Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі 4 курс МІ 1 страница



 

ТОО «Колледж «Меирбике» Центр тестирования ТОО «Колледж «Меирбике» Тестілеу орталығы

 

 

Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі 4 курс МІ

 

Описание теста
Бағдарлама тек тест орталығына арналған. "Мейірбике" колледжі Программа предназначена только для центра тестирования! Колледж "Мейірбике"

 

Инструкция
Тест орталығының ережесі:   Емтихан уақытында Тест орталығының ережесі:   Емтихан алдында Сіз тестке 15-20 минут қалғанда тест орталығына келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге Сынақ кітапшасы қажет. Сынақ кітапшасында сіздің суретіңіз бен қолыңыз міндетті түрде болуы керек. Жоғарыдағы ережеге сәйкес емес сынақ кітапшасы бар кандидат емтиханға жіберілмейді. Емтиханға Сіздің қателіктеріңізге байланысты ереже бұзушылық болса тестке айыппұл төлегеннен кейін жіберіледі.  Емтихан басталар бұрын Сіз міндетті түрде тест орталығының келісім шартына қол қоюыңыз қажет. Сіз қол қоя отырып тест орталығың ережелерін және ақпараттың құпиялығын жарияламауға келісесіз.   Емтихан уақытында Барлық кандидаттың жеке заттары ата аналарына немесе т.б. адамдарға тапсыратын болады. Кез-келген емтиханға қажетті заттарды (қалам, парақ) тест орталығы ұсынады. Тест аяқталған бойда барлық жазбаларыңызды тест орталығының администраторына қалдырасыз. Тест уақытында Тест орталығының ұсынған заттарын ғана қолдана аласыз. Емтихан уақытында Тест орталығының администраторы Сізді бақылайтын болады. Емтихан бейне бақылауға түсіріліп және ол қажет жағдайда қолданылуы мүмкін. Администратордан тест сұрақтары бойынша ақпарат сұрауға болмайды. Емтихан жүргізілу барысында өзге кандидаттарды мазалауға болмайды. Уақыт аяқталысымен тест автоматты түрде тоқтатылып баллыңыз шығарылады.   Тест орталығының администраторы, егер Сіз ережені бұзған жағдайда ескертусіз тест тоқтатуға құқылы. Егер тест тоқтатылған жағдайда барлық ақпарат тест орталығының директорына ескертілетін болады. Тестке төленген қаражат қайтарылмайды. Ережені бұзған кандидатқа өзге де ескертулер айтылуы мүмкін. Емтиханнан кейін Тест тапсырылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде жауаптары мен транскрипт ұсынылатын болады немесе колледждің жеке сайтына шығарылады www.meirbike.com  

 

№1

Қандай антисептик көк ірің таяқшасын жояды.

Сутегінің асқын тотығы.
Салицил қышқылы.
Фурацилин
Бор қышқылы
Спирт

 

№2

Қай антисептик ауыр металдардың тұздарына жатады:

Брилиант жасылы.
Диоксидин
Фурацилин
Лизол
Сулема

 

№3

С4 ерітіндінің басқа атауы.

Хлорамин
Первомур
Лизол
Сулема
Диоксидин

 

№4

Ағылшын хирургі Листер операция бөлмесіндегі ауаны залалсыздандыруда қолданған.

Сулема
Карбол қышқылы
Хлорамин
Бор қышқылы
Хлорофил

 

№5

Биологиялық антисептикке жататын ерітінділер.

Сульфаниламидтер
Нитрофурандар
Вакциндер
Ауыр метал тұздары.
Тотықтырғыштар

 

№6

Төменде келтірілгендердің қайсысы аралас антисептикаға жатады:

Жараны антибиотиктермен және ферменттермен емдеу
Науқасты пенциллинмен және сарысумен емдеу
Некрэктомия және жараны стерильді ауамен кептіру
Лазерлі сәулелендіру және өліеттенген тіндерді электрокоагуляциялау
УЖЖ терапия және жараны дренаждау

 

№7

Антибиотиктерді ұзақ қолдану кезіндегі болатын асқыну

Дисбактериоз
Артериялық қысымының көтерілуі
Тахикардия
Қанның ұйығыштығының жоғарылауы
Тромбоэмболия

 

№8

Белсенді иммунизация жүргізу кезінде қолданылатын препарат:

Стафилококкты анатоксин
Антистафилококкты гамма-глобулин
Бактериофаг
Сіреспеге қарсы сарысу
Гангренаға қарсы сарысу

 

№9

Арнайы белсенді иммундылықты көтеруге қолданады:

Стафилококкты анатоксин
Продигиозан
Бактериофаг
Левамизол
Дегмин

 

№10

Тотықтырғыштар тобына жататын:

Фурацилин
Хлоргексидин
Сутегінің асқын тотығы
Сулема
Күміс нитраты

 

№11

Нитрофуран туындыларына жатады:

Хлоргексидин
Фурацилин
Сулема
Сутегінің асқын тотығы
Этазол

 

№12

Механикалық антисептикаға жататыны:

Жараны дренаждау
Жараны кептіру
Некрэктомия
Ультракүлгін сәулелендіру
Жараның электрокоагуляциясы

 

№13

Төменде келтірілген емдік шараларының қайсысы антисептиканың биологиялық әдісіне жатады:

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
Жараны сутегінің асқын тотығымен шаю
Сульфаниламидтерді тағайындау
Протеолитикалық ферменттерді қолдану
Некрэктомия

 

№14

Төменде келтірілген емдік шаралардың қайсысы антисептиканың физикалық әдісіне жатады:

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
Жараны сутегінің асқыну тотығымен шаю
Сульфаниламидтерді тағайындау
Некрэктомия
Жараны дренаждау

 

№15

Төменде келтірілген емдік шаралардың қайсысы антисептиканың химиялық әдісіне жатады:

Жараның біріншілік хирургиялық өңдеу
Жараны сутегінің асқын тотығымен өндеу
Некрэктомия
Жараны дренаждау
Ферменттерді қолдану

 

№16

26 жастағы науқас С. сол жақ тізесінің газды гангренасымен қабылдау бөліміне түсті. Хирург сол жақ аяғына лампастық тілік жасады. Ол жараны мүмкіндігінше қандай антисептикалық ерітіндімен өңдеуі тиіс.

Сутегінің асқын тотығы
Хлоргексидин
Фурацилин
Сулема
Диоксидин

 

№17

20 жастағы науқас оң жақ сан аймағына пышақтық жарақат алғаннан кейін 6 сағаттан соң қабылдау бөліміне түседі. Хирург қандай механикалық антисептика жүргізуі керек?

Біріншілік ерте хирургиялық өңдеу
Біріншілік кеш қалдырылған хирургиялық өңдеу
Некрэктомия
Екіншілік хирургиялық өңдеу
Жараны дренаждау

 

№18

36 жастағы науқас Д. құрсақ арты кеңістігінің флегмонасына жасалған операциясынан кейін 10 тәулік бойы массивті антибактериальді ем қабылдаған. Емдеу курсынан кейін науқасты диспепсиялық құбылыстар мазалады. Науқаста қандай асқыну.

Аллергиялық реакциялар
Артериялық қысымының жоғарылауы
Естудің төмендеуі
Дисбактериоз
Тахикардия

 

№19

23 жастағы науқас Ю-да, аппендэктомия операциясынан кейін жарасы іріңдеді, сонымен қатар іріңді бөлініс жасыл түсті, тәтті иісті. Жараны өңдеу үшін қандай тиімді антисептикті қолданған жөн.

Хлорамин
Бор қышқылы
Сынап дихлориді
Фурацилин
Диоксидин

 

№20

40 жастағы науқас З., оң жақ білегіндегі жайылған іріңді-некрозды жарасымен қабылдау бөліміне түсті. Қабылдаған хирург механикалық антисептика мақсатында жүргізу керек.

Біріншілік ерте хирургиялық өңдеу
Некрэктомия
Біріншілік тігіс салу
Екіншілік тігіс салу
Біріншілік кеш қалдырылған хирургиялық өңдеу

 

№21

23 жастағы науқас К., ауру басталғаннан кейін 4 тәуліктен соң жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, іріңді перитонит диагнозымен түсті. Науқаста септикалық жағдай. Иммунологиялық реактивтілігі төмендеген. Қандай арнайы емес препаратпен иммунитетті жоғарылатуға болады?

Стафилококкты анатоксин
Гангренаға қарсы сарысу
Сіреспеге қарсы сарысу
Антистафилококкты гамма глобулин
Продигиозан

 

№22

32 жастағы науқас Д-ға сол жақ санындағы іріңді-некрозды жараға некрэктомия жүргізілді. Жараның қол жетімділігі қиын жерлердегі некроздан толық тазалау мақсатында қолданылады:

Фурацилин
Протеолитикалық ферменттер
Бор қышқылы
Диоксидин
Ультрадыбыс

 

№23

Науқас С. 18 жаста, сол аяқ тізе абсцессін ашу жүргізілді. Химиялық антисептикпен өңдегеннен кейін абсцесс қуысы қандай затқа малынған салфеткамен дренаж жасалынады?

Изотониялық ерітіндімен
Сулемамен
Сутегінің асқын тотығымен
Гипертониялық ерітіндімен
Рингер ерітіндісімен

 

№24

49 жастағы науқасқа жайылған іріңді перитониті бойынша операция жасалынды. Операция іш қуысын түтіктермен дренаждауымен аяқталды. Дренаждаудың бұл түрі антисептиканың қай түріне жатады.

Механикалық
Физикалық
Химиялық
Биологиялық
Аралас

 

№25

Науқас З. 36 жаста, санының іріңді-некроздық жарасына екіншілік хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жараны өңдеу протеолитикалық ферменттер мен резеңкелі дренажды қоюмен аяқталды. Антисептиканың қай түріне жатады?

Механикалық
Физикалық
Химиялық
Биологиялық
Аралас

 

№26

Науқастың жаралық бөліндісінен алынған себіндіден көкірің таяқшасы анықталды. Жараны мынаумен өңдеген жөн.

Спиртпен
Салицил қышқылымен
Бор қышқылымен
Сутегі асқын тотығымен
Йодпен

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.