Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ндіріс факторларының нарығы және факторлық



Өндіріс факторларының нарығы және факторлық

табыстың қалыптасуы

 

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттілік­терін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .

Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 2.1).

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - ­ экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.

Бөлудіңарқасында әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады.

Айырбас- мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады­. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана шикізатқа мұқтаж болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады.

Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану ­арқылы, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.

 

Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ қарастырайық.

сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері

Кәсіпорындармен үй шаруашылығы қызмет етуі өндіріс факторларын пайдалануға және оларды пайдаланудан сәйкес табыстарды алуға негізделеді. Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс-әрекеттің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе объектілер түсіндіріледі. Шаруашылық іс-әрекетке тартылатын өндірістік ресурстардың әрқашан да меншік иелері болады және олардың бірде біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға қайтарусыз бере алмайды. Сондықтан да өндірістің негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды иемдену, басқару және пайдалану терең қоғамдық экономикалық қатынастарды қозғайды.

Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құндылық береді. Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданылатын ресурстарың құндылығын тудырады. Оны туынды сұраныс дейді. Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер факторы үшін – жер рентасында, ал капитал факторы үшін – пайдадан көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардаң әр түрлі тобы үшін табыс көзі болып табылады. Табыстардың бөлінуінен тұтыну тауарларына деген сұраныс тәуелді болады. Сұраныс бөлуді тудырса, бөлу сұраныс өнімге деген сұраныстың өсуіне немесе кемуіне тәуелді ұлғаяды немесе қысқарады.

Жер – шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өдірістің басқа факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның шектеулілігінде. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жер құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

Өндірістің адамдық факторы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.