Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ызмет диаграммасындағы объектілер



Жолдар

Қызмет диаграммалары еспетеу алгоритмдерінің спецификациясы немесе программалық жүйелердегі басқару ағымдары үшін ғана қолданылуы мүмкін емес. Оларды қолданудың маңызды ортасының бірі бизнес-үрдістерді үлгілеумен байланысты. Бұл мән мәтінде кез-келген компания немесе фирма қызметі талап етілетін нәтижеге қол жеткізу бағытиында жеке әрекеттер, жұмыстар, операциялар жиынтығы ретінде көрсетеді.  

Алайда бизнес-үрдістерге қатысты мүмкіндігінше әрбір қызметті компанияның нақты бөлімшесімен байланыстыру керек. Бұл жағдайда бөлімшеге қызметтерд іске асыруға жауап беретін болады, ал бизнес-үрдістің өзі бір бөлімнен екнішісіне ауысу қызметі түрінде көрсетіледі. UML тілінде бұл ерекшеліктерді үлгілеу үшін жолдар деп аталатын арнайы құраушы ұсынылған.

Жол (swimlane) - олардың орындалуына жеке ішкі жүйелер жауап беретін, үлгі элементтерінен тұратын қызмет диаграммасының графикалық аймағы.

Бұл жағдайда бассейнде жүзу жолдары бар визуалды ұқсастық туралы айтылған, егер сәйкес қызмет диаграммасына жоғарыдан қарасақ. Сонымен қатар, қызмет диаграммасындағы барлық жағдайлар тік сызықтармен шектелетін топтарға бөлінеді.  Екі көрші сызық жол құрайды, ал осы сызықтар арасындағы жағдай тобы ұйымдастырушылық бөлімшемен (бөлім, топ, бөлімше, филиал) немесе компания қызметкерлерімен орындалады. Соңғы жағдайда анықталған қызметтерді орындауға жауапты қызметкер лауазмын көрсету қабылданған. 

Бөлімшелер аты немесе лауазым атауы жолдың жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Жол сызығын тек бұл жағдайда сәйкес компания бөлімшесі басқару ағымының кіріс немесе шығысын көрсететін ауысулар ғана кесе алады. Жолдардың жүру реті қандай да бір семантикалық ақпараттан тұрмайды және ыңғайлылық тұрғысында анықталады. 


11.6-сур. Жолмен қызмет диагррамсының нұсқасы

Мысал ретінде тапсырыс түрінде клиенттерге қызмет көрсететін сауда компаниясы қызметі диаграммасының үзіндісін қарастыруға болады. Компания бөлімшелері әдетте қабылдау бөлімшесі және тапсырыстарды рәсімдеу, сату бөлімшесі және қойма болып табылады. Мұндай бөлімшелерге қызмет диаграммасында жолдар сәйкес келеді, олардың әрқайсысы бөлімшенің жауапкершілік аймағын спецификациялайды. Бұл жағдайда қызмет диаграммасы өзіне жұмыс қызметтерінің орындалу бірізділігі ғана емес, сонымен қатар сауда компаниясының қандай бөлімшесі осы енемесе одан басқа қызметті орындайтын туралы ақпаратты өзіне бекітеді.


11.7-сур. Сауда компаниясы үшін қызмет диаграммасының үзіндісі

Көрсетілген қызмет диаграммасынан көрініп тұрғандай тапсырысты қабылдағаннан кейін клиенттен қабылдау бөлімі және тапсырысты рәсімдеу бөлімі қызметті екі ағымға (бөлу-ауысуы) параллелдендіру іске асырылады. Олардың біріншісі осы бөлімшеде қалады және клиенттен тапсырылған тауар бойынша төлемді қабылдаумен байланысты. Екнішісі сату бөлімшесінде (тауар үлгісі, өлшемі, түсі, шығаылған жылы және т.б) тапсырысты тіркеу қызметінің орындалуын бастайды. Алайда, қоймадан тауар беру клиенттен тауарға (біріктіру-ауысу) төлем ақы түскеннен кейін ғана басталады. Сосын тауарды сату бөлімшесіне клиентке жібеуге дайындау орындалады. Осы қызметтерді аяқтағаннан кейін қабылдау бөлімшесі мен тапсырысты рәсімдеу бөлімшесінде тапсырыс жабылады.

Қызмет диаграммасындағы объектілер

Қызмет диаграммасындағы әрекеттер сол немесе басқа объектілермен жасала алады. Бұл объектілер не әрекеттердің орындалуын бастайды, не бұл әрекеттердің нәтижесін анықтайды. Сонымен, қатар, әрекет графының бір объектісінен екіншісіне берілетін шақыруларды қызмет специфирлейді. Себебі, бұл ракусте объектілер анықталған әрекет үрдісін түсінуде рөл ойнатындықтан, оларды қызмет диаграммасында айқын көрсету қажет. 

UML тілінің нотациясында объектіні негізгі графикалық көрсету объект аты сызылатын ерекшелікпен кластың тіктөртбұрышы болып табылатыны еске түсіру керек. Қызмет диаграммасында аттан кейін объектінің жағдай мінездемесі тік жақшада көрсетіледі. Объектілердің мұндай тіктөртбұрышы тәуелділік қатынасымен сілтемесі бар үзік сызықпен қызмет жағдайына біріктіріледі. Сәйкес тәуелділік нақты объектінің алдыңғы әрекет орындалғаннан кейінгі жағдайын анықтайды.  

Қызмет диаграммасында жолдармен объектінің орналасуының қосымша мағынасы болуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, егер объект екі жолдың шекарасында орналасса, онда бұл келесі көрші жолдағы әрекет жағдайына ауысу қандай да бір жағдайда құжатты тауып алумен орайластырылған дегенді білдіруі мүмкін. Егер де объект жолдың ішінде орналасса, онда бұл объектінің күйі де толығымен осы жолдың әрекетімен анықталады. 

Объектінің қызмет диаграммасына қарай, ереже бойынша мән немесе бизнес класстарының данасы - мәндер болып табылады. Сондай-ақ айта кету керек, қызмет диаграммасында тек бір ғана объект бірнеше рет бейнеленуі мүмкін, және де диаграммалардың келіспеушілігін шығару үшін  олар үшін күй мінездемелерін көрсету керек.

Алдыңғы мысалда сауда компаниясында сату үрдісінің орталық объектісі тапсырыс беру немесе оның орындалу жағдайы болып табылады. Басында клиент жүгінбей тұрғанда тапсырыс объект ретінде болмайды және тек клиентпен байланыс жасағаннан кейін туады. Нәтижесінде тапсырыс белгіленеді, одан кейін ол сату бөлімінде тіркеледі. Кейін тауар үшін төлем қабылданғаннан кейін ол нақты рәсімделіп, қоймаға жіберіледі. Ақырында, тауар клиентке жіберілгеннен кейін бұл ақпарат тапсырысқа енгізіледі және ол орындалған болып есептеледі. Бұл ақпарат графикалық сату компаниясы қызмет диаграммасының модифицирленген нұсқасы түрінде көрсетілуі мүмкін (11.8-сур).

Қызмет диаграммасының артықшылығы ретінде қарастырылған жүйе мінезінің жеке аспектілерін визуалдау немесе кластың жеке операцияларын әркетердің үрдісті бірізділігі түрінде жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Осылайша, жүйенің толық үлгісі бір немесе бірнеше қызмет диаграммасынан тұруы мүмкін, олардың әрқайсысы жүзеге асыру бірізділігін немесе өте маңызды қолдану нұсқаларын (оқиғаның типтік тәсілі және барлық шектеулер), немесе мылжың емес класс операцияларын суреттейді.  


11.8-сур. Сауда компаниясы қызмет диаграммасының тапсырыс-объектісімен үзіндісі  

Қорыта айтқанда, қызмет диаграммасы канондық диаграммалардың басқа түрлері сияқты диаграмманың өзінің сырт пішінінің тиімді нұсқаларын таңдау құралдарынан тұрмайды. Күрделі жобаларды құру кезінде тиімді шешімді таңдау мәселесі қызмет диаграммасына өте өзекті болады. Жүйені жасауға және эксплуатацияға шығындалған құралдардың рационалды жұмсалуы, оның өнімділігің жоғарылауы және сенімділігі көбінесе барлық жобаның ақырғы нәтижесін анықтайды.   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.