|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыртқы факторлардың әсер ету мысалы: NGN өту ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 6.3 Сыртқы факторлардың әсер ету мысалы: NGN өту
6.1 суретте ЖҚТЖ дамуының бір қатар сыртқы факторлары көрсетілген. Біріншісі Операторлық іскерлігі өзгерістеріне байланысты. Екі процессті қарастырайық. Бірінші процесс - XX ғасырдың 90-шы жылдары жаңа Операторлар пайда болды. Бұл Операторлар кішігірім абоненттер тобына телефон байланысы үшін жоғары сапалы коммутацияланатын жалғанулар мен Интернетке модем арқылы қол жеткізуды қамтамасыз ететін. Екінші процесс қалааралық және халықаралық телефон байланыс нарығының демонополизациясына байланысты. Жалпы, олар ЖҚТЖ дамуына алып келді. ЖҚТЖ Операторының клиенттер базасының бөлінуін екі қарау тұрысынан зерттеуге болады. Егер абоненттердің топтарға бөлінуі тек ғана әр түрлі трафик көлемі мен қызметтеріне байланысты болса, ЖҚТЖ өзгерістер қажетті емес. Егер абоненттердің топтарға бөлінуі ЖҚТЖ функционалды мүмкіндіктері олармен қызметтерге қойылған талаптарға сәйкес болмауына байланысты болатын жағдайда екі негізгі шешім қолданады Бірінші шешім – ЖҚТЖ жаңалату арқылы кейбір қызметтерді қолдау мүмкінсіз болатын жағдайда қосымша желі құру. Екінші шешім – шектелмеген қызметтер жиынын қолдауға бағытталған ЖҚТЖ толық жаңалату. ЖҚТЖ Операторлары екінші шешімді қолдайды. NGN өтуге негізгі факторлар: - SLA келісімін енгізу нақтылы абоненттер топтарымен жаңа қызмет көрсету деңгейі мен инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектріне талап қоюды білдіреді. - электробайланыстың қазіргі даму кезеңі интеграция және конвергенция процесстерімен сипатталады. Қазіргі интеграция процесстері желілер мен ресурстар біріктіруінің экономикалық тиімділігімен байланысты. ЖҚТЖ цифрлеу процессі беру және коммутация жүйелерінің интеграция процесстерімен байланысты. Осындай түсіндірудің негізі беру жүйесіндегі АЦТ жергілікті АТС абоненттік құрамына ауыстыру болып есептеледі. Интеграциялық процесстерінің мысалы ретінде ISDN концепциясын қарастыруға болады. ISDN концепциясының негізінде бірнеше желілер интеграция мүмкіндігі жатады. Бастапқы кезеңінде ISDN концепциясы ЖҚТЖ негізгі даму баағыты ретінде қарастырылды. Бірақ, ISDN функционалдық мүмкіндіктерін төлей алатын абоненттердің саны шектеулі болды. Содан кейін NGN концепциясын құру кезінде «интеграция» терминді аз қолданды. Сонымен қатар, NGN басты мақсаты - 6.2 сурет – желілердің интеграциясы болып табылады. Телефон байланысы, мәліметтермен алмасу мен теледидар мен дыбыс арқылы хабар беруге арналаған желілер NGN концепциясында негізделген бір желіге біріктіріледі. NGN сөйлеу, мәліметтер мен видео трафиктеріне қызмет көрсете алады. Осындай мүмкіндігін «triple-play services» терминімен атайды. NGN осы аспектін көбінесе конвергенция процесстеріне байланысты. «Конвергенция» терминнің негізгі мағынасы - әр түрлі тағайындалуымен желілер арасындағы ұқсастығын табу болып есептеледі. Конвергенция процесстерін әр түрлі желілердің даму барысындағы функционалдық мүмкіндіктерінің жақындалуы ретінде қарастыруға болады. Конвергенция процесстерінің динамикасын фиксирленген және жылжымалы байланыс желілер дамуында байқауға болады. Бұл үшін әр желі үшін екі эволюция кезеңін «кеше және бүгін» анықтаймыз.
6.2 сурет – Желілер интеграция процесстері (NGN концепциясы)
6.1 кестеде екі желілеріндегі қызметтердің іске асырылуы келтірілген. Жылжымалы желі ретінде GSM стандартының мәліметтері көрсетілген. 6.1 кесте Фиксирленген және жылжымалы желілердегі қызметтердің іске асырылуы
6.1 кестеге ескертулер: а) ЖҚТЖ білдіреді; б) I кезеңі ISDN қызметтер болмаған уақытымен байланысты; в) II кезеңі ISDN функционалдық мүмкіндіктерін енгізу уақытынан басталады; г) II кезеңі GPRS функциясын енгізу уақытынан басталады; д) технологиялар туралы ақпарат мобильдік байланыс туралы дәрістерде берілген; е) EDGE және Wi-Fi функциялары енгізілді; ж) теледидар бағдарламаларын беру желілерінде іске асырылады; з) қызметтер қолдауы толық көлемінде іске асырылмайды; и) терминал мобильділігі сымсыз байланыс стандартымен шектеледі. 6.1 кестесі бойынша конвергенцияның негізгі мағынасы: фиксирленген және жылжымалы байланыс желілерінің функционалдық мүмкіндіктері жақындайды. Кейбір функционалдық мүмкіндіктері бірдей болып табылады. Мысалы, мәліметтер алмасудың жылдамдықтары. Сонымен қатар, мобильдік телефон мен компьютер экранының размерлерін, фиксирленген желідегі терминалдың мобильдік функцияларының кеңейтілу көрсеткіштерін салыстыруға болмайды. Фиксирленген және жылжымалы желілердегі терминалдар үшін функционалдық мүмкіндіктерінің жақындалуы біріктірілген қолданудың жаңа мүмкіндіктерін береді. Мысал ретінде терминалдың жылжыту уақатында желі ауысуын келтіруге болады. Сонымен, ЖҚТЖ Операторында эксплуатациядағы инфокоммуникациялық жүйенің екі негізгі дамыту жолы бар. Біріншісі дамыған мемлекеттегі іске асырылған ЖҚТЖ жаңалату вариантын қолдануғ яғни ЖҚТЖ цифрлеу процессі аяқталды, содан кейін NGN өту процесстері басталды. Екінші жолы «кешіккеннің артықшылығы» деп аталады, яғни кешігіп келе жатқан Оператор алдында кележатқанның артықшылықтары мен кемшіліктерін анализдеп оптималды шешімдер қабылдайды. «Кешіккеннің артықшылықтары» принципі 6.3 суретте көрестіледі. Суреттің жоғарғы бөлігінде инфокоммуникациялық жүйенің модернизациялаудың бірінші стратегиясы келтірілген. Олар дамыған мемлекеттердегі ЖҚТЖ эволюция тарихын анықтайды. Суреттін төмен бөлігінде инфокоммуникациялық жүйесін жаңалатудың екінші стратегиясы көрсетілген. Бұл стратегия Қазақстандағы ЖҚТЖ эволюциясын түсіндіреді. а) инфокоммуникациялық жүйесін жаңалатудың бірінші стратегиясы
б) инфокоммуникациялық жүйесін жаңалатудың екінші стратегиясы 6.3 сурет – ЖҚТЖ – нен келесі ұрпақтағы желілерге өтудің екі стратегиялары
Бірінші стратегиясы үшін ЖҚТЖ цифрлеу процессінің аяқталу нүктесі – Т2 мен NGN құру басталу нүктесі – Т3 аралығында инфокоммуникациялық жүйесінде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Екінші стратегияда NGN құрылуы ЖҚТЖ цифрлеу процессі орындалу кезінде басталады - T4 және Т6 нүктелер сәйкесінше. Қазақстанда цифрлеу процесстері орындалуда, сондықтан Операторлар «кешіккеннің артықшылықтары» принципін қолдана отырып ЖҚТЖ жаңалатады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|