Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары



Дәріс

Тақырыбы: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары

Жоспар:

1. Жеке қорғаныс құралдары.

     а) сүзгіш противогаздар.

     ә) респираторлар мен қарапайым қорғау құралдары.

 

2. Азаматтық қорғаныстың паналау ғимараттары.

     а) тез тұрғызылатын паналау ғимараттары.

     ә) радиациядан қорғайтын паналау орындары.

     б) жай паналау орындары.

 

3. Баспананы қорғау қасиеттері және ішкі жабдықтары.

 

4. Баспанаға адамдарды жеберіп, орналастыру мен онда болу ережелері.

 

     Жеке қорғаныс құралдары адамдардың радиоактивті улағыш заттар мен бактериологикалық (биологиялық) құралдардан қорғануына арналған. Оларға тыныс алу органдарын қорғау құралдары (противогаздар, респиратлар, шаң – тозаңға қарсы мақта – дәке таңғыштар және мата маскалар, теріні қорғау құралдары), қорғау киімдері, теріні қорғайтын көмекші құралдар, сондай – ақ медициналық жеке қорғау құралдары жатады.

     Сүзгіш противогаздар(ГП-5, ГП-5М, ГП-4У және басқалары) тыныс алу органдарын қорғайтын жеке қорғайтын құралдарына жатады. Ол адамды радиоактивтік  заттардан, газ, түтін, бу, тұман (аэрозоль) және сұйық – тамшы түрінде қолданылатын улағыш заттардың, ауру тудыратын микробтардың әсерінен қорғауға арналған.

     Сүзгіш противогаздың қорғағыштық әрекеті зақымданған ауадан улағыш, радиоактивтік және бактериялық құралдарды адамның тыныс мүшелеріне жеткізбей сорып олатын химиялық затпен және тұманға (аэрозоль) қарсы сүзгімен тазатуға (сүзуге) негізделген.

     Сүзгіш противогаз сүзгі – сорғыш қорап пен бет бөлігінен тұрады. Бұлардан басқа противогаз комплектісіне противогазды сақтауға және алып жүруге арналған сумка мен противогаз әйнегін терлетпейтін пленкалар салынған қорапта кіреді.

ГП-5 және ГП-5М противогаздары шағын көлемді сүзгі – сорғыш қорап және бетке киетін шлем – маскадан тұрады. ГП-5М противогаздарының комплектісіне мембраналы қорабы бар қорапта сөйлесуге арналған қондырғы орнатылған шлем – каска, ал ГП-5У противогазына сүзгі – сорғышы бар үлкен өлемді қорап (ГП-4У бөлгілі) және бетке киетін өлігін жалғастырушы түігі бар үлкен көлемді қорарап (ГП-4У үлгілі) және бетке киетін бөлігін жалғастырушы түтігі бар маска кіреді.

Противогаздың сүзгі – сорғыш қорабы ауаны радиоактивтік, улағыш және бактериялық (биологиялық) заттардан тазартады. Қораптың металл корпусында арнаулы сорғыш пен түтінге қарсы сузгі орнатылған. Ішке сорылған ауа алдымен сүзгіден өтеді, мұнда шаң – тозаң, түтін, тұманның ұсақ бөлшектері сүзіліп қалады ал одан әрі сорғыштан өткен кезде онда улағыш заттардың буы ұсталып қалады.

Противогаздың бетке киетін бөлігі сүзгі – сорғыш қорапта тазарған

ауаны тыныс жолдарына жіберуге және көзді, бетті улағыш, радиоактивтік заттардан және бактериялық (биологиялық) құралдардан қорғауға арналған. Ол да ядролық жарылыс кезінде болатын жарықтың сәуле шарпуын әлсіретіп, турлі от шарпуларынан қорғайды. Противогаздың бетке киетін бөлігі резинадан жасалған шлем маскадан, көзәйнектен, клапанды қорап пен түтік жалғас тыратын трубкадан тұрады. Клапанды қорап ауа ағыны реттеуге арналған. Қорап ішке ауа жіберетін және оны сыртқа шығаратын негізгі және қосымша екі клапанна тұрады. Жалғастырушы трубка шлем – масканы сүзгіш – сорғыш қораппен қосады.

Егер противогаз адам бетіне дәл таңдалып алынса және ақаусыз болса, ол сенімді қорғау құралы бола алады. Дұрыс таңдап алынған шлем – маска бетті тығыз жауып тұрады. Ауа тыныс мүшелеріне өтпейді.

Шлем – маска 5 түрлі бет аумағы өлшемімен (мамбрана қорап – төрт), ал маскалар үш тұрлі бет аумағы өлшемімен шығарылады. Противогаз мөлшері шлем – маска мен масканың иек астында көрсетіледі.

Шлем – маска противогаздың сүзгі – сорғыш қорабында винтті трубка арқылы жалғанады. Маска сүзгі – сорғыш қораппен трубка арқылы жалғанады. 63 сантиметрге деиінгі бет аумағы өлшеміне (мембрана қорапты шлем – маска үшін 61 сантиметрге дейін) 0 (ноль) размері алынады, 63,5 – тен 65 сантнметрге дейін (мембраналы 61,5 – тен 64 сантнметрге дейін) – 2, 68,5 – тен 70,5 сантиметрге дейін (67,5 – тен жоғары) – 3,71 сантиметрден жоғары болғанда 4 размерлі шлем – масканы киеді.

Респираторлар мен қарапайым қорғау құралдары – адамның тыныс органдарын радиоактивтік заттардан (радиоактивтік, шаң – тозаң, аэрозоль) және бактериялық құралдардан қорғауға арналған. Респираторлар мен қара - пайым қорғау құралдары адамның тыныс мүшелерін улағыш заттардан қорғауға пайдалануға жарамайды, өйткені олардың қорғағыштық қасиеттері бұл мақсатқа арналмаған. Айналадағы ортада улағыш заттардың бар екені анықталған жағдайда қорғаныс құралы ретінде тек противогаз ғана пайдаланылады. Респираторлар мен қарапайым қорғаныс құралдары әрекеті радиоактивтік заттар мен бактериялық құралдардан зақымданған ауаны механикалық тазалауға (сүзуге) негізделген.

Р-2 респираторы – адамның тыныс жолдарын радиоактивтік шаң – тозаң, мен аэрозольдан қорғайтын құрал. Оның құрылысы мыналардан: екі дем алатын және бір дем шығаратын клапандар мен қорғаушы экраннан, екі эластикалық тоқыма баудан, мұрын қысқыштан тұрады. Респиратордың жартылай маскасы екі қабаттан сыртқы сүзгі кабаты кеуек синтетикалық матерналдан (полиуретан) жасалған, ал ішкі қабаты ауа өткізбейтін жұқа пленкадан турады, оған дем алу клапаны бекітілғен. Сыртқы және ішкі қабаттардың арасы полимер талшықтарымен толтырылған, олар сүзгіш міндетінн атқарады. Дем алған уақытта ауа сыртқы қабаттан өтіп, сүзгіге түседі, ол ауаны радиоактивтік шаңнан, аэрозольдан тазартады, тазартылған ауа дем алу клапаны арқылы адамның тыныс жолына барады. Дем шығарған кезде пайдаланылған ауа дем шығару клапаны арқылы сыртқа шығарылады. Р-2 респираторы адамның тыныс жолдарын радиоактивтік шаң – тозаң мен аэрозольдан сақтауда өте жақсы қорғаныс құралы болып табылады.

Р-2 респираторы үш турлі бет аумағы өлшемінде шығарылады.

Тыныс жолдарының қарпайым қорғаныс құралдарына мақта – дәке таңғыштар мен шаң – тозаңнан қорғау маскалары (ПТМ-1) жатады. Мақта – дәке таңғыштарды қолдан жасау ушін ұзындығы 1 м, ені 50 см дәке қикндысын алып, оның ішкі қабатына мақта салу керек те, қалыңдығы 1 – 2 см, ұзындығы 30 см ені 15 – 20 см дәкенің мақтадан шығып тұрған шетін қайырып орау керек. Осылайша жасалған мақта – дәке таңғышты екі жағынан да қанырып ұзынынан 30 – 35 сантиметрдей қалдырып, қиып алады. Мақта – дәке таңғыштар ауыз бен мұрынды толық, жабатындай болуы керек. Міне, осындай қолдан жасалынған қорғаны құралдары дұрыс пайдаланылса, адамның, тыныс жолдарын улы заттармен зақымданудан сақтай алады.

Мақта болмай қалған жағдайда тек дәкеден ғана жасалынады. Ол үшін сыртқы дәкенің ішіне 5 – 6 қабат дәке салады. Мақта – дәке (дәке) таңғыш иекті, ауызды және мұрынды тұтас жауып тұруға тиіс. Көзге шаң – тозаңға қарсы қолданылатын кезілдірік киюге болады.

Шаң – тозаңнан қорғауға арналған мата маска (ПТМ-1) – карапайым қорғаныс құралдарының ішінде тыныс жолдарын қорғайтын ең сенімді құрал. Ол иегізгі екі бөліктен: корпус (сыртқы қабаты) пен бекіткіштен тұрады. Корпус төрт – бес қабат матадан жасалады. Маска дайын үлгімен немесе лекалмен пішіледі. Масканың корпусында ойық болады, оған әйнек немесе басқа мөлдір нәрседен көз салынады. Маска бетті тығыс жауып тұруы үшін оның жоғарғы, орта және төменгі жақтарына резиналы бау бекітіледі.

Радиоактнвтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақым зонасында тек тыныс органдарын ғана емес, адамды толық қорғау керек. Эскери емес жасақтардың адам кұрамы, әдетте, бұл максаттар үшін арнаулы қорғағыш киімдерді: Л-1 қорғағыш костюмді, қорғағыш сузгіш киім мен жалпы әскери қорғағыш киімдер комплектісін пайдаланады. Зақым ошағында жүмыс істемейтін адамдар теріні қорғайтын қарапайым құралдарды пайдаланады. Олардың қатарына өндірістік киімдер (жұмыс киімдері) – көбінесе оттан қорғайтын, брезенттен, резина араластырып тоқылған матадан тігілген күртешелер мен шалбарларды, комбинезондарды, жалбағайы бар халаттарды жатқызуға болады. Тұрмыстық киімдердін де (резина араласқан, хлорвинилді пленкамен қапталған маталардад тігілген плащтар мен кеудешелер, мауытыдан немесе драптан тірілген қысқы пальто, мақтадан сырылған қалың киімдер, резина етіктер, резина және тері қолғаптар, т. б.) қорғарыштық қасиеттері бар. Улағыш заттардың буынан қорғау үшін сыртқы киімге арнаулы паста (К-4) немесе сабынды – бояулы эмульсия сіңіру керек. Сабынды – бояулы эмульсияны езілгеи 250 – 300 гр шаруашылық сабын мен 0,5 л минералдық немесе өсімдік майын 2 л суға араластырып, 60 – 70 градуска дейін қыздыру жолымен алады. Алынған қоспаны эмульсия алынғанша 5 минут бойы араластыру керек. Оны шелеке құйып, киімді соған малып алады, содан соң киімді шамалы ғана сығып, сыртқа жайып қояды.

Халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан, сондай – ақ ядролық жарылыс кезінде мүмкің болатын қайта зақымдайтын факторлардан және жай закымдаушы құралдардан қорғау үшін арнайы салынған инженерлік ғимараттарды паналау ғимараттары деп аталады. Корғау қасиеттеріне қарай олар паналау ғимараттарына және радиациядан қорғайтын паналау орыидарына бөлінеді. Бұлардан басқа, тұрғындары корғау үшін қара пайым паналау орындары да пайдаланылуы мумкін.

Халықты қорғау ғимараттарына жасыру – бұл жасырудың жаппай зақымдаушы қаруларынан және басқа шабуыл жасау құралдарынан қорғаудың ең тиімді тәсілі.

Мұндай паналау орындары бейбіт кезде салынып, дайын тұруға тиіс. Ал мұндай ғимараттар дер кезінде жеткілікті мөлшерде салынбаған жағдайда жаудың тікелей шабуыл жасау қауіпі туған кезде тез тұрғызылатын паналау ғимараттары салынады. Сондай – ақ қазылып жасалынған ғимараттар радиациядан қорғайтын паналау орындарына пайдаланылады. Сонымен қатар, қарапайым паналау орындарын жасауға барлық тұрғындар жұмылдырылады.

 

 

Паналау ғимараттары. Адамдар ядролық қарудың барлық зақымдаушы факторларынан – соққы толқынынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан (нейтрон тасқынын коса) және радиоактивтік сәуле шарпуынан ең сенімді қорғайтын паналау орны болып табылады. Паналау ғимараттары, сондай – ақ улы заттар мен бақтериолориялық құралдардан, өрт зоналарындағы жоғары температурадан, жарылыс кезінде кираған үйлердің басып қалуынан, өндірісте қолданылатын улы заттардан уланудан қорғайды.

Паналау ғимараттарының беріктірі, онда сүзгі желдеткіш қондырғылардың болуы ортаны радиоактивті, улағыш заттар мен бактериолориялық құралдар зақымдаған жағдайда немесе жаппай өрт шыққан кезде адамдарды бірнеше тәулік бойы қорғап, қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ете алады.

Паналау ғимараттары жапсарласа салынған және тұрғызылған ғимараттар болып бөлінеді. Жапсарласа салынған паналау ғимараттарына өндірістік, қоғамдық және тұрғын үйлердің подвалы немесе жартылай подвалы пайдаланылады. Ал жеке ғимараттарра турлі жер асты өткелдерін, галереяларын, шахталар мен тау – кен орындарын да жабдықтап пайдалануға болады. Паналау ғимараттары мүмкіндігінше жасырынуға тиісті халықтық кепшшп тұратын жерге жақын орналасуы керек.

Тез тұрғызылатын паналау ғимараттары. Тез тұрғызы латын паналау ғимараттарында да адамдар орналасатын бөлмеде қарапайым сүзгі – желдеткіш немесе заводта жасалынған сүзгі – желдеткіш орпатылатын орын, санитарлық

торап, авариялық запас су кіретін және шығатын есіктер авариялық шығу жолы болуы керек. Шағын ғимараттарда санитарлық торап пен қалдықтар салынатын ыдыстар тамбурға, ал суы бар бак адамдар паналайтын бөлмеге қойылуы керек.

     Әдетте, тез тұрғызылатын паналау ғимараттарының құрылысына құрастырмалы темір – бетон конструкцнялары мысалы ннженерлік жер асты жолдарына пандаланылатың коллекторлардың, элементтері және басқа да материалдар пайдаланылады. Оның қорғағыштық қасиетін арттыра түсі үшін міндетті түрде кірер ауызға қорғарышты – тығыз жабылатын есіктер орнатылады.

Ағынды ауаны радиоактивтік тозанңан, улағыш және бактериялық заттардан тазартатын құм немесе шлак сузгілері, ал тозаңды тазалау үшін мата сүзгілер қолданылады. Сондай – ақ мұнда су құйылған ыдыстар, папалаушылар үшін нарлар мен орындықтар, жарық беру приборлары болады.

Соққы толқынына карсы ауа соратын және сыртқа шығарвтын каналдарды қорғауға шағын қорғағыш секциялар (ЗСУ-М), ағаш және металл дефлекторлар (ДЗУ немесе ЗУ үлгілеріндегі) пайдаланылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары.Мұндай паналау орындары адамдарды радиоактиитік заттармен қатар радиациядан да қорғайды.

Мұндай адамдар жарық сәулесінен, өткіш радиацнядан және ядролық жарылыс кезінде ішінара соққы толқынынан, сондай – ақ, адамдардың терісі мен киімі улағыш заттар мен аэрозольды – бактериялық құралдардың жұғуынан да корғай алады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары бейбіт кезде өнеркәсіптік, транспорттық, мәдени – тұрмыстық және коммунальдық мақсатқа арналған объектілерді жаңадан салмен қайта салу кезінде, сондай – ақ категориялапбаған қалалард және селолық жерлерде жүргізілетін тұрғын үй құрылысының жағынан салынады.

Бейбіт кезде және соғыс жағдайында радиациядан қорғайтын паналау орындары ретінде ең алдымен подвалдар, погребтер, сонымен бірге ауылдық жерлерде шөп сүрлейтін орлар, көкөніс сақтайтын қоймалар, сондай-ақ тас үйлер де пайдаланылады. Подвалдар мен орларды пайдалану тиімді, өйткені оларды көп қаржы жұмсамай – ақ тез арада наналау орнына бейімдей қою оңай.

Радиациядан қорғайтын паналау орындарын жылу, су және электр жарығымен жабдықтау жұмыс істеп тұрған инженерлік – коммуннкациялық жүйелер арқылы жүзеге асарылады, ал авариялық жарық көзі ретінде аккумуляторды немесе электр шамдарын пайдалануға болады.

Қорғау қасиетеріне қарай радиациядан қорғайтын паналау орындары үш топқа бөлінеді: бірінші топқа қорғау коэффициенті 200 немесе одан да жоғары орындар, екінші топқа қорғау коэффициенті 50 – 200-ге дейінгілер, ал үшінші топқа қорғау коэффициенті кемінде 20-дан 50-ге дейінгілер жатады. Паналау орындарының қорғау қасиеттері радиация дозасының әлсіреу коэффициентімен аныкталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының арасында радиоактивтік зақымның айрықша орын алатынына жоғарыда тоқталдық. Өйткені ядролық жарылыстың басқа факторларына қарағанда оның әсер ету зонасы әлденеше есе көп. Ал радиоактивтік зақым селолық жерлер мен жергілікті және көшірілген халық тұратын аудандар үшін өте қауіпті.

Сондықтан да бейбіт кезде салынатын радиациядан қорғайтын паналау орындарымен қатар жаудың шабуыл жасау қауіпті туған кезде радиациядан қорғайтын қарапайым паналау орындары да жаппай салынады. Селолық жерлерде мұндай паналау орындары тек қана село тұрғындарына ғана лайықталып салынбай, көшіп келген халықты орналастыруға да сай етіп салынуы керек. Паналау орындарын салуға барлық еңбекке жарамды адамдар, сонымен бірге ірі қалалардан келрен халық та тартылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындарының құрылысын салу мен жабдықтау кезінде оның сыртқы радиоактивтік сәулені қаншалықты әлсірете алатыны есепке алынады. Сыртқы радиоактивтік сәуле күшін жерден 1 метр биіктіктегі мөлшері бойынша есептейді. Мысалы ағаш үйлердің подвалдары радиацияның күшін 7 – 12 есе, тас үйлер – 200 – 300 бір және екі қабатты тас үйлерінің бірінші қабаты – 5 – 7 есе, көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттары (ең соңғы қабатын қоспағанда) – 50 есе кемітеді.

     Радиациядан қорғайтын паналау орындары, әдетте:

- орналасатын адамдар отыратын және жататын орындармен;

- паналаушыларға арналған бөлме тыгыз жабылатын есікпен және

тамбермен, кірер ауыз тығыз тоқылған пердемен жабылады;

- әжетханамен және жеке мүліктерді сақтайтын орынпен;

- азық – түлік пен суы бар ыдыстар қойылатын орынмен кабдықталады.

Қыс кезінде паналау орнына жылжымалы пеш орнатылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындарының қарапайым желдеткіштері болады. 50 адамға дейін сиятын паналау орындары табиғи жолмен желдетіледі.Радиациядан қорғайтын паналау орындарында кіре есігін жабдықтауға зор көніл бөлінеді. Ол, әдетте паналау орнының негізгі бөлімесіне 90 градустық, бұрыш жасап орналастырылатын тығыз бекітілген тамбур түрінде жасалады. Тамбурдың кірер аузына жымдасып жабылатын есік қойылады тамбурдан шығатын жерге тығыз тоқылған материалдан жасалған перде ұсталады.

Подвалдарды, погребтерді және басқа да ор, жертөл сияқты орындарды паналау ғимараттарына бейімдеуді олардың корғағыштық қасиеттерін, тығыз бекітілуін арттыру және қарапайым желдеткішті орналастыру жұмыстары жүргізілуге тиіс. Радиациядан қорғайтын панала орындарына подвалды бейімдеу үшін қосымша тіреулер, белағаш салынып, 25 – 30 сантиметр қалындықтың топырақпен жабылады, ішкі қабырғалар, есік пен терезелер де тиісінше қалыңдатылады, тығыз бекітілетін есік бар тамбур орнатылады, подвал ішіне отыратын орындықтар мен жататын нарлар қойылады.

Подвалдар табиғи жолмен желдету үшін мұржалармен жабдықталады. Желдету кезінде ауаны сору үшін, мұражай сыртка шығарылады, ол үйінді деңгейінен 1,5 – 2 м биік, пайдаланған ауаны сыртқа шығаратын мұржаның биікті жер бетінен кем дегенде 2 – 3 м болуы керек. Ауа келетін мұржаның төменгі ауызы еденнен 50 см жоғары тұрады. Ауаны сыртқа шығаратын мұржасының төменгі ауызы беден 20 – 25 см төмен орналасады. Бұл екі мұржа да құрғақ сүзгімен, шаң ұстайтын қуыстан тұрады, ал үстіңгі беті жабылып зиянды заттардың мұржаға тікелей түспейтінде етіледі. Таза ауаны айдайтын мұржаның жоғарғы жағынд сүзгі, төменгі бөлігі тұйық, ал одан төменгі бөлігі тоза жиналатын қалта болады.

Погребтер мен үйдің асты паналайтын орын етіп осылайша жабдыкталады. Жеке тұрған погребтерді радиация қарсы паналау орнына бейімдегенде, оның үстіне 60 – 70 қалындықта топырақ үйіп, кірер аузына жабылатын есік орнатылады.

Овощ сақтайтын орындарды паналайтын орынға бейідегенде, оның қабырғасы мен төбесіндегі жарықтар мен тесіктер бекітіліп, қабырғасы қалыңдатылады, төбесінің қалындығы 60 – 70 сантиметрдей топырақ үйіледі, тек бір ғана есігі қалдырылып, баскалары кірпішпен және кұм салынған қаппен бітеліп тасталады. Ішке кіретін тамбурға қосымша есік қою немесе перде ілу қажет, ауа айдайтын және соратын бір ғана канал қалдырып, басқаларын тығыздап бекіту керек.

Жерден қазылған жайлар болмаған жағдайда, радиациядан қарсы паналау орны ретінде кәдімгі үйлерді пайдалануға болады. Үйдің сыртқы қабырғалары ағаш үйіндісімен немесе шлакпен қалыңдатылып, терезе мен баска да тесіктері бітеледі, төбенің бел ағашы берік етіледі, үй төбесі және топырақ шлакпен қалыңдатылады.

Жай паналау орындары – бұларға үсті ашық және жабық жыралар жатады. Олар адамдарды жарық сәулесәнен, өткіш радиациядан және ядролық жарылыстан, қираған үйлер мен ғимараттардың басып қалуынан қорғайды.

Жай паналау орындары қалалар мен селолық жерлерде шабуыл қауіпі туған кезде паналау ғимараттары мен радиациядан қорғайтын осындай объектілер жеткіліксіз болған жағдайда салынады. Мұндай паналау орындары кәсіпорындардың, үйлердің, вокзалдардың, аэропорттардың, фермалар мен дала қостарының және басқа да адамдар көп шоғырланған орындардың жанынан салынады.

Баспана ядролық қарудың, сол сияқты химиялық және бактериялық қарудың зақымдаушы барлық факторларынан қорғауға есептеліп жасалады.

Баспананың мықтылығы төбесінің және қабырғаларының конструкциясының беріктігіне байланысты болады: олар ядролық қару жарылғапдағы соқпа толқынының артық қысымына (1—10 кГ/см2) төзе алатындап болу керек. Баспананың төбесін темір бетоннан, қабырғаларын бетоннан, кірпіштен, тастан және басқа да жанбаптын құрылыс материалдарынан жасайды.

Баспананы үйлердің подвалында немесе арпаулы бөлек үй етіп жасауға болады.

Баспана әдетте адамдарға арналған негізгі бөлмелерден (отсектерден), тамбур, сүзрілі – желдеткіш камера және санитарлық торап сияқты қосымша бөлмелерден тұрады. Баспанаға кіретін есік әдетте екеуден кем болмайды, олар баспааның қарама – қарсы екі жағында болады. Үйдің подвалдарында бұлардан өзге авария болғанда шығатын тағы есік бар.

Авариялық есік жер астындағы галереядан, тік шахтыдаи және құлап басып қалу қаупінен аулак орналасқан оголовкадан тұрады (оны ұйдің биіктігінің жартысына үш метр қосып, қабырғадан соидай қашықтыққа орналастырады).

Баспанаға радиоактивті, улы заттар орналасқан немесе бактериялары бар зақымданған ауа еніп кетпеуі үшін, оны бітеп (герметизациялап) тастайды. Бұл үшін барлық тесік, саңылау бітеледі, кіре беріске тамбурлар жасайды, онда болаттан немесе темір бетоннан сыртқы (герметизацияланған – қорғаушы) және ішкі (герметизацияланған) есіктер жасайды. Герметизацияланған қорғаушы (сыртқы) есік ішкі есіктен мықты болуы керек, өйткені ол соқпа толқынның әсерінен қорғайды.

Егер үйге сырттан таза ауа еніп тұрмаса, онда адамдардың тыныс алуынан, аз уақыттың ішінде ауа тыныс алуға жарамсыз болып қалады. Оның құрамындағы көмір қышқыл газ шамасы артады (ауядағі көмір қышқыл газ мөлшері ғ процент шамысындай болғанның өзінде адам қатты уланады), оттектің мөлшері азаяды. Сондықтан баспанаға әрбір адам басына есептегенде 2 м3/с таза ауа жіберіп тұру қажет.

Бұл ушін баспаналарда сүзгілі – желдеткіш жүйенің болуы ескеріледі. Сүзгілі – желдеткіш жүйе өнеркәсіпте дайындалған баспаналарда ядролық қару жарылған жерде адамдар үздіксіз екі тәулік бойы, ал жау химиялық және бактериялық қару қолданған жағдайда бір тәулік бойы отыра алады.

Баспананың сүзгілі – желдеткіш жүйесі ауа тарататын тетіктерден, сүзгілерден, сүзгілі – желдеткіш агрегаттан және ауа шығарушы тетіктен тұрады.

Ауа негізгі және қордағы ауа таратушы тетіктер арқылы сырттан беріледі. Ауа таратушы негізгі тетік сыртқа шығарылады. Бұл жағдайда оның қорғаушысы авариялық есіктің оголовогы болады (әдетте оны авариялық есікпен бірге жасайды). Қорғаушы – герметикалық клапаны бар, ауа тартатын қосымша тетіктің каналы әдетте басқыш саты клеткасына шығарылады.

Негізгі ауа тартатын тесікке орнатылған баспанадан тыс және ірі заттарды сүзуге арналған сүзгіде (ол қиыршық тастан, ірі құмнан немесе шлактан тұрады, қалыңдығы 70 – 100 см болады) және торлы май сүзгіде ауа радиоактивті тозаңнан тазарады.

Сүзгілі – желдеткіш агрерат ірі заттарды сүзуге арналған сүзгіден және торлы май сүзгіден өткен өте ұсақ радиоактивті тозаңдардан ауаны тазартады, сол сияқты, улы заттардан және бактериялардан тазартады, баспанаға таза ауа жібереді. Противогаз қорабындағы сияқты сініргіш сүзгілерде ауа тазарады.

Ауа электрмен немесе қолмен жүргізілетін вентилятордың көмегі арқылы сорылады да, ауа жүретін түтік арқылы баспанаға жіберіледі.

Егер баспана жақсы герметизацияланған болса, онда есіктерді жауып, сүзгілі – желдеткіш агрегатты іске қосқаннан кейін, баспанадағы ауа қысымы атмосфера қысымынан едәуір жоғары болады (іш жағынан едәуір кернеп қысады) да, герметизация сенімділігі едәуір артады. Ауаның баспананы іш жағынан кернеп қысу шамасына қарап, оның герметизациялық дәрежесі жөңінде біледі.

Баспанада ұзақ уақыт болғанда адамдарға бір қалыпты жағдай жасау үшін, оны орталықтан жанатын жылумен, сумен, канализациямен, элсктр жарығымен қамтамасыз етеді. Авария болғанда пайдаланылатын су қорын жақсы жабылатын, суы ағып тұратын бітеу резервуарларда сақтайды. Баспана отсектерінде отыруға арналған орындықтан, жатуға бейімделген сәкілер жасалады; радио хабар нүктесі орнатылып, репродуктор қойылады, телефон жүргізіледі және өртке қарсы құралсаймандар, авария жұмыстары үшін қажет аспаптар, аптечка, көп мөлшерде алынған фонарлар немесе шырақтар, дезинфекциялаушы құралдар, ұсақталған балшық топырак, сым темірлер және герметизация бұзылған жағдайда жарық саңылауларды тығындап бекітуге қажетті кенеп болады.

Қазіргі калаларда метрополитендер, транспортқа және жаяу адамдарға туннельдер сияқты жер астынан жасалған қөптеген құрылыстар бар. Оларды баспана ретінде пайдалануға болады. Өнеркәсіптік объектілерде адамдар өндірістік корпустар мен басқа құрылыстардың арасын жалғастыратын туннельдерде, сол сияқты үйдің терендетілген төменгі бөліктерінде жасырынып тығылады.

Жаяу, адамдарға арналған туннельдерді баспана ретінде пайдалануга бейімдеу үшін, оның есіктеріне герметикалық жабылатындай қорғаныс орнатады, сүзгіліжелдеткіш жүйе жасайды және қажетті жабдықтар мен саймандар орналастырады.

Гараждар, кафе, кинотеатрлардың тереңге орналаскан төменгі қабаттарын жабдықтан, баспана ретінде паидалануға болады. Қалаларда құрылысы және жабдық – саймандары қарапайым орындарда баспана ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мұндай баспаналар ядролық қарудың зақымдаушы факторларынан жақсы сақтайды, өйткені олардың конструктивтік элементтері соқпа толқынның, 1 – 3 кг/см2 артық қысымына шыдайды. Қарапайым баспаналардағы сүзгілер жергілікті материалдардан (құм, шлақ, және осылар сияқты басқа материалдардан) жасалады.

Бейбітшілік кезде баспаналарды шаруашылық мақсат үшін (мысалы, коймалар ретінде) пайдалануға болады, ал олар адамдарды қабылдауға әрқашан әзір болуы қажет. Сондықтан баспананы овощ қоймасына айналдыруға, өнеркәсіп өнімдеріп көптеп, жинауға, былғап – бүлдіруге болмайды. Оның конструкцияларын қайта жасап бөлшектеуге, қабырғалары мен төбесін төсеуге болмайды. Арнаулы тетіктерінің бәрін таза, тәртіпті ұстап, баспананың ішін үнемі желдетіп, оның герметикалығын ауық – ауық тексеру қажет.

Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғауға кен қазылатын орындарды жабдықтап пайдаланады. Жер астындағы мұндай құрылыстар адамдарды ядролық қару жарылғаннан кейінгі радиоактивті сәулелерден және оның шөгінділерінен толық қорғайды.

Адамдар қорғанып, сақтану үшін зиянды газдары жоқ, температурасы мен ылғалдығы адамның ұзақ мерзім болуына азды – көпті жарамды кен орындарын пайдалануларына болады. Мұндай бейімделген құрылыстар жер асты су басу қаупі бар жерден аулақ болу қажет.

Жер астындағы кен орындарын адамдарға арнап герметизациялап баспанаға айналдыру үшін, оларға ағаш есік жасайды, брезенттен немесе сондай тығыз материалдан жасалған перделер іледі, сумен қамтамасыз етуге, канализация және жарық беруре қажетті ең қарапайым жүйелерді орнатады. Желдетілетін кен орындарында ғана санитарлық жүйелер болады (немесе барлық қоқсық – қалдықтарды төменгі горизонттарға шығарып тастайды). Мұндай кен орындарына жарық беру үшін электровоздардың аккумулятор батареяларын найдаланады.

Адамдарды орналастыру үшін мұндай орындарға отыруға арналған орындықтар жасап, жату үшін сәкілер орнатады.

Баспанаға «Әуе дабылы» деген хабар келгеннен кейін адамдарды жібере бастайды. Баспанада тыныштық сақтап, отсектерде кезекшілердің көрсетуі бойынша орындарына отыру қажет. Баспанаға ірі заттарды, жарылыс қаупі бар және оңай тұтанатын заттарды әкелуге, үй жануарларын кіргізуре болмайды.

Баспананың ішінде жүгіруге, айқайлауға болмайды, өйткені мұндай кезде қолайсыздық туады, ауаның құрамы нашарлайды, үй ішінің температурасы көтеріледі. Сонымен бірге тәртіпсіздік, азаматтық қорғаныс штабынан радио хабар жүйесі арқылы берілген хабарлар мен жарлықтарды естіртпеуі мүмкін.

Баспанада төрт адамнан құралған күзетшілер жұмыс істейді. Күзетте қызмет етуші адамдар баспананың комендантына бағынады.

Баспанаға адамдар енгізіп орналастыру кезінде сүзгілі – желдеткіш агрератын бірден іске қосады. «Қорғаныс құрылыстың есігі жабылсын» деген бұйрықтан соң, баспанаға адам жіберу тоқталады, есіктер жабылады. Ядролық қару жарылған кезде, радиоактивті тозаң қонғанша (бір сағат өткенше), желдеткішті іске қоспайды. Баспанадан комендант рұқсат еткеннен кейін ғана шырура болады.

Еғер ядролық қару жарылу нәтижесінде баспанада авария болса немесе өрт шықса, оның герметизациясы бұзылса, онда баспанадағы адамдар коменданттың басқаруымен немесе өз беттерімен апатты тоқтатудың барлық қамын ойластырып, әрекет жасаулары қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.