Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





орғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі



Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі

 

     Қорғаныс ғимараттарына адамдарды қабылда, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құраманың жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимаратының коменданты-командир жүргізеді.

     Қорғаныс қимаратына келген адамдардың жеке қорғаныс құралдары (газ қагаз, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік коры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті және заттары мен құжаттары болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

     Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Олар, мүмкіншілігінше, жеке бөлмелерге немесе арнайы бөлінген жерге орналасады.

     Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының үкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.

     Қорғаныс ғимаратында әрбір адамның жатып ұйықтап демалуы кезекпен ұйымдастырылады.

     Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігі мен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радиохабарларын тыңдау ұйымдастырылады.

     РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

     Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жерін, ондағы заттарды ылғал шұберекпен сүрту қажет. Азық-түлік суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

     Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас  жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар противогаз бен теріні қорғау құралдарын киеді.

     Қорғаныс ғимаратынан шығу, сырттағы жағдаймен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін, оның бұйрығы бойынша жүргізіледі. Кіретін және апаттық шығар жер үйінді астында қалған жағдайда комендант Азаматтық қорғаныс құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отырып, оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сұйменмен және сына арқылы ілгегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңылау жасайды, бұдан кейін іштегі ұйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Апатттық шығар есік ашылған соң, адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару ұйымдасқан тәртіппен жүргізілуі керек: әуелі сыртқа бірнеше адам шығып, өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.