Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дебиеттер



Әдебиеттер

1. Азаматтық қорғаныс – бүкіл халықтық іс.

Е.Әлібеков, Алматы «Қазақстан» 1986ж.

 

2. Азаматтық қорғаныс.

П.Г. Якубовский «Мектеп» баспасы 1972ж.

 

 

Панаханалар

     Панаханалар жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолынабөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Олардыңкөмегімен адамдар типті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз әтіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек.

     Панаханалр су баспайтын участкелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденінің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша жоғары болғаны дұрыс (кем дегенде 0,5 м).

     Жарылыс кезінде немесе қырып-жою құралдарымен шабуыл жасалғанда панаханаға түсетін күш өте зор. Сондықтан оны салғанда құрылыс материалдарының мықтылығына (беріктігіне) аса көңіл аудару қажет. Қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін манитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізеді.

     Панахананың сыймдылығы отыруға (бірінші деңгей) және жатуға арналған (екінші және үшінші деңгей) орындардың санымен анықталады. Шағын панахана дегеніміз – 300 адамға дейін, орташасы –300-600 адамдық, үлкені – 600 ден астам адамдық.

     Бейбіт уақытта панахана олапдың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

     Панахана, онда жасырынған адам үшін, қажетті санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етілуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1%-дан (жоғарғы шегі - 3%), ылғалдылық 70% (жоғарғы шегі - 80%), температура 29 пайыз (жоғарғы шегі – 31о С) аспауға тиіс.

     Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс: адамдарды үздіксіз қабылдап, шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіншілігі; панахананың су жайылып кету қауіпі бар жерлерге салынбауы; су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы; панахана арқылы транзиттік – инжеенерлік коммуникацияның өткізілмеуі, апаттық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кірер және шығар болу т.с.с.

     Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Нгізгі бөлмелерге басқару және сантарлық бөлмелер жатады.Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздердіжәне кеңейту камераларын қоспағанда). Бір жасырынушы үшін 1,5 м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4 м2 болуға тиіс. Бөлмені биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда бөлеменің төбесінен еденнің төменгі жеріне дейінгі тиіктік 2,15 м болуға тиіс (ал ең кемі – 1,85 м).

     Жасырынуға арналған бөлме бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екі ярусты орындықтар немесе панаханада жалпы орынның 20%-ын, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ын құрауға тиіс.

     Басқару жүйесіне арналған бөлме қосымша электр көзі бар бөлмеге орналасады. Жұмыс істейтін алаң нормасы 2 м2 болып белгіленген.

     Санитарлық бекет (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшаулау мақсатында адамдардың денсаулығын тұрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлікпен ауыз суының сақталуымен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады(51 тізбе – 100-150 адам; 52 тізбе – 400-600 адам үшін). Звенода (топтар) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік көбдишамен жабдықталады.

     Желдетілетін ьөлме панахананың ішкі қабырғаларымен түйісуге және кірер есік пен апаттық шығар есікке жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.

     Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады. ДЭС үшін бөлмелері ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.

     Тамбур-шлюз басқа кретін есіктер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың корғаныстық қасиеттерін қамтамасыз ету керек.

     Қорғалған кіретін және шығатын есіктер.

     Есіктердің саны панаханың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі панаханада бір кіретін есік ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде апаттық шығатын есік ретінде қызмет етуі қажет. Кіретін есік жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып, панахананың қарсы жағына орнатылады.

     Панаханаға өтетін барлық кірер есіктер (иамбур-шлюздері барынан басқалары) ол жер арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резна төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

     Панахананың апаттық шығар есігі тоннель түрінде жасалады, ол панахааның төбесін жапқан үйіндіден ары шығады және баспалдағы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тонельге өеті есік тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3м қашықтыққа қоршаған ғимараттардар алшақ болуы тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2 м қабырғаға ішке қарай ашыатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойык істелінді. Тиіктігі 1,2м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.

     Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекті жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

     Панаханаларда адамдар үшін қажетті жағдайда қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғыларды (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электрмен байланыстың болуы қарастырылады.

     Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (1 режим) және сүзгілік желдеткіш (2 режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

     Жаппай өрт, болатын, зиянды заттармен қатты ластануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастырылады (3режим).

     Панахананы аумен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сұзгіден, сұзгіш-жұтқыштан, жылу ұстағыш сұзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қықылынан тазартылатын сұзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқыннынан қорғау үшін ауа ұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

     Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жұйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің тұйісіндегі тірек арматурасы панаханаға шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханаға +10о С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.      

     Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлердежүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың апаттық қоры, сондай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

     Панаханада ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 литр есеппен жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке тұрған панаханаларда, сондай-ақ сыйымдылығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панаханы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

     Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жллымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Панахананың санитарлық торабы бөлмесіне ағындарды жинау үшін апаттық резервуар орнатылады. Резервуар жабынына унитаз орнына пайдаланылатын және қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 2 литр есеппен анықталады. Құрғақ қалдықтарды жинау үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1 л. есеппен орын қарастырылады.

     Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқа желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден-ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден апаттық жарық қарастырылады.

     Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радио желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нұктесімен дауыс қатайқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті Азаматтық қорғаныс желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

     Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) – 50-200 кісілік болады.

     ЖТП типті салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден, сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық топтар үшін арнайы орындары бар, апаттық су қорымен, кіретін және апаттық шығатын есіктерімен қамсыздандырылуы тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

     ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары, ауаның улы затардан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстары, ауаны шаңнан тазалайтын мата сүзгілері, су құйылатын ыдыстары, ауа жинағыш және сорғыш саңылауларды қорғайтын қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар жатады.

     ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әр түрлі желдеткіштер пайдаланылады.

     Нарлар мен орындақтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар пайдаланылады. Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.

     Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қоылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

     Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткелдері, жерасты көлік жайы, кафе, кинотеатрлар, ғимараттардың арасындағы жалғағыш тоннель.

     Тау—кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жер асты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

     Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтын қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мұмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумулыторлары пайдаланылады. Ұңғымаларда адамдар отыратын және жататын орындықтар мен нарлар орнатылады.

         



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.