Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі 4 курс МІ 7 страница



№173

Сіреспенің классикалық симптомына жатпайды:

тризм
сардоникалық күлкі
опистотонус
көкіректі адам жүрісі (походка гордеца)
көлденең салалы бұлшықеттерінің тоникалық және клоникалық тырысулары

 

№174

Сіреспенің шұғыл бейспецификалық алдын алуына жатады:

сіреспеге қарсы сарысу салу
сіреспе анатоксинінін салу
сіреспеге қарсы иммуноглобулин салу
жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
гипериммунды плазма салу

 

№175

Септикопиемия — бұл сепсис түрі:

көмірсутегінің алмасуының бұзылысы дамуымен
көптеген біріншілік ошақтармен
іріңді метастаз түзілуімен
іріңді метастаз түзілуінсіз
іштей уланудың шарықтауымен

 

№176

Сепсис дамуының қажетті жағдайлары болады:

гематогенді жолмен микробты инвазия
иммунды жауаптың өзгеруі
жүрек- қан тамыр жеткіліксіздігі
көмірсу алмасуының бұзылысы
бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі

 

№177

Микроорганизмдердің қанға өтуіне біріншілік іріңді ошақтың осындай ерекшелігі бейімдейді, қалай:

биологиялық қарқынды заттарды синтездеу бейімділігі
қанмен қамтамасыз ету қабілеті
орналасу тереңдігі
микробтарға тіннің тұрақтылығы
қоздырғыш вируленттілігі

 

№178

Сепсис кезіндегі гипопротеинемия мен диспротеинемия болу себебі:

бауыр қызметінің бұзылысы
бүйрек қызметінің бұзылысы
жүрек қызметінің бұзылысы
көмірсутегі алмасу қызметінің бұзылысы
май алмасу қызметінің бұзылысы

 

№179

Сепсис кезіндегі экстракорпоральды детоксикация әдісіне не жатпайды:

гемосорбция
лимфосорбция
диурезді күшейту
плазмаферез
ксеносорбция

 

№180

Тілмемен ауыратын науқастың оң аяғында тексеріс барысында гиперемия әртүрлі көлемдегі көпіршіктер, серозды және серозды — геморрагиялық қабыну анықталды. Тілменін қандай түрі дамыды?

қанталаған;
көпіршікті:
іріңді:
өліеттенген;
іріңді - өліеттенген;

 

№181

Газды гангренада тіннің еруі кезінде сіз хирургиялық емнің қандай әдісін таңдау керек?

жараны біріншілік хирургиялық өңдеу;
жараны сутегі асқын тотығымен және каий перманганатымен хирургиялық өңдеу;
гильотиндық ампутация;
галлоидты заттармен хирургиялық өңдеу
тұкыл мен аяқталатын ампутация

 

№182

Плевра қусына пункция жасағанда 1,0 литр серозды экссудат алынды, пункцияны қалай аяқтау керек?

Инені шығару
Антибиотик енғізу және инені шығару
Дренажды түтік салу
Плевра ішілік лаваж жүйесін орнату
Тұрақты аспирациялық вакуум орнату

 

№183

Қант диабетімен ауыратын науқаста жауырын аралық шиқан пайда болды. Хирургиялық емнің қандай әдісін қолдану керек?

Іріңдікті көлденең тіліп ашу және некроэктомия жасау
Іріңдікті тігінен тіліп ашу және некроэктомия жасау
таза тін аясында тілу
Крест тәрізді тілік және некроэктомия
Тілік жасау және гипертониялық ерітіндіге малынған дәкемен дренаждау.

 

№184

Науқаста оң жақ өкпе қуысында іріңді плеврит. Қандай нүктеге плевралық дренаж орнату керек?

Орталық бұғаналық сызыққа қатысты 2-ші қабырғааралық
Жауырын сызығы бойынша 5-6 қабырға аралық ;
Жауырын сызығы бойынша 6-7 қабырға аралық
Қолтықтың артқы сызығы бойынша 4-5 қабырға аралық
Қолтықтың артқы сызығы бойынша 7-8 қабырға аралық

 

№185

Плевритпен ауыратын науқастың ренгенсуретінде сұйықтық деңгейі және одан жоғары ауа жиналғаны анықталды. Жобамен инфекцияның түрі қандай?

стафилококты;
стрептококты;
көкірің;
колибациллярлы;
іріңді.

 

№186

Басқарылатын лапаростомия қолданылады?

Тіндердің айқын жанасуы үшін
Жарада іріңдеуін алдын алу үшін
Іш қуысын қайталап тазалау үшін
Іш қуысы ағзаларының эвентрациясының алдын алу үшін;
Ішектің операциядан кейінгі қозғалысының бұзылуының алдын алу үшін.

 

№187

Шальков түтікшесін қоюға болмайды:

жергілікті перитонитте;
жайылған перитонитте;
жайылмалы перитонитте;
шұғыл операция кезінде ішек пен ішек жалғанған кезде;
жіңішке ішек өтімділігінің жіті бұзылуы кезінде.

 

№188

Құрсақ қуысының оң не сол бүйір қуысы мен кіші жамбас қуысында сұйықтық болуы кезіндегі қойылатын диагноз:

жергілікті перитонит;
жайылмалы перитонит;
жайылған перитонит;
тотальды перитонит;
жайылмаған перитонит.

 

№189

Іріңді қабыну ауруының жалпы емінің қағидаларына жатпайды:

антибактериялық ем
улануға карсы ем
иммундық жүйені күшейтетін ем;
іріңді ошақты тазалау
жүйелердің бірқалыптылығын түзету

 

№190

Ауыр перитониттен болатын гипопротеинемия кезінде тамыр ішіне жіберу керек:

полидез;
полиглюкин, реополиглюкин;
глюкоза
альбумин, вамин, полиамин
физиологиялық ерітінді

 

№191

Организмнің ауыр улануы кезіндегі эритроциттердің уытты бұзылуын білдіреді:

гипербилирубинемия
гипопротеинемия
гиперпротеинемия
уремия
гиперглюкоземия

 

№192

Қан құрамының іріңді - қабыну үрдісінің ауыр дамуы кезіндегі белгілері болады:

түстік көрсеткіштің төмендеуі
тромбоцитопения;
таяқшалы ядролы нейтрофильдердің санынының көбеюі
эритроцитоз;
эозинофилия.

 

№193

Экссудаттық плеврит кезіндегі көкірек аралықтың ығысуы болады

жабысу үрдісінің дамуынан;
плевра қуысында сұйықтың жиналуынан
плевра қуысында газдың жиналуынан;
жүректің жедел жетіспеушілігінен
диафрагма күмбезінің биік орналасуынан.

 

№194

Газды гангренаның қанталаған түрінде жарадан бөлінеді:

көлемді іріңді
аз көлемдегі ірің
көлемді сірлі
көлемді сірлі-қан аралас
аз көлемді сірлі-қан аралас

 

№195

Анаэробты гангренаны жоғары нәтижелі емдеу әдісі болып табылады:

жоғары қысыммен оттегімен байыту
жараның шектелуі
жараны ағынды жуу
антибиотиктерді енгізу
жараны ультракүлгін сәулемен өңдеу

 

№196

Шүйдеге шыққан шиқанды қандай операциялық емдеу әдісін қолдану керек?

пункция
кесіп тастау
ашу және түтікше қою
кресттәрізді ашу
кресттәрізді ашу және өлі еттерді алып тастау.

 

№197

Флегмонасын ашқаннан кейін науқаста дене температурасы төмендеген, бірақ жарадан іріңнің көп бөлінуі бар. Не істеу керек?

Жараға ультракүлгін сәуле қолдану
Жараны тексеру және қосымша тіліктер жасау
Қанды егуге тағайындау
Рентген сәулесімен емдеуді тағайындау
Антибиотиктермен емдеуді күшейту.

 

№198

Септикалық шок неден болады:

іріңнің қуыстарға шығуы;
қанға көп көлемде микробтар мен олардың уытының түсуі
қан жоғалту мен сепсистің сәйкес келуі
кенеттен пайда болған иммундық жетіспеушілік
сақталмалы улану

 

№199

Адамның эхинококпен негізгі жұқтыру жолы:

эхинококк жұмыртқасын жұту;
эхинококктың дернәсілін жұту
дернәсілдің теріге түсуі
жануарлар тістегенде қанға түсуі
операция кезінде жұқтыру.

 

№200

Эхинококктың ақырғы иесі

шошқа;
қасқыр
сиыр;
қой;
ешкі.

 

№201

Эхинококк паразитінің қанға түсерде ең бірінші кездестіретін тосқауылы:

Өкпе
Көкбауыр
Жүрек
Бүйрек
Бауыр

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.