1. Көнерген сөзді белгілеңіз.
A) Салық.
B) Ғарышкер.
C) Айбалта.
D) Жолсерік.
E) Ажар.
|
2. Еріндік дауысты дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Амал, үкі.
B) Ине, ілгіш.
C) Өмір, ошақ.
D) Ыдыс, өрік.
E) Әкім, елік.
|
3. Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Ас.
B) Ажар.
C) Жұрт.
D) Самал.
E) Сана.
|
4. Дара сөзді табыңыз.
A) Тасбақа.
B) Нұрғожа.
C) Табыскер.
D) Әлдекім.
E) Айнамкөз.
|
5. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
A) Төртеу.
B) Үш-үштен.
C) Үштік.
D) Елулеп.
E) Үштен бір.
|
6. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
B) Біздің бәріміздің ойымызда осы елдің абыройы тұруы керек
C) Ал бүгінгі заман өзгерді, бүгінде бәрі дайын
D) Бүгін қалаға кетемісің
E) Бүгінгі болашақ қамы – ертеңгі ұлттың қамы
|
7. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Бағыт, бағыныш, бағыныңқы.
B) Зиян, залал, шығын.
C) Өнер, өнеге, өнім.
D) Жеті, жетік, жетіген.
E) Заң, заңгер, заңғар.
|
8. Антоним сөздерді табыңыз.
A) Сөндіру - өшіру.
B) Алапай - талапай.
C) Жоғары - жанында.
D) Ақ жүрек - арам.
E) Алыста - шалғайда.
|
9. Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Қосаяқ.
B) Құрық.
C) Тұлым.
D) Салым.
E) Жүгаяқ.
|
10. Көмекші есімді қатарды табыңыз.
A) Әсемпаз болма әрнеге.
B) Ауылдың маңы қалың орман екен.
C) Бір қағазды алып, тесіле оқыды.
D) «Жанға жан, қанға қан!» – ұран болды.
E) Немересін алдына алған кәрі әже ақырын бесік жырын айтады.
|
11. Емлеге сай жазылған болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
A) Көзін ашқан сәбидің көңіліндей,
Кірлемейді еш қандай алтын аппақ.
B) Қайда барам, қайда барып тоқтаймын,
Оны еш кім де айта алмайды нақ ашып.
C) Болған емес еш қашан күшім кенде,
Толып тұрған сияқты ішім кенге.
D) Бұл жылдар ешжерге де тоқтамапты,
Алды екен қайдан ғана от қанатты.
E) Азық алдым өз бойыма асылдан,
Туған елден ештеңем жоқ жасырған.
|
12. Сөйлемдегі есімшенің қызметін белгілеңіз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
A) Баяндауыш.
B) Толықтауыш.
C) Анықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Пысықтауыш.
|
13. Есім сөздерден жасалған үстеуді көрсетіңіз.
A) Арабша, латынша.
B) Оқырман, сөйлемпаз.
C) Ұшқыр, алғыр.
D) Сынық, сирек.
E) Ұрыншақ, көреген.
|
14. Дыбыстық еліктеуішті анықтаңыз.
A) Жалт ете түсті.
B) Жалт қарады.
C) Ербең етті.
D) Бүгжең қақты.
E) Шарт-шұрт сынды.
|
15. Демеулік шылаудың түрін табыңыз.
Ертең емес, бүгін, қазір-ақ жүрсек етті.
A) Сұраулық.
B) Шектік.
C) Күшейткіш.
D) Болжалдық.
E) Нақтылау.
|
16. Жалғау арқылы байланыс тәсілін көрсетіңіз.
A) Ұлт қасиеті.
B) Ежелгі сырлы Шығыс.
C) Ұлттық мұра.
D) Айтыс және көрермен.
E) Уыздай ұйыған берекелі тірлік.
|
17. Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.
A) Оны білгенін жасырды.
B) Ауданға барды.
C) Ойында сақтаулы.
D) Оқуға түсті.
E) Келгеніне риза болды.
|
18. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Тойған үйге тоғыз бар.
B) Асқардың көзі түсті.
C) Жарқыраған айдын көл.
D) Амал не, көнуге тура келеді.
E) Шумақты қайталай бергісі келді.
|
19. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.
B) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
E) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
|
20. Күрделі сөз қатыспаған қатарды көрсетіңіз.
A) Мың-мың сала өмірдің өрісі бар,
Керегіңді мөлшерлеп бөлісіп ал.
B) Тыныш-ақ Есіл ағысы,
Талдарын самал тербейді.
C) Самалың бетті сипап жүрек тербер,
Әсем ән, «Саржайлаудай» күйің қандай!
D) Сарыарқа сал домбыра секілденіп,
Жанымның лүпіліне бекінді еніп.
E) Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыс тауың,
Тарихын тамашаға толы айтады.
|
21. Толықтауыш қызметіндегі заттанған сын есімдерді анықтаңыз.
A) Үлкенге де, кішіге де адал бол!
B) Бақыт деген – бір үркітсең, жақындамай қоятын кіп-кішкене нәзік құс.
C) Ақылды адам сөзді орнымен айтып, жөнді жауап күтеді.
D) Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
E) Кеңесті білім озады, кеңессіз білім тозады.
|
22. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты табыңыз.
A) Аспан бұлтсыз, күн шаңқан ыстық еді.
B) Ду күлген балалар тынышталған соң, қатені қалай түзетуді сұрадым.
C) Оттың жалыны көрінбейді, жаңа тұтанды.
D) Жел саябырлаған сияқты, бірақ күн жылынбады.
E) Сенің алдыңда әдемі болашақ бар, сондықтан әр күніңді бос өткізбе.
|
23. Көп құрамды төл сөзді белгілеңіз.
A) – Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер.
B) – Жігітім, жарайсың. Күшіңе сүйсіндім, – деді Паң. – Не бата тілейсің?
C) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.
D) Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.
E) Абай Ақылбайдан: – Қалада не хабар бар? –деп сұрады.
|
24. Қыстырмаға байланысты қойылған тыныс белгіні табыңыз.
A) Мен Бауыржанды көтеріп әкеліп, көп ойыншықтың ортасына отырғыздым.
B) Бұл ғасыр адамзат баласы күтпеген ұлы тарихтың жаңа бетін, жаңа тарауларын ашып берді.
C) Жайықтың суын қолымызбен көсіп, топырағын сезіну бақыты былтыр бұйырған еді.
D) Сеңдей соғылысқан замана толқыны, шынында да, даланы да, даланың қайсар ұлдарын да небір ағыстарға салды.
E) Әкем үйден шыққанша, апам Рахиманы киіндіріп қойыпты.
|
25. Қанатты сөздің авторын табыңыз.
«Керекті сөз өз жерінде айтылсын».
A) Қ.Жалайыри.
B) Құтып.
C) С.Сараи.
D) Ж.Баласағұн.
E) А.Йүгінеки.
|