1. Көнерген сөзді белгілеңіз.
A) Өнер.
B) Әнұран.
C) Егемен.
D) Саптыаяқ.
E) Әуежай.
|
2. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) ә
B) е
C) щ
D) ь
E) к
|
3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
A) Қала.
B) Кең.
C) Аға.
D) Бар.
E) Ұл.
|
4. Түбір сөзді анықтаңыз.
A) Мұғалім.
B) Тапқыр.
C) Ақылдас.
D) Байлық.
E) Даналық.
|
5. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
A) Оныншы.
B) Біреу.
C) Он төрт.
D) Алпыстай.
E) Мың шақты.
|
6. Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем атауын анықтаңыз.
A) Лепті сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Жақты сөйлем.
D) Жақсыз сөйлем.
E) Жай сөйлем.
|
7. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
A) Сызғыш.
B) Қалам.
C) Дәптер.
D) Бас.
E) Өшіргіш.
|
8. Синоним болмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Сулы, дымқыл.
B) Әдет, дағды.
C) Ұсақ, алып.
D) Мейрам, мереке.
E) Әдемілеу, сәндеу.
|
9. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз.
A) Қазақ қызы ғажап екен.
B) Алысқа барады.
C) Ауыл-аймақ жиналды.
D) Ауылдың жаны терең сай.
E) Алыстан келді.
|
10. Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Айтыс, келісім.
B) Салауаттылық, зиялылық.
C) Жақсылық, ізгілік.
D) Мұнайшы, жолаушы.
E) Күншілдік, білім.
|
11. Қосарлану арқылы жасалған сын есімді тіркесті көрсетіңіз.
A) Қып-қызыл болу.
B) Әке-шешесі бар.
C) Бірте-бірте үйренді.
D) Үлкенді-кішілі үйлер.
E) Қолма-қол орындады.
|
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Төрт түлік мал – қазақ халқының шаруашылығының негізгі саласы.
B) Бүгінгі өмір тіршілігімізде малдың орны ерекше.
C) Қой, ешкі, сиыр, жылқы – бәрі де үй жануарлары.
D) Табиғаттың жанды көрінісінің бірі – төрт түлік мал.
E) Қазақ халқы жылқы малын аса қадірлеген.
|
13. Бұйрық рай қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Шәкен айтарын айтып жүріп кеткен.
B) Мұратыңа жеткенше, дос-дұшпанға сыр берме.
C) Тыста қоңыр күздің сызы білініп тұрғандай.
D) Күн арқан бойы көтерілген екен.
E) Оның жүзі қуарып, қолдары дір-дір етеді.
|
14. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Кеше жіберді.
B) Соншалықты көбею.
C) Жоғары шығу.
D) Мөлшерлеп болжау.
E) Тезірек келу.
|
15. Еліктеу сөзді көрсетіңіз.
A) Жә.
B) Шыр-шыр.
C) Ойпырым-ай.
D) Шөре-шөре.
E) Үйге қарай.
|
16. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Күні бойы.
B) Ұлы арналар.
C) Айтып салды.
D) Көз ілмеді.
E) Ауызға іліну.
|
17. Күрделі баяндауышты табыңыз.
A) Үй айналып жүгірме.
B) Көшеде біреу кетіп барады.
C) Мұғалім сыныпқа кірді.
D) Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
E) Ұлпан бүгін көңілді.
|
18. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
Ысқырып соққан жел.
A) Жалаң.
B) Жақты.
C) Жақсыз.
D) Атаулы.
E) Толымды.
|
19. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін табыңыз.
Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің көше-көше боп орнауы ұнады.
A) Қыстырма сөз.
B) Төлеу сөз.
C) Одағай сөз.
D) Төл сөз.
E) Қаратпа сөз.
|
20. Қайталама қос сөздің қосымшалы түрін көрсетіңіз.
A) Мың «сіз-бізден»
Бір шыж-быж артық.
B) Сөйтіп, ырың-жырың боп жүргенде, біздің бәрімізді қайта табыстырған күтпеген бір оқиға килікті.
C) Ауылға жақындай бергенде, шаң-шұң айқай шықты.
D) Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Астана – Батыс пен Шығыстың ортасынан шыққан синтез.
E) Нағыз талантқа қамқорлық керек.
|
21. Септеулік шылауды табыңыз.
A) Ерболмен шын досша қоштасты да, кейін қайтты.
B) Ол Құдаймендемен түс шайысып жүрген-ді.
C) Үйде от басындағылардың қасы мен қабағына қарайсың.
D) Мана түстен кейін Естай оны мұнтаздай қып киіндіріп қойған.
E) Бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау.
|
22. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Сәрсен әбден шаршаған еді, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді.
B) Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.
C) Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды.
D) Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір көрші халықты біліседі.
E) Ақымақпен дос болғанша, ақылдымен жауласқан артық.
|
23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
A) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек, ағаңның қолына су құй қалқам Ботагөз.
B) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
C) – Жоғары шық – деді үйге кірген Асқарға Балтабек, ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
D) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек Ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
E) Жоғары шық, – деді, үйге кірген Асқарға Балтабек, – Ағаңның қолына су құй, қалқам, Ботагөз.
|
24. Берілген төл сөзге қажетті тыныс белгілерін қойыңыз.
Абай: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дейді.
A) Тырнақша, үтір, сызықша.
B) Тырнақша, сызықша, нүкте.
C) Үтір, сызықша, нүкте.
D) Сызықша, үтір, леп белгісі.
E) Тырнақша, үтір, көп нүкте.
|
25. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.
A) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
B) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
C) Қазбаларда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
E) Алыс жол атты сынайды.
|