Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясын есептеу.



3. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясын есептеу.

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғаты күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).

Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. НҚ-дың табиғи тозуы олардың көп өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескеруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі б.т. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты.

Барлық ұйымдар қандай меншікте болсада өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай НҚ-дың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

· жерге;

· кітапхана қорларына;

· фильм қорларына;

· архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

· өнімді малдарға;

· мұражайлық құндылықтарға.

   Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады.

Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды.

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

1. құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

2. құнын орындалған жұмыстың өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде  есептен шығару (өндірістік әдіс);

3. жылдамдатып  есептен шығару;

а) қалдық құнының кему әдісі;

б) құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

                                                                          

  1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

   Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектнің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда  негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

    Мысалы: станоктың бастапқы құны бір миллион (1000000) теңге, ал қалдық құны жүз мың (100000) теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес (5) жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол жүз сексен мың (180000) теңгені құрайды. Яғни

    Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы , ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5=20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.

 

                        900 000 20%= 180 000

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000 : 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.