1. Берілген термин сөздің қай ғылымға тән екенін белгілеңіз.
Белдеу.
A) География.
B) Химия.
C) Биология.
D) Медицина.
E) Математика.
|
2. «Аумағы» сөзіндегі дауысты дыбыстар санын белгілеңіз.
A) 6.
B) 5.
C) 4.
D) 3.
E) 2.
|
3. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.
A) Өндіріс.
B) Сыйламас.
C) Бұрын.
D) Ы.Алтынсарин.
E) Бізбен.
|
4. Қысқарған сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын табыңыз.
A) БҰҰ-ға
B) ХШЖК не
C) педколледж-ге
D) смдей
E) ҚРның
|
5. Реттік сан есімді табыңыз.
A) Алты.
B) Алтыншы.
C) Алты-алтыдан.
D) Алтау.
E) Алты бүтін оннан бір.
|
6. Көңіл күй одағайлары және -ақ, -ай, -ау шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.
A) Лепті сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Сұраулы сөйлем.
D) Риторикалық сұрау.
E) Жайылма сөйлем.
|
7. Омоним болатын сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ақбілек бейнеттен құтылды.
B) Көңілінде ой, көзінде жас.
C) Өмір өзі үйретеді.
D) Мәселе тым қиын еді.
E) Дала қараңғы.
|
8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Толған ай.
B) Он шақты адам.
C) Құрдай жорғалау.
D) Қырға шығу.
E) Жүйрік ат.
|
9. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді анықтаңыз.
A) Әңгіме.
B) Бұрым.
C) Қала.
D) Кілт.
E) Дана.
|
10. Туынды зат есімі бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Күзгі күн салқын еді.
B) Шәкірттерім ақысыз өнер көрсетті.
C) Ол түйінді пікірлерін ортаға салды.
D) Айдар достарымен келісті.
E) Нағашы әжемнің жасаған жақсылығы көп.
|
11. Атау тұлғадағы сын есімнің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
Жарамсақтықтың жолы - жіңішке.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Пысықтауыш.
|
12. Еш есімдігінің бөлек жазылатын орнын табыңыз.
A) Еш(қайда).
B) Еш(бір).
C) Еш(кім).
D) Еш(біреу).
E) Еш(адам).
|
13. Жедел өткен шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.
A) -п, -ып, -іп;
B) -атын, -етін;
C) -йтын, -йтін.
D) -ды, -ді, -ты, -ті.
E) -ған, -ген, -қан, -кен;
|
14. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
A) Шапшаң.
B) Әнеугүні.
C) Әдейілеп.
D) Құсша.
E) Биіктеп.
|
15. Бейнелеуіш сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Ербең-ербең, бұрқ-сарқ.
B) Сырт-сырт, қарш-қарш.
C) Жапыр-жұпыр, жалп-жалп.
D) Шаң-шұң, жарқ-жұрқ.
E) Бырт-бырт, бүгжең-бүгжең.
|
16. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз.
A) Оқуға бар, өнерді үйрен.
B) Ауылдың маңы, менің кітабым.
C) Биік тау, орындалған арман.
D) Мен барамын, сен сөйлейсің.
E) Бақытты балалық, кең дала.
|
17. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
|
18. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген елшісімін.
B) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
C) Бақыт кеше келді.
D) Ораз отыр.
E) Ол еш уақытта қуанған емес.
|
19. Одағай сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) – Түу, есім жаңа кірді ғой!
B) Бәріміз де үнсіз қалыппыз.
C) Әлбетте, ғарыш арқылы зерттейміз.
D) Туып-өскен жер оңай дейсің бе?
E) Рақмет, балам, жолың болсын!
|
20. Етістік → зат есім → сын есімді қатарды табыңыз.
A) Білімі.
B) Зейнетін.
C) Зейнеткер.
D) Біліммен.
E) Білімпаз.
|
21. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тілшіге өлеңдер ұнамады.
B) Қазір радио арқылы орталықпен сөйлеспек.
C) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
D) О заман, бұ заманда естімеген оқиға екен.
E) Ит ашуын тырнадан алады.
|
22. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.
B) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
C) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.
D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.
E) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.
|
23. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Қоғам маған әділ ме, әділетсіз бе, ол туралы ойланған емеспін, – деді Манарбек.
B) Ешкімге өкпе-назының жоқ, тілеуінің ақ екенін айтты.
C) – Төңіректі шолып жүрсің бе, құлыным?
D) Жоламан былай деді: «Апам барқыт бешпент тігіп берген».
E) Әулет құптау білдіріп, басын изеді.
|
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Шіркін, мына саф ауа не деген жұпар еді!
B) Шіркін, мына саф ауа; не деген жұпар еді!
C) Шіркін, мына саф ауа, не деген жұпар еді.
D) Шіркін мына, саф ауа, не деген жұпар еді.
E) Шіркін мына саф ауа не деген жұпар еді!
|
25. Публицистикалық стильдің сипатын анықтаңыз.
A) Жұртпен дидарласу.
B) Экспрессивті сөздер қатыспайды.
C) Жұртшылыққа үндеу, үгіт айтады.
D) Құрылысына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады.
E) Құжаттарды жазуда арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынады.
|