Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде



Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде

есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық

аударым есептеу кестесі

  Станоктың бастапқы құны (теңге) Өндіріл- ген өнім көлемі (дана) Бір жылдық амортиза циялық аударым сомасы (теңге) Жинақ- талған тозу сомасы (теңге) Станок- тың қалдық құны (теңге)
Сатып алынған кездегі     -   -   -  
1-жылдың соңында
2-жылдың соңында
3-жылдың соңында
4-жылдың соңында
5-жылдың соңында

        Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

3. Жылдамдатып есептен шығару әдісі

а)  Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (коммулятивтік әдіс)

    Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының (аталуының) себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандардың қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

 

                

 

    Мысалы: станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны- коммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффиценті өзгеріп отырады, яғни осы мысалымызда:

    бірінші жылы 5/15

    еінші жылы 4/15

    үшінші жылы 3/15

    төртінші жылы 2/15

    бесінші жылы 1/15-ге тең болады.

    Станоктың бастапқы құны 1000000 (бір миллион) теңге, қалдық құны 100000 (жүз мың) теңге болған жағдайда оның амортизацияланатын аударым мөлшері 900 000 (тоғыз жүз мың) теңгені құрайды (1000000-100000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

    1-жыл АА=5/15х (1000000-100000)=300000тг.

    2-жылАА=4/15х (1000000-100000)=240000тг.

    3-жылАА=3/15х (1000000-100000)=180000тг.

    4-жылАА=2/15х (1000000-100000)=120000тг.

    5-жылАА=1/15х (1000000-100000)=60000тг.       

    Сандардың қосындысын, яғни коммулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

 

                                      

мұндағы,

S-сандардың қосындысы,

N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

Біздің мысалымыз бойынша

               

 

    егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, коммулятивтік сан 55-ке тең болады.       

                  

 

  Негізгі құрал-дардың бастарқы құны (теңге) Жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге) Жинақталған тозу сомасы (теңге) Негізгі құрал-дардың қалдық құны (теңге)
Сатып алынған кездегі - -
1-жылдың соңында 5/15х9000000=300000
2-жылдың соңында 4/15х900000=240000
3-жылдың соңында 3/15х900000=180000
4-жылдың соңында 2/15х900000=120000
5-жылдың соңында 1/15х900000=600000

    

4.  Қалдық құнының кему (қалдықты) әдісі

        Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына емес, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

   Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі бес (5) жыл, сондықтан бірқалыпты (тура жоды) есептеген шығару әдісі бойынша жылдық амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал қалдық құнының кему әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 40% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы (проценті) негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп (біздің мысалда 29600 теңге), өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.