![]()
|
|||||||||||||||||
Станокка амортизациялық аударым сомасының бес жылСтанокка амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады
Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады: 0.негізгі құралдардың падалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты); 1.жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады; 2.негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады. 2.Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс) Бұл әдіс объектінің пайдаланылғын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0.09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын. Егер станок бірінші жылы 3 миллион екінші жылы 3 миллион үшінші жылы 2 миллион төртінші жылы 1 миллион бесінші жылы 1 миллион өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бірінші жылы 270000тг = 3 миллион х 0.09=270000 екінші жылы 270000тг = 3миллион х 0.09= 270000 үшінші жылы 180000тг=2миллион х 0.09=180000 төртінші жылы 90000тг=1миллион х 0.09= 90000 бесінші жылы 90000тг=1миллион х 0.09=90000 сомаларына тең болады.
|
|||||||||||||||||
|