|
|||||||||||||
дәрістің тақырыбы. Пайдаланудың негізгі мәселелері13 дәрістің тақырыбы. Пайдаланудың негізгі мәселелері Жабдықты пайдалануда өндірістік және техникалық пайдалану терминдері кездеседі. Оларға түсінік беріп кететін болсақ. Өндірістік пайдалану деп машина өнімділігін өндірістік қолданылу бойынша орындалатын ұйымдастыру іс шараларын айтады. Техникалық пайдалану деп қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және машина жұмысқабілеттілігін сақтауға және жөндеуге, және ТК орындауға бағытталған техникалық іс шараларды айтады. Кез келген техникалық жүйе қолданылуының құрылымдық тәсімі 17 суретте көрсетілген.
Сурет 17. Техникалық жүйе қолданылуының құрылымдық тәсімі
Ұйымдастыру жұмыстарына:жөндеу техникалық қызмет құрылысы (ЖТҚ); машинаны пайдалануға енгізу, сақтау, қабылдау тәртібі; техникалық пайдаланудың дұрыстығын тексеру; жөндеу мен техникалық күтімі жүйесі жатады. Техникалық жұмыстарға машинаның техникалық жағдайына бақылау, түйіндері мен бөлшектеріне бақылау (диагностика), рұқсат етілетін желінуді нормалау, жөндеу мен ТК бойынша жұмыс өндірісінің технологиясы. КТМ ақаусыздығын қамтамасыз ету барлық пайдалану мерзімінде кез келген кәсіпорынның күнделікті маңызды мәселесі болып саналады. Дұрыс пайдалану бірінші кезек жөндеу мен техникалық күтім шығындарына байланысты. Көп машиналар көбінесе ауыр жағдайларда пайдаланатын шығыны қызмет көрсету мерзімі ішінде машина бағасынан 4-5 есе артып кетеді екен. Сонымен бірге уақытылы жоғары сапалы өткізілген ТК мен жөндеу жұмыстары машиналарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Дұрыс өндірістік және техникалық пайдалану машинананың қызмет көрсету мерзімін қосымша шығындарсыз ұзартып халықшаруашылығының маңызды негізгі мәселесі болып саналады. Бүгінгі күні КТМ кейбір түрлеріне қажеттілік қанағаттанарлықсыз болып отыр.
Машинаның сақталуы. Завод-дайындаушы келетін КТМ құрастырылған күйде немесе орнатылатын жерінде жиналадыда біршама уақыт жұмыс істемейтін жағдайда болады. Бұл жағдайда ол машиналардың дұрыс сақталуы ұйымдастырылып, бөлшектерінің жоғалып кетпеуін немесе сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен зақымдалмауы қарастырылу керек. Сондай ақ машинаға күтім жасап ауысым аралық үзілістерде сақталуын қамтамасыз ету қажет. Тұтынушыға машинаны өткізіп, сақтауға қою техникалық пайдаланудың бір құрама бөлігі болып саналады. ГОСТ 7751–85 сәйкес машинаның сақталуы – бұл жұмыс кезіндегі үзіліс уақыттарында машина жұмысқабілеттілігін жоғалтпауға арналған іс шаралар жиынтығы деп айтылған. Машина сақталуының үш түрі бар: ауысымаралық, қысқамерзімді және ұзақ. Ауысымаралақ сақталу техникалық күтімге қажетті іс шара болып саналады. Ол машинаның сыртқы күтімі бойынша жұмыстардың орындалуын. Және жаңа ауысым басталғанда машина жұмысының дұрыс іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Көбін ашық алаңда төменгі температурада пайдаланатын машина сақталуын дұрыс ұйымдастыру маңызды орын алады. Қысқа мерзімді сақталуды егер жұмыс істемеу мерзімі 10 күннен 2 айға дейін созылған жағдайда ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді сақталуда жұмыс көлемі сақталу ұзақтығына, климаттық жағдайына, жабық бөлменің болуына және машина құрастырылымының ерекшелікткеріне байланысты. Кейбір жағдайда консервациялық жұмыс жүргізілуін талап етеді. Ұзақ сақталуда (2 айдан жоғары) ашық беттердің ауа райы әсерінен қорғауы бойынша кешенді жұмыстар талап етіледі, сонымен қатар машина салмағынан түсетін жүктеме әсерін шектеу мен монтаждық кернеуді шектеду орындалу қажет. Ұзақ сақталу алдында машинаға ТК жүргізілу керек, қажет болған жағдайда ағымдағы жөндеуден өту керек, олар өту консервацияланған соң күрделі жөндеуге дейін 300 сағ. машина жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етеді. ТК мен жөндеуден өткен соң машинаның іші сырты мұқият жуылып тазартылады. Боялған жерін зақымдамау үшін қолмен немесе судың шашыраған ағымы қолданады. Сосын машина құрғатып сүртіп, бояуы кеткен жерлерін қырып майдан тазартып ажарлап бояйды. Боялмаған беттерді құрамында тотығу ингибиторлары бар, май қабатын жағады. Маңызды түйіндермен бөлшектерді полимерлік қабатты қаппен жауып немесе майлы қағазбен орап тастайды. Электржабдықты, аккумуляторлар мен бақылау аспаптарын ағытып алып жабық бөлмеде сақтайды. Аккумуляторларды сақтауға қояр алдында зарядтайды, ал 6 айдан жоғары сақталатын болса 0,75 В кернеуге дейін зарядталуын азайтып, электолитін құйып алып дистилирленген сумен шаяды. Резиндік бұйымдарды (шиналар, камералар, таспалы конвейерлер т.б.) қараңғылау бөлмеде 5–15 0С температурада сақтайды. Ағытылған жабдықты белгілеп, бирка орнатады. Машина бөлшектерінің қалдық деформациясын болдырмау үшін, арнайы тіреулер мен төселімдер қойылады (рессорлар, серіппелер, ұстаптұрушы және аспалы арқандар т.б.). Сондықтан ондай машиналардың элементтері жебелер, контржүктерге, консолдерге, козлы, тіреу шпалды торлары қойылады. Консервация бойынша жұмыстар аяқталған соң сақталу карточкасы толтырылып, кабина, капотты, жанармай багының қақпағын пломбылайды; машинаға жауап беретін адам және сақталуға қойылған күні көрсетілген табличка орнатылады. Ашық аспан астында сақтағанда консервация жағдайын әрбір 2,5-3 ай сайын тексеріп, қажет болған жағдайда қалпына келтіріледі. Машинаны қабылдау және беру. Консервациядан немесе жөндеуден соң завод дайындаушыдан, сол сияқты пайдаланушы ұйымнан жөндеуге немесе өзге ұйым балансына берерде сақталуда жауапкершілікті күшейтуге және машина жұмысқабілеттілігін қалыпты ұстауда белгілі бір қабылдау-беру тәртібі орнатылған. Жөндеуден соң машина қабылдауының тәртібі ГОСТ 24406–80, ГОСТ 24407–50, ГОСТ 24408–80 көрсетілген. Күрделі жөндеден өткен машина жаңа машиналардай немесе соған жақын жұмыс сипаттамаларын көрсетуі қажет. Жөндеу кәсіпорындарында тапсырар алдында машинаны сынақтайды, ТББ (ОТК) қызметімен қабылдайды, техникалық талаптар мен жағдайларына, техникалық пайдалану инструкциясына сәйкес жанармай мен май, жұмыс сұйықтығымен толтырылады. Заводтық жөндеуден соң машинаны ұйым өкілі қатысуымен комиссия қабылдайды. Қабылдау кезінде машинистте қатысуы қажет. Расконсервация- қорғау қаптарын ағытып, сыртқы беттерді керосинді шүберктермен сүртіп тазалап, сыртқы күйіне тексеріс жасапот алдырып жай және жүктеме астында тексеру. Машинаны сынау. Машинаны дұрыс пайдалануын оны төменгі жүктеме режимдерінде сынақтаудан соң қамтамасыз етіледі. Сынақтау мерзімінде машина бөлшектерінің дайындау және құрастырудағы жіберілген ақаулары білінеді. Пайдалануы жөніндегі инструкция машинаның дұрыс тасымалдануын, сақталуы, Тк және қолданылуы жөніндегі қажетті мағлұматтарды береді. Завод берген инструкция негізінде машина пайдаланушы ұйымда өздері инструкция жасап, оған жергілікті пайдалану жағдайлары, күтім жасаушы персоналдар құқығы, ауысым аралығында қабылдау, өткізу тәртібі, ТК мен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі енгізіледі.
|
|||||||||||||
|