Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті



Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті

Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер (әсіресе шағын бизнесте) барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін (менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер) пайдаланылады.

“Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды орындаушы, оларды іске асырушы.

Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек қана өндірістің элементі емес қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде. Жұмысшы бір мезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік қатынастардың субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны өзгерте отырып, ол экомомикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің экономикалық тәртібін өзгертеді. Оның өндірістегі рөлін қоғамдық қатынастар жүйесін тыс түсінуге болмайды. Өндіріс тұрғысынан адам тек қана оның субъектісі емес, сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу мен айырбас арқылы өтіп, өзінің жолын тұтынумен аяқтайды. Адамның қажетін қанағаттандыру, оның дамуы қоғамдық өндірістің бағытын анықтайды. Кез келген кәсіпкер өзінің шаруашылық іс-әрекетінде табыс алу мақсатын көздейді, бірақ бұл мақсат оның өгдірген өнімдеріне тұтынушы табылған жағдайда ғана жүзеге асады.

Өндіріс факторларының артында адамдардың белгілі бір тобы тұр (еңбек – жұмысшылар, жер – иемденушілер, капитал – оның меншік иесі, кісәпкерлік қызмет - өндірісті ұйымдастырушылар мен басқарушылар) және әр бір фактор табыс әкелу қабілеттілігіне ие. Жұмыс күшінің иесі жалақы формасында табыс алады, жердің меншік иесі – рента, капиталдың меншік иесі – пронцент, кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметтен пайда алады. Өндіріс факторының иесі үшін табыс болатын шама осы факторды тұтынушы үшін шығын болып табылады.

Экономикалық теорияда табыс таза шаруашылық (микродеңгейде) және халықшаруашылық (макродеңгейде) түсінік ретінде ажыратылады. Егер табысты иемдену субъектісіне тәуелді қарастыратын болсақ, бұл жағдайда табыстар төмендегіше бөлінеді.

- тұрғындардың табысы

- кәсіпорын табысы

- мемлекет табысы

- қоғам батысы

Осы табыстардың жиынтығы игіліктер, қызметтер мен өндірістік

ресурстарға максимальді сұранысты анықтайды.

Шаруашылық қызмет қорытындысы бойынша өндіріс факторлық иемденушісі ақшалай формада табыс алады – номиналды табыс. Осы табысқа қатысты оның иемденушісі мен мемлекет арасында күрделі экономикалық қатыснастардың жүйесі туындайды. Мемлекет салықтар арқылы табыстың көп немесе аз бөлігін иемденеді. Табыстың салықтар мен қарыздар бойынша пронценттер тқленгеннен кейін қалатын бөлігі таза табысты құрайды.

Кәсіпорынның табысын талдағанда жалпы, орташа және шекті табыс түсініктері қолданылады. Жалпы табыс ақшалай формада барлық өнімді сатудан түсетін түсім. Орташа табыс салынған өнім бірлігіне есептелінеді. Шеткі табыс қосымша өнім санын сатудан түсетін жалпы табыстың өсімі. Бұл көрсеткіш есебі фирма үшін маңызды мәнге ие. Экономикалық кемімелі табыстылық заңы әрекет етеді және шекті табыстың есебі кәсіпорын үшін өндіріс көлемін өзгерту үшін негіз болып табылады. Кәсіпкер әрқашан тәуекел максималды қысқартып, нарықты жоспарлауға тырысады. өзінің қызметінде ол табыстылықтың құлдырау жағдайымен бетпе-бет келуі де мүмкін. Кемімелі табыстылық заңының мәні бір фактордың қосымша қолданылатын шығындары өндірістің басқа факторлырының өзгеріссіздігі жағдайында қосымша өнімнің аз көлемін береді, демек, жалпы табыс та аз болады. Басқа нәтиже барлық факторарды бірдей және бір мезгілде ұлғайтқан жағдайда алынуы мүмкін. Бұл өнім көлемінің өсуіне алып келеді.бірақ бұл жерде де кәсіпкер қауіп-қатерден сақтануы керек. өйткені тауарлар ұсынысының өсуі нарықтық бағаның түсуіне, ал бұл өз кезегінде қосымша өнім бірлігін сатудан түсетін түсімнің азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын үшін өндіріс ауқымының өсуәе қысқарту сигналы болды.

Кез келген кәсіпорын бір мезгілде белгілі бір өнімнің тауар өндірушісі және сатушысы, сондай-ақ өндіріс факторларын сатып алушы ретінде көрінеді. Сатушы ретінде ол өзінің өнімін қымбат сатқысы келеді. Өндіріс факторлары нарығында өндірістік ресурстарды (еңбек, жер, капитал) арзан сатып алуды көздейтін сатып алушы ретінде көрінеді.өндірістік шығындар шамасы және олардың құрылымы өндіріс факторарын сатып алу құрылымына нақты талаптарды анықтайды. өндіріс факторларына сұраныс ерекшелігі өндіріс сипатымен анықталады. Бұл жерде баcты критерий біреу ғана - өндірілген өнімнің жоғарғы сапасы жағдайында өндірістің ең аз шығындары. Өндірістің әрбір факторының нарықтық бағасын осы фактор көмегімен өндірілетін шеткі өніммен салыстыра отырып, кәсіпкер өз таңдауын жасайды.   

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.