Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі 4 курс МІ 5 страница



№115

Гемостаз мақсатында тамырлық тігіс қандай тамырдың жарақатында салынады?

Капиллярлардың
Артериолалардың
Венулалардың
Артериолалар мен венулалардың
Магистральді тамырлардың

 

№116

Қан кетуді жергілікті тоқтату үшін қолданылады:

Полиглюкин
Викасол
Сарысу
Гемостатикалық губка
Криопреципитат

 

№117

Кан кетуді тоқтатудың физикалық әдісі:

Тамырды бойлай байлау
Диатермоэлектрокоагуляция
Гемостатикалық губка
Жараны тығындау
Тамырлық тігіс

 

№118

Ірі артериялық тамыр жарақаттанғанда қан кетуді уақытша тоқтату әдісін атаңыз:

Аяқ-қолды жоғары көтеріп ұстау
Диатермоэлектрокоагуляция
Қан тоқтататын қысқыш салу
Жергілікті суық басу
Гемостатикалық губка

 

№119

Қан кетуді тоқтатудың биологиялық әдісін атаңыз:

Жараны шарбы майымен тығындау
Жараны дәкемен тығындау
Адреналинді енгізу
Аминокапрон қышқылын венаға енгізу
Викасолды бұлшық етке енгізу

 

№120

Қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын химиялық затты атаңыз:

Полиглюкин
Викасол
Реополиглюкин
Кальций глюконаты
Гепарин

 

№121

Жалпы резорбтивті әсер көрсететін гемостатикалық заттарды атаңыз:

Фибриноген, трасилол
Тромбин, кальций хлориді
Фибриноген, реополиглюкин
Тромбин, реополиглюкин
Трасилол, викасол

 

№122

Қан кетуді уақытша тоқтату үшін басып таңу қандай жағдайда қолданылады?

Бұғанаасты венасы жарақаттанғанда
Ұйқы артериясы жарақаттанғанда
Бастың жұмсақ тіндерінен қан кеткенде
Тізеасты аймағы жарақаттанғанда
Тізе буынының гемартрозында

 

№123

Қан кетуден болған жедел гиповолемия кезінде трансфузионды емнің кезектілігін (реттілігін) атаңыз.

Аминокровин — қан құю — полиглюкин
Полиглюкин — қан құю — реополиглюкин
Физиологиялық ерітінді — қан құю — реополиглюкин
Гипертониялық ерітінді — қан құю — полиглюкин
Қан құю — полиглюкин — жаңамұздатылған плазма

 

№124

Қан кетуді біржолата тоқтатудың химиялық әдісінде қолданылатын заттар:

Корглюкон, аминокровин
Адреналин, кальций хлориді
Полиглюкин, тромбин
Фибриноген, трасилол
Гемостатикалық губка, сутегінің асқын тотығы

 

№125

Қан кетуді тоқтатудың біржолата әдісі:

Тамырды саусақпен басу
Жараны басып таңу
Қан кетуді тоқтататын қысқышты салу
Тамырлық тігіс салу
Эсмарх бұрауын салу

 

№126

70-жастағы науқаста екі аяғының теріастылық веналарының варикозды кеңею ауруы бар. Кенеттен оң балтырында орналасқан кеңейген вена түйіні жарылып, қан кету белгілері байқалды. Жарадан белсенді түрде, әлсіз сарқырап қою қан кетіп жатыр. Науқасқа қандай көлемде алғашқы көмек көрсетілуі тиіс?

Қанап тұрған варикозды түйінді тігіп, иммобилизация жасап, хирургиялық стационарға жеткізу керек
Саусақпен басып, хирургиялық стационарға жеткізу керек
Жараны басып таңып, аяқты жоғары қалыпта ұстап, хирургиялық стационарға жеткізу керек
Жараны залалсыз таңғышпен таңып, иммобилизация жасап, анальгетиктерді салу
Эсмарх бұрауын салып, хирургиялық стационарға жеткізу керек

 

№127

Хирургиялық бөлімге тізеасты аймағында тізеасты артериясы жарақаттанған кесілген жарасы бар науқас жеткізілді, бірақ сіз тамырлық тігіс салу әдісін игермегенсіз. Осындай жағдайда қандай дәрігерлік көмек көрсетесіз?

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу және тізеасты артериясын байлау керек
Тамырға уақытша шунт қойып, қалпына келтіру отасын жасау үшін санавиациямен ангиохирургты шақыру керек
Тізеасты артерияны қалпына келтіруге тырысу қажет, болмаған жағдайда байлап тастау керек
Жараны басып таңып, аяқты жоғары қалыпта қан тоқтағанша ұстап тұру керек
Қан тоқтататын дәрілерді енгізіп, Эсмарх бұрауын салу

 

№128

Таңертең шап жарығына ота жасалған науқаста кешкісін жарадағы таңғыш қанмен өте қатты малынған. Бір сағаттың ішінде қан кетуді жергілікті тоқтату әдістері (мұз басу, ауыр зат қою) нәтиже берген жоқ. Осындай жағдайда ең тиімді тактика?

Парентеральді гемостатикалық ем жүргізу керек
Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау керек
Жараны тексеріп, гемостаз мақсатында қосымша тігіс салу керек
Жаңамұздатылған плазма мен эритроцитарлы массаны құю керек
Жарадан тігісті алып, гемостаз мақсатында жараны дәкемен тығындау керек

 

№129

Жарақат алғаннан кейін сол жақ тізе аймағындағы ауру сезіміне шағымданып қабылдау бөліміне науқас жеткізілді. Буыны шар тәрізді домбыққан, тізелік тобықтың былқылдап қозғалуы анықталады. Рентгенограммада сүйектің зақымдалу белгілері жоқ. Сіздің диагнозыңыз бен емдеу шараларыңыз қандай болмақ?

Тізе буынының соғылуы. Тыныштық пен анальгетиктер тағайындау керек
Тізе буынының гемартрозы. Буынға пункция жасау, басып таңу, суық басу және аяқтың иммобилизациясын жасау керек
Тізе буынының байламдарының созылуы. Басып таңу, суық басу және тыныштық қалыпты сақтау керек
Препателлярлы флегмона. Флегмонаны тіліп, дренаждау, аяқтың иммобилизациясын жасау керек
Тізе буынының іріңді бурситі. Буынға пункция жасау, дренаждау және аяқтың иммобилизациясын жасау керек

 

№130

Асқазан-ішектен кан кетумен 45 жастағы науқас түсті. ЭФГДС-та асқазанның ойық-жарасынан массивті түрде үдемелі қан кету анықталды. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай болмақ?

Гемостатикалық ем жүргізу, эритроцитарлы масса мен жаңамұздатылған плазманы құю
Блэкмор сүңгі түтігін қою және гемостатикалық консервативті ем жүргізу
Шұғыл лапаротомия және асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясын жасау
Шұғыл лапаротомия және сол жақ асқазан артериясын байлау
Эпигастрий аймағына суық басу, парентеральді гемостатикалық ем жүргізу

 

№131

Қан тобын анықтау барысында изогемагглютинация реакциясы 0 (I) және В (III) стандартты сарысулармен оң болды, ал А (II) — теріс болды. Зерттелген қан қандай топқа жатады?

Бірінші
Екінші
үшінші
Төртінші
Сарысулардың жарамсыздығы.

 

№132

Қан тобын анықтау барысында изогемагглютинация реакциясы 0 (I) және А (II) стандартты сарысулармен оң болды, ал В (III) — теріс болды. Зерттелген қан қандай топқа жатады?

Бірінші
Екінші
үшінші
Төртінші
Сарысулардың жарамсыздығы.

 

№133

Қан тобын анықтау барысында изогемагглютинация реакциясы 0 (I), А (II) және В (III) стандартты сарысулармен теріс болды. Зерттелген қан қандай топқа жатады?

Бірінші
Екінші
үшінші
Төртінші
Сарысулардың жарамсыздығы

 

№134

Қан тобын цоликлондармен анықтау барысында агглютинация реакциясы анти-А және анти-В цоликлондарымен оң болды. Зерттелген қан қандай топқа жатады?

Бірінші
Екінші
үшінші
Төртінші
Моноклоналды антиденелерінің жарамсыздығы

 

№135

Қатерсiз iсiктiң ауру белгiсін көрсетiңiз:

Құрылымы бөлiктi және пішіні дөңгелек
Жылжымайды және жанындағы тіндермен жабысқақ;
Үлкейген безi түйiндерi басып карағанда білінеді;
Ісiк қолмен басып қарағанда ауырады;
Ісіктің үстiнде жұмсақ лықсу болады.

 

№136

Саналанған ісіктердің қайсысы қатерсіз болады?

меланома;
фиброаденома
аденокарцинома;
лимфосаркома;
фибросаркома.

 

№137

Рак дамиды:

жетілмеген дәнекер тіндерінен
темiрлiк немесе жабынды эпителінен
қан тамырларынан;
без түйiндерiнен;
тегiс немесе көлденең жолақты бұлшықеттерден.

 

№138

Дәнекер тінін шыққан қандай iсiк қатерлi болып табылады?

фиброма;
липома;
хондрома;
остеома;
саркома

 

№139

Қатерсiз iсiктер үшiн не тән?

тез өсуi;
тінге еніп өсуі;
арықтауы;
тез шаршау;
жанындағы тіндермен жабыспайды

 

№140

Қатерсiз iсiктер үшiн не тән?

тез өсуi;
тінге еніп өсуі;
операциядан кейiн қайталануға бейімділігі;
метастаз беруге қабiлеттiлiктiң жоқтығы
зат алмасуға қатты ықпал етуі.

 

№141

Қатерлі iсiктерге тән емес не?

қабығының бар болуы
құрылымының өзгешелігі;
көшіктенуі;
құрылымының көптүрлілігі;
өсуi өзіндік салыстырмалы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.