Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Телефондық байланыс дамуының желілік аспектілер



6.2 Телефондық байланыс дамуының желілік аспектілер

 

 

NGN толық түрде өтуіне дейін, Қазақстан желісінде ЖҚТЖ цифрлеу процессі жалғастыра береді. Қазақстандық ЖҚТЖ цифрлеу тарихында бес негізгі аспектін бөліп шығаруға болады.

Біріншіден, ЖҚТЖ цифрлеу процессі ұзақ уақыт бойы қалаларда жүргізілді. Көп елдерде цифрлы коммутациялық жабдықтау біріншіден қаларалық телефондық желісінде орнатылатын. Қазақстанның географиялық ерекшеліктеріне байланысты көліктік желіні жаңарту процессі тез орындала алмады.

Екіншіден, әр түрлі себептер әсерінен цифрлеу процессінің жүргізілуі жылдам емес. Бірінші цифрлы коммутациялық станцияның енгізілу уақытынан (1984 ж.) бастап цифрлеу деңгейі 60% болды. Басқа елдерінде цифрлеу процессі жылдамырақ жүргізілді.

Үшіншіден, ЖҚТЖ цифрлеу деңгейінің иерархия деңгейлер бойынша айырмашылықтары бар. Қалааралық желісінде цифрлеу процессі 100% болды. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіштер төменірек.

Төртіншіден, қалаларда цифрлеу процессінің басталу кезінде коммутациялық станциялардың сыйымдылықтары аналогты АТС сыйымдылықтарына тең болып алынатын. Басқа елдердегі Операторлар жоғары сыйымдылықпен цифрлы коммутациялық станцияларды орнатып, қол жеткізу желісін құру үшін шығарылатын концентраторларды қолданды.

Бесіншіден, стандартталмаған сигнал беру жүйелерін (ITU-T ұсыныстарына қатысты) қолдануы шетелде өңделген коммутациялық станциялардың программалық жабдықталуын толықтыруға қажетті жұмыстарды жүргізуге алып келді. Бұл коммутациялық жабдықтауына арналған шығындарды көбейтті, содан кейін ЖҚТЖ цифрлы бөлігінде жалпы сигнал беру жүйесі қолданыла бастады.

Қазіргі қазақстандық ЖҚТЖ АТЖ-дегі цифрлеу процессінің төмен жылдамдығы мен ҚТЖ үлкен сыймдылықпен АТС аз қолданылуымен сипатталады.

 

Жергілікті телефондық желілердің цифрлеу процессі қол жеткізу желілеріне таралмаған. Бұл телефон желісінің компоненті бір қатар арнайы ерекшеліктерімен сипатталады. Оның іске асырылуына барлық ЖҚТЖ-не салынатын инвестицияларынан шығындары 20 - 30% тең болады. Ең үлкен телефондық жүктеме сағатында абоненттік жолы алты минут босатылмайды (қол жеткізу желісін құру кезінде бұл шама трафик интенсивтілігі 0,1 Эрл белгілі). Соынмен қатар, қол жеткізу желісі ЖҚТЖ ең сенімсіз компоненті болып есептеледі. Халықаралық статистикасы бойынша барлық байланыс бұзылуының 25% қол жеткізу желісіне байланысты.

Қол жеткізу желілер Операторлармен сөйлесулерді беру үшін арнайы құрылған Бұл эксплуатацияланатын қол жеткізу желілері тональді жиілік өткізу жолағында ақпаратпен алмасуға арналғанын білдіреді. Қол жеткізу желісі телефондық байланыс үшін және күзету сигнал беру жүйелеріндегі көліктік ресурстары ретінде, абоненттік телеграф желісі мен орта жылдамдықпен мәліметтерді тарату үшін қолданылатын. XX ғасырдың аяқталуында ЖҚТЖ абоненттер топтары арасында төленетін кеңжолақты қол жеткізу қызметіне сұраныс талап қоятын тобы құрылды. Нәтижесінде xDSL технологялардың жиынтығы өңделді.

6.1 суреттегі желілік шешімдеріне жататын ЖҚТЖ даму бағытына әмбебап қызмет көрсетудің іске асырылуын қарастыруға болады. «Байланыс туралы» заңында әмбебап қызметтер деп аталады. Қазіргі әдебиеттерде «Universal Service» ағылшын терминіне бірыңғай қызмет көрсету мағынасын беріледі, яғни қалалық және ауылдық абоненттерге бірдей қызмет көрсетіледі.

Әмбебап қызмет көрсетуді іске асыру қиыншылықтары алысталған пункттер үшін мүмкін шешімдерін анализдеу кезінде анықталады. Сонымен қатар, қол жеткізу құралдарына тұрақты электрмен қоректенуді қамту мен орнатылған жабдықтауына техникалық қызмет көрсету мәселелері қосылады. Алысталған пункттер үшін байланысты ұйымдастыру кезінде кабельді байланыс жолдарын қолдануы тиімсіз болып табылады.

Қазіргі кезде әмбебап қызмет көрсетуді енгізу үшін таксофондар орнатылып жатыр. Ауылдық жерлерде Интернет қол жеткізу пункттері ұйымдастырылды.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.