Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Глоссарий



Глоссарий

Монтаж – дегеніміз машинаның пайдалану орынында, оны құрастыруға, жобалық жағдайға орнатуға, баптауға, пайдалануға тапсыруға арналған жұмыстар кешені.

Такелаждық жұмыстар (голл.takelage)- жүктерді тиеу мен түсіру, жөндеу,монтаждау кезінде орындалатын, оларды қармау мен босату, көтеру мен қою,жылжыту және жүкті көтеріп ұстап тұру операцияларын атаймыз.

Жүккөтергіштік- жұмыс жүгінің ең үлкен салмағы, скалярлық шама, салмақтық өлшемі (кг, т).

Орнықтандыру(грек. basis—негізі). Монтаж кезінде машинажасаудағыдай орнықтандыру деп машинаға немесе монтаждалатын түйінге таңдалған координаттар жүйесіне қатынасты қажетті жағдайға келтіру. Базалық бөлшекпен түйінге қатынасты өзге бөлшектермен түйіндерді бағыттайды. Негізгі базалыққа машинаның тіреулік бөліктері(корпусы, рамасы, тұғыры, плитовиналар) жатады.

Сапа (Quality) – бұйымдардың тағайындалуы бойынша қажеттілік деңгейін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы.

Дайындық коэффициенті (Availability Factor) – жоспарланған қолданбайтын уақытын ескергендегі бұйымның кез-келген мерзім ішінде жұмыс істеу қабілетін сақтауы.

Сенімділік (Dependability; Reliability) – бұйымның (барлық) жалпы пайдалану мерзімі ішінде қажетті көрсеткіштерді сақтау қасиеті.

Бұзылу (Failure) – оқиға, бұйымның іс істеу қабілетінің іске жаралуы.

Жұмысқабілеттік (Availability; Serviceability) - бұйымның жүктелген функциясын атқарып, берілген параметрлерін өзгертпейжұмыс істеуі;

Жөндеу (Repair) - машина жұмысқабілеттігін қалпына келтіруге арналған жұмыстар кешені.

Техникалық күтім (Maintenance)-бұл машина жұмысқабілеттігін сақтауға арналған жұмыстар кешені.


* Жабдық деп шикі өнімді жартылай фабрикатқа немесе дайын өнімге айналдыру процесіне қолданылатын транспорттық құралдармен механизмдер, машиналар мен барлық агрегаттарды айтамыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.