Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ызмет диаграммасындағы ауысулар



Қызмет диаграммасындағы ауысулар

Ауысу қызмет диаграммасының элементі ретінде 9-дәрісте қарастырылды. Қызмет диаграммасын тұрғызу кезінде тек триггерлік емес, яғни қызметтің аяқталуынана кейін немесе сәйкес қызметтің орындалуы кезінде болатын ауысулар қолданылады. Мұндай ауысу келесі алдыңғы күйде қызмет немесе іс-әрекет аяқталғаннан кейін күйге басқаруды бірден жібереді. Диагараммада мұндай ауысу сілтеуіші бар түзу сызықпен белгіленеді.

Егер іс-әрекет күйінен бір ғана ауысу шықса, оны белгілемеуге болады. Егер мұндай ауысулар бірнешеу болса, онда бірізді үлгілеуде оның біреуі ғана жіберіледі. Бұл жағдайда мұндай ауысулардың әрқайсысы үшін тік жақшада күзеттік шарт анық жазылуы керек  (9-дәрісті қара). Сондай-ақ кейбір қызмет күйінен шығатын барлық ауысулар үшін олардың біреуінің ғана ақиқаттылық шарты орындалуы керек.  Мұндай жағдай бірізді орындалатын қызмет аралық нәтиже мәндеріне байланысты альтернативті бұтақтарға бөлінуі керек болған кезде кездеседі. Мұндай жағдай бұтақталу деген атауға ие болды, оның белгіленуіне арнайы шешім символы қолданылады. Графикалық түрде қызмет диаграммасындағы бұтақтар ешқандай мәтіннен тұрмайтын шағын ромб түрінде шешім символымен (decision) бейнеленеді. Бұл ромбқа тек қызмет жағдайының бір ғана сілтеуіші кіре алады, ол орындалғаннан кейін басқару ағымы өзара шығарылатын бұтақтармен жалғасады. Кіретін сілтемені шешім символының жоғарғы немесе сол жақ төбеде қосу қабылданған. Шығатын сілтеме екі немесе одан да көп болуы мүмкін, бірақ олардың әрқайсысы үшін өзіндік күзет шарттары бульдік өрнек түрінде көрсетіледі.  

Қызмет диаграммасында альтернативті бұтақтарды графикалық түрде біріктіру үшін аналогты символ бұл жағдайда байланыс (merge) деп аталатын ромб түрінде қолдану ұсынылады. Ішінде ешқандай мәтін жазылмайтын бұл символдың бар болуы қызмет диаграммасында процедуралық қызметтердің орындалу логикасына шолуды жеңілдетеді. Байланысу символында кіретін сілтемелер бірнеше болуы мүмкін, олар өзара шығатын бұтақтардың біреуіне жататын жағдайлар диаграммасынан шығады. Байланысу ромбысынан шығу тек бір ғана сілтеме шыға алады, сондай-ақ не кіретін, не шығатын сілтемелер күзеттік шарттардан тұрмауы керек. Шектеу ретінде қысқарту мақсатында диаграммалар байланыстыру символымен шешім символын біріктіру жағдайы болып табылады. Бұл ережелердің бұзылуы қызмет диаграммасын негізсіз (ill formed) жасайды. 

Қызмет диаграммасы (11.3-сур) тауарларды төлеу кезінде супермаркеттерде пайда болатын жағдайды моделдейді. Ереже бойынша, затты сатып алу үшін не қолма-қол не несиелік карточкамен төлеуге болады. Егер сатып алушы несиелік карточкамен төлеуді таңдаса, онда төлеуге ұсынылған несиелік картаның баланстағы сомасы тексеріледі. Сонымен бірге төлеу тек мына жағдайда ғана жүргізіледі, егер сатып алынған тауардың жалпы бағасы бұл карточка балансындағы сомадан асып кетпесе. Кері жағдайда, төлем іске асырылмайды, және тауар сатушыда қалады.


11.3-сур. Қызмет диаграммасындағы бұтақтанудың әр түрлі нұсқалары

Әдеттегі блок-схемалардың немесе алгоритмдердің құрылымды сұлбаларының өте маңызды кемшіліктерінің бірі жеке есептеулердің параллелді бұқтақтарын бейнелеу мәселесімен байланысты. Себебі, есептерді параллелдендіру программалау жүйелердің тез жұмыс жасауын елеулі жоғарылатындықтан, паралелді үрдістерді көрсету үшін графикалық қарапайымдылықтар қажет. Қызмет диаграммасында мұндай мақсатпен басқару ағымының параллелді есептеулерін бөлу және біріктіру үшін арнайы символ қолданылады. Бұл тік сызықша жағдай диаграммасында параллелді ауысуларды бейнелеуге ұқсас.  

Қызмет диаграммасында мұндай сызықша көлденең кесінді, сирек -тік, қалыңдығы қызмет диаграммасындағы қарапайым ауысуларға қарағанда жуанырақ болатын сызықтар арқылы бейнеленеді. Сонымен қатар, бөлу (fork) бір кіріс және бірнеше шығыс тік кесінді кейде көлденең сызықпен бейнеленетін ауысудан тұрады. Біріктіру (join), керісінше бірнеше кіріс және бір шығыс ауысудан тұрады. Қызмет диаграммасында параллелді ауысуларды ұзартылған түрде, ал кіріс және шығыс ауысуларды тік сызықпен бейнелейді.  


11.4-сур. Қызмет диаграммасында басқарудың параллелді ағымының бөлу және біріктіруінің графикалық кескіні

Қарастырылған ауысулар күрделілігі бойынша әр түрлі жағдайларды модедеу үшін жеткілікті болады. бұтақтану суретінің және параллелді қызмет ерекшелігін көркемдеу үшін аэропорт жүргіншілерін тіркеу мысалын қарастыруға болады (11.5-сур). Алдымен билетті тексеру бойынша қызмет орындалады. Бұл жағдайда, егер билет жарамды болмаса, онда ол жүргіншіге қайтарылады, сондай-ақ ешқандай қосымша әрекеттер орындалмайды. 


11.5-сур. Аэропортта жүргіншілерді тіркеу мысалы үшін қызмет диаграммасы

Егер де билет жарамды болса, онда жолаушыға отырғызылатын талон беріледі. Бұған қосымша азаматтығы және жолаушының жүгінің бар болуы тексеріледі. Егер жүгі бар болса, онда тексеру параллелді болуы мүмкін, оның нәтижесі бойынша жолушы жүгіне талон беріледі. Егер жолаушы шетел азаматы болса, онда қосымша оның визасының бар болуы тексеріледі. Егер виза жарамды болса, онда тексеру сәтті аяқталадыжәне оған қайтарылған билетпен жолаушы жолға шығады. 

Егер де виза жарамсыз болса, онда бұл үшін жолаушыға берілген рейсте жол жүруі мүмкін емесе. Бұл жағдайда, оған жол жүру талоны және жүк талоны берілмейді, ол бар болған кезде себебі аэропорт қызметкерлері барлық орындайтын қызметтерін тоқтатады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.