты, дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. , яғни 1 бет болу керек.

           

Пікір (рецензия) –бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.

           Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.

       Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.