|
|||
ТАҚЫРЫБЫ – «ЖҚТЖ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»Стр 1 из 3Следующая ⇒ 6 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ – «ЖҚТЖ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» Мазмұны: 1. Телефон байланысының жүйелік даму аспектілері. 2. Телефоон байланысының желілік жаму аспектілері 3. Сыртқы факторлардың әсер ету факторлары: NGN өту. 6.1 Телефон байланысының жүйелік даму аспектілері.
Телефон байланыс желілер үшін басқа даму кезеңі басталды. Келешекте телефония мультисервистік желінің қосымшасы болатынын жоспарлайды. Телефонияның эволюция себептері ішкі және сыртқы факторлар жиынтығы болып табылады - 6.1 сурет. Ішкі факторлар телефонияның өз даму процесстерімен байланысты. Сыртқы факторларына телефон байланыс жүйесіне сырттан әсер ететін процесстер жатады. Ішкі факторлары жүйелік және желілік шешімдерін анықтайды. Жүйелі шешімдер мысалы ретінде трафик пен нөмірлену бақылау мәселелері, сонымен қатар, оперативті – ізденуші істерді функциясын енгізілуін қарастыруға болады Желілік шешімдердің үш бағытталуы қарастырылады: ЖҚТЖ цифрлеу процессінің жалғастыру, қол жеткізу желісін жаңарту мен әмбебап қызмет көрсетуді қолдау. Сыртқы факторларының осы дәрісте төрт сұрақ қарастырылады. Біріншіден, Оператордың жұмыс принциптерінің өзгерістері әсер етеді. Бұл экономикалық қатынастарының өзгерістеріне байланысты. Екіншіден, инфокоммуникациялық қызметтеріне әр түрлі талап қоятын абоненттер топтары құрылуда. Бұл процесс экономикадағы даму процесстеріне байланысты. Үшіншіден, қазіргі электробайланыс даму деңгейін сипаттайтын интеграция мен конвергенция процесстерінің күшейтілуі. Төртіншіден, NGN жүйесіне өтуге шарттар құрылды, бұл интеграция және конвергенция процесстерімен түсіндіріледі. Сыртқы факторлардың әсерінен қазіргі қолданыстағы телефондық желі болашақта пайдаланбайтын болады. Тек ғана кейбір терминдер қолданыста қалатын шығар. Жергілікті телефондық желі ішінде жалғанулар үшін төлем ақысы есептеу кезінде трафик көлемі әсер етпейтін. Бұл ереже таксофондардан шығыс байланыс пен ақылы ақпараттық-анықтама қызметтер операторларымен жалғануларға қатыспаған. ЖҚТЖ даму барысында жалғанулардың уақыт бойынша бақылау жүйесі өңделді. Бұл жүйенің енгізілуі телефон байланыс жүйесі функционалдық мүмкіндіктерінің кеңейтуіне алып келді. Жалғанулардың уақыт бойынша бақылау жүйесін қолданылуы жүктеме туралы статистикалық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтер трафикті және желіні жоспарлау және т.б. мақсаттар үшін қажет. ЖҚТЖ нөмірлеу жүйесіндегі өзгерістер себептері жалпы және жеке меншік болып бөлінеді. Жалпы себептер барлық жергілікті желілерді сипаттайды. Типтік мысал ретінде – Еуропада қабылданған нөмірлеу жоспары. Бұл жоспар барлық ҚТЖ мен АТЖ бірінші цифраның «1» босатылуына талап қояды. Жеке себептер нақтылы жергілікті телефондық желілеріндегі шарттарына байланысты.
6.1 сурет – Телефония дамуының негізгі бағыттар топтастырылуы
ЖҚТЖ бекітілген жүйелік шешімдерінің өзгерістер мысалы ретінде оперативті-ізденіш істерге байланысты. Күзет пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету министрліктер мен ведомстволардың тиімді жұмысы үшін көптеген елдерде оперативті-ізденіш істер эксплуатацияға енгізілді. Бұл жүйе ресми рұқсат болатын жағдайда ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін береді. ЖҚТЖ негізгі функционалды мүмкіндіктеріне әсер етпейді, сонымен қатар жаңа қызметтерді енгізеді.
|
|||
|