Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі



Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі

Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (2.2 сурет).

 

Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар - қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі - өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылық дәрежесі - ғылым мен техниканың даму деңгейі және оларды өндірісте қолдану - өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің дәрежесі - еңбек жиілігі, яғни кернеуі немесе еңбек жылдамдығы табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)

2.2 сурет

    Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері (ТІРІ еңбегі), машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды. Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор

Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (2.3 сурет).

Осындай үлгідегіқызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)

 

2.3 сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері

2.4 сурет

- Осы бағыттардың біріншісі қазіргі кадрлардың білімділік және кәсіби дайындығын, кеңейтілген көлемде білікті және үздіксіз оқытудың негізінде қамтамасыз етеді. Жаңа техника мен технология ең алдымен оқыту аудиторияларында, одан кейін ғана заводтарда қолданысқа енгізілуі керек. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен үйлестіру өндірістегі өзгерістермен бірге үнемі жүргізілуі шарт.

- Еңбекті интеллектуализациялау еңбектің адам қолымен емес, басымен жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын ұғым.Ол ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен және шығармашылық

ойлау, аналитикалық және шығармашылық сипатқа ие болуымен көрінеді. Адам қолымен емес, басымен жұмыс істейді.

- Өндірістің гуманизациялық үдерісі өндірістің “адамдануын” білдіреді. Бұл еңбек шарттарының жеңілденуі, дұрысталуы және қолайлылығына бағытталған эргономиканың ғылыми ұсыныстардың орындалуын көздейді. Осылардың нәтижесінде еңбектің тиімділігі және оның адамдар үшін тартымдылығы артады.

- Өндірісті демократияландыру қызметкерлердің өз фирмаларының акционерлік капиталдарына қатысуы, оны басқаруы, алынған кірістерді бөлуі арқылы іске асырылады.

Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуіне байланысты жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді.олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде,өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1. Номиналды жалақыға.

2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.