Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ызмет диаграммасы және оны тұрғызу ерекшеліктері



 

11-дәріс. Қызмет диаграммасының графикалық нотациясының элементтері

Қызмет диаграммасы және оны тұрғызу ерекшеліктері

Жобаланатын немесе талданатын программалық жүйенің іс-әрекетін үлгілеу кезінде оның жағдайының өзгеру үрдісін көрсету ғана емес, сонымен бірге жүйе орындайтын операцияларды алгоритмдік және процедуралық іске асыру ерекшеліктерін бөлшектеуге қажеттілік туындайды. Бұл мақсатта, ереже бойынша блок-сұлбалар немесе алгоритмдердің құрылымдық сұлбалары қолданылады. Мұндай сұлбалардың әрқайсысы жиылып қажет нәтижеге жетуге алып келетін анықталған процедуралар немесе қарапайым операциялардың бірізді орындалуына көңіл бөледі. UML тілінде операция орындалу үдісін үлгілеу үшін қызмет диаграммасы қолданылады. Онда қолданылатын графикалық нотация жағдай диаграммасы нотациясына көп ұқсас, себебі қызмет диаграммасында жағдайлар және ауысулар белгіленуі де кездеседі. Ерекшелігі қызмет және іс-әрекетті , сонымен бірге ауысуларды жағдайлар сигнатурасының болмауын көрсету үшін қолданылатын жағдайлар семантикасына негізделеді. Қызмет диаграммасында әр жағдай қандайда бір операцияның орындалуына сәйкес келеді, ал келесі жағдайға өту бұл операцияны орындау аяқталғаннан кейін ғана болады. Қызмет диагаммасы қызметтің іс-әрекет немесе қызмет жағдайы төбелері, ал бір әрекет жағдайынан екіншісіне өту – доғалары болатын граф түрінде көрсетіледі.

       Қызмет диаграммасы – жағдай диаграммасының жекеше түрі. Олар UML тілінде процедуралық және ішкі қызмет пен әрекеттерді аяқтауға негізделген синхронды басқарудың ерекшелігін іске асыруға мүмкіндік береді.  Қызмет диаграммасын қолданудың негізгі бағыттары орындалу алгоритмдерін көрсету қажет болғанда класс операциялары іске асыру ерекшеліктеріне шолу болып табылады. Сонымен бірге әр жағдай жекеше жүйенің ішкі жағдайларына реакцияларды сипаттау үшін қызмет диаграммасын қолдануға мүмкіндік бере анықталған класс операциясын орындау болып табылуы мүмкін.

UML тілі мәнмәтінінде қызмет автомат орындайтын жеке есептеулер жиынын көрсетеді. Сонымен қатар жеке қарапайым есептеулер нәтижеге немесе әрекетке алып келуі мүмкін. Қызмет диаграммасында қызмет нәтижесіне назар аудара бір қызметтен екіншісіне ауысудың логикасы немесе бірізділігі көрсетіледі. Нәтиженің өзі жүйе жағдайының өзгеруіне немесе қандайда бір мәнді қайтаруға алып келуі мүмкін. Қызмет диаграммасы жүйе әрекетін үлгілеуге арналған, алайда уақыт бұл диаграммада айқын кездеспейді.  Бұл жерде жағдай көбіне жағдай диаграммасына ұқсас, алайда ерекшеліктері де бар.

Қызмет және әрекет жағдайы

Қызмет жағдайы (activity state) - анықталған уақытты талап ететін қызметтің процедуралық бірізділігін көрсетуге арналған қызмет графындағы жағдай.Қызмет жағадайынан ауысу онда нақтыланған ду-қызметті орындағаннан кейін болады, сонымен бірге do сөзі қызмет атауында кездеспейді. Қызмет жағдайында ішкі жағдайлар болмауы мүмкін, себебі ол қарапайым болады. Қызмет жағдайында сипатталатын қызмет сыртқы жағдайлармен тоқтатылмайды. Қызмет жағдайын әдітте қолдану жеке алгоритмлдерді немесе процедураларды орындайтын ішкі үрдісті үлгілеуге негізделген.   

Қызмет жағдайы (action state) - қандайда бір кіріс қызметімен жағдайдың арнайы күйі , кем дегенде бір шығыс ауысу жағдайымен.

Қызмет жағдайынан ауысу кіріс қызметті аяқтағаннан кейін орындалады. Қызмет жағдайы ішкі ауысулардан тұрмайды, себебі ол қарапайым болып табылады. Қызмет жағдайын қарапайым қолдану бір басқару ағымы шеңберінде алгоритм немесе үрдістің орындалу қадамын үлгілеуге негізделген. Қызмет және әрекет жағдайы бірдей графикалық жақтаулары дөңес доғалармен ауыстырылған тіктөртбұрышқа ұқсас пішінмен бейнеленеді(11.1-сурет). Бұл фигура ішінде бір қызмет диаграммасы шеңберінде бірегей болуы керек көрсеткіш(expression) түрінде қызмет(11.1-сурет, а) немесе әрекет(11.1-сурет, б) жағдайы атауы жазылады. 

11.1-сурет. Қызмет және әрекет жағдайының графикалық бейнеленуі

Қызмет табиғи тілде, псевдокодта немесе программалау тілінде жазылуы мүмкін. Басқа қосымша немесе айқын емес шектеулер қызметті жазу кезінде қолданылмайды. Қарапайым қызмет атауы ретінде түсіндірмелі сөзімен етістік қолдану ұсынылады. Егер қызмет формалды көрсетілсе, құрылатын жоба іске асырылатын программалау тілінде жазған дұрыс болады.

Кейде қызмет диаграммасында бірнеше қарапайымнан тұратын күрделі қызметтерді көрсету қажеттігі туындайды. Бұл жағдайда ішкі-қызмет деп аталатын арнайы белгілеу қолдануға болады.

Ішкіқызмет жағдайы (subactivity state) - үрдістің атомдық емес бірізділігін көрсетуге арналған қызмет графындағы жағдай. Бұл жағдай  қызмет графы болып табылады және қызмут жағдайы символының оң жақ төменгі бұрышында арнайы пиктограмма түрінде бейнеленеді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Бұл құрылым, өзінің құрылымының "ішкі кірістіруін" қолдайтын UML тілінің кез-келген элементіне қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, пикторграмма кірістірілген құрылым типімен қосымша белгіленуі мүмкін.


11.2-сур. Ішкі қызмет жағдайының графикалық кескіні

Әрбір қызмет диаграммасы бір ғана бастапқы және соңғы жағдайға ие болады.  Олар жағдай диаграммасындай белгіленеді. Сонымен қатар, әр қызмет бастапқы күйден басталып, соңғымен аяқталады. Қызмет диаграммасының өзін жағдайлар жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай орналастыру қабылданған. Бұл жағдайда бастапқы күй диаграмманың жоғарғы немесе сол жақ бөлігінде, ал соңғы оның төменгі немесе оң жақ бөлігінде бейнеленеді. Шолу ыңғайлылығы үшін қызмет диаграммасында бірнеше соңғы күй бейнелеуге болады. Бұл жағдайда оларды бір-біріне эквивалентті деп есептеу қабылданған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.