Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәрістің тақырыбы. Тасымалдау машиналарын пайдалану кезінде Техника қауіпсіздігімен мен жұмыс істеу ережелері. Техникалық тексеріс.



14дәрістің тақырыбы. Тасымалдау машиналарын пайдалану кезінде Техника қауіпсіздігімен мен жұмыс істеу ережелері. Техникалық тексеріс.

 

Машинаны куәліктендіру – техникалық тексерістің негізгі іс шарасы. Оның мақсаты Госгортехнадзор ережелеріне және тіркеу кезіндегі құжаттарға сәйкес машинаның қызметі мен қондырғы техникалық жағдайының сәйкестігіне тексеру болып саналады. Техникалық куәліктеніру мерзіміне байланысты бастапқы, кезектен тыс; сынақталуына қарай толық және бөлікті деп бөлінеді.

Бастапқы КТМ техникалық куәліктендіруі заводтан немесе жөндеу кәсіпорындарынан құрастырылып келінген машиналар завод техникалық бақылау бөлімімен (ОТК) жүргізіледі. Әрі қарай техникалық куәліктендіру жоспарлы түрде сол машинаның иегері кәсіпорында өткізіледі.

Бөлікті техникалық куәліктендіру 12 айда бір реттен кем емес, ал үш жылда бір рет толық жүргізіледі. Жабдықтардың жөндеуі кезінде ғана сирек қолданатын машиналар бес жылда бір рет өткізіледі.

Технадзор ұйымдарында тіркелген лифтілер техникалық куәліктендіруге жылына бір рет өткізілуі қажет.

Жүккөтеру машиналары кезектен тыс техникалық куәліктендіруі монтаждан кейін, жаңа орынға орнатыларда, машинаны модернизациялауда, металл құрылымдық элементтерінің ауыстырылғанында, күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі.

Ондай жұмыстарға тексеріп қарау, статикалық және динамикалық сынақтаулар кіреді. Тексеру процесінде электржабдық, механизм элементтері, тежеу, қауіпсіздік аспаптары, басқару жүйесі, сигнализация, жарықтандырылуы, габариттері қарастырылады. Сонымен бірге ілмек, сапалық жабдық бөлшектері, крандық жолдың жағдайы, элетр сымдарының жерге жалғануы тексеріледі.

Статикалық сынақтау машина беріктілігі мен оның элементтерінің және жүктік тұрақтылығы тексеріледі. Статикалық сынақта жүктеме олардың жүккөтергіштігінен –ке, кіші жүк лифтілерінде 50 %, ал лифтінің бақа түрлеріне 100 % беріледі. Көпірлік, консольды, козловой крандарда сынақтауда жүкті 200-300 мм биіктікке көтереді. Жебелік кранда жебе жүріс бөлігіне қатынасты ең тұрақсыз жағдайға қойып, жүкті 100 мм биіктікке көтереді, егер 10 мин. Ішінде көтерілген жүк жерге түспесе кран сынақталғаны.

Динамикалық сынақтау жүк көтеру машиналарының механизмдері мен тежеуін, лифтілерді буфері мен ұстағыштарын тексереді. Динамикалық сынақтауда жүккөтергішінен 10 % жоғары жүктерді көтеруді қайталайды және машинаның барлық механизмдерінің істелуін тексереді.

Техникалық куәліктендіру жұмысының нәтижелері машина паспортына немесе формулярына жұмысты жүргізген адаммен жазылады, және келесі сынақтан өту мерзімі көрсетіледі, және олар тіркеу және тексеру журналынада жазылуы керек.

Техникалық куәліктендіруге ағытылмалы жүк көтеру құрылғылары(стропы, шынжырлар, тра­верстер т.б.). Олардың техникалық жағдай тексеріліп номинальдан 25 % ке жоғары жүктемемен сынақталады. Оларды пайдалану процесінде келесідей мерзімде тексерілістен өтуі керек: траверстер 6 айдан кем емес, қарпығыштар мен ыдыстар 1 ай сайын,стропалар 10 күн сайын.

Тексерісті ұйымдастыру. КТМ иесіоны әрқашанда техникалық жарамды күйде ұстау қажет. Осы мақсатта машина пайдалануына жауапты адамдар белгіленіп, жөндеу қызметтері құрылып, оқыту, білімін тексеру; КТМ қызмет етуге рұқсат беру ережелері жасалынады. Олар машинаның техникалық жағдайын, дұрыс пайдалануын тексеріп, куәліктендіруді, техникалық күтіммен жөндеу жұмыстарының жүргізілу кестесін сақталуын, Госгортехнадзор ережелерінің сақталынып жұмысшылардың машиналарды басқаруға және қызметіне жіберілуін тексереді. КТМ ақаулығы немесе пайдалану мен қауіпсіздік ережелері бұзылатын болса, тексеруші инженерлік техникалық қызметкер оларға шара қолданып, ол іске аспаған жағдайда машинаны тоқтата алады.

Өндірістік жарақат алудың басты себептері Госгортехнадзор және жұмыс қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік салалық стандарттар жүйесі қарастырған ережелерді сақтамау салдарынан болады. Жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда, машина пайдалануының қауіпсіздігіне жауапты адамдардың өзінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқарғанда өндірістік жарақат алуға себеп жағдайлар азайып, жойылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.