Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ ПӘНДІК АУМАҒЫ



ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ ПӘНДІК АУМАҒЫ

 

ДМ негізгі міндеті - дәрігерді белгілі бір науқасты емдеу кезінде баспаға шыққан мәліметтерді жарамдылық дәрежесін анықтай білуге үйрету (Cook D., 1998).

Медициналық қауым деңгейінде ДМ негізгі пәндік аумағы – қабылданған емдеу стратегиялары болып табылады, оларды жиі клиникалық ұсыныстар деп атайды. Егер мұндай ұсыныстар мамандардан тұратын комиссиялармен қабылданып, денсаулық сақтау ұйымы мен бекітілсе, олар емдеу протоколы (стадарттар) статусына ие болады. (Власов В.В., 2001).

ДМ тұрғысынан клиникалық шешімді қабылдаудың негізгі принциптері 1-ші суретте көрсетілген.

 

Сурет 1 . ДМ тұрғысынан клиникалық шешімді қабылдаудың негізгі принциптері.

 

Бұл схеманы бегілі бір клиникалық жағдайда дәрігерге емнің стратегиясы мен тактикасын анықтауға көмектесетін ДМ негізгі принциптері көрсетілген. Емдеу стратегиясы дегеніміз белгілі бір клиникалық жағдайда ең дұрыс деген клиникалық ұсыныстың орындалуын іске асыру.

 

ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ. ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ПІКІР– ТАЛАС

Қазіргі таңда дәлелді медицинаның тәжірибелік және әдістемелік маңыздылығы туралы мамандардың әр түрлі пікірлері бар. 4-ші кестеде дәлелді медицинаны жақтаушылар мен қарсы шығушылардың пікірлері келтірілген. 

 

Кесте 4 – Дәлелді медицинаны жақтаушылар мен қарсы шығушылардың аргументтері

Қарсы шығушылар Жақтаушылар
ДМ жаңа ілім емес. Тек аты ғана жаңа. Клиницистер шешім қабылдау үшін әрдайым әдебиеттегі мәліметтерді қолданған. ДМ жаңа жол, ол әдебиеттегі мәліметтерді сүзіп, нақты дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
ДМ – тек дәлелге ғана сүйеніп, клиницистің өзінің шешім қабылдауына кедергі келтіреді. ДМ жеке тәжірибені ескере отырып, дәлелденген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
ДМ – индивидумды емдеу үшін, популяциялық зерттеулер нәтижесінде алынған сараланбаған мәліметтер. Ол зерттеулерді көп адамнан тұратын адамдарға жасап, олардың нәтижесін зерттеулерде ескерілмеген ерекше сипаттамалары бар жеке бір адамдарға қолдануды ұсынады. ДМ соңғы сатысында популяциялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді пациентке қолдануға бола ма, болмай ма, және оған пациенттің өзі келісім бере ме, жоқ па, сияқты сұрақтар шешіледі.
Жиі әдебиеттерде клиникалық шешім қабылдау үшін зерттеулердің «алтын стандарты» болып табылатын, рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің нәтижелері берілмейді. Клиницистер «дәлел пирамидасын еске ұстап, дәлелдер иерархиясынан негізделген деңгейді таңдауға мүмкіндік береді.  
Керек дәлелдерді тауып, ең жақсыларын таңдау қиынға соғады. Клиницистерге ақпараттық технологиялармен жұмыс істеп, нақты дәлелдерді табу үшін ақпараттық координаторлар қажет.

 

Жоғарыда аталған мәліметтер, ДМ кез келген клиникалық принцип тәрізді оңды мағынаға негізделуі қажеттігін куәландырады. Адамның табиғатына өзі білмейтін нәрсені, не болмаса, игеруге қиын нәрсені жоққа шығару тән. ДМ мән мағынасын, негізгі принциптерін білмей жатып, дәлелге негізделген клиникалық тәжірибеге баға беру мүмкін емес.

Қазіргі таңда дәлелді медицина методологиясы теориясын медициналық мамандар тәжірибелік жұмыстарында төмен деңгейде қолданады. Медициналық білім берудің әдеттегі жүйесі, көптеген ғалымдардың, дәрігерлердің, оқытушылардың менталитеті, денсаулық сақтаудың шектеулі қаржыландырылуы дәлелді медицина принциптерінің тәжірибеге енуіне кедергі жасайды. Сонымен қоса, дәрігерлердің басым бөлігі ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алмайды. Сондықтан да, кең ауқымды оқыту бағдарламалары мен шаралар жасалуы тиіс, атап айтқанда, дәлелді медицина дәрігерді даярлаудың барлық сатыларындағы оқу бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

Дәлелді медицинаның артықшылықтары

- дәлелді медицина медициналық білімді клиникалық тәжірибемен интегралдайды;

- дәлелді медицинаға әр түрлі саладағы мамандар мансаптың кез-келген сатысында қол жеткізе алады;

- дәлелді медицинаның өзінің жалпы жолдарымен басқаратын принциптеріне жүгіне отырып, медициналық көмектің үздіксіздігімен бірегейлігін жақсартуға мүмкіндігі зор.

Дәлелді медицинаның кемшіліктері

- шығындар уақытша ресурстарға байланысты, оны тәжірибеде қолдануды үйрену уақытты талап етеді.

- компьютерлік техника, оны бағдарламамен қамтамасыз ету, әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін шығатын шығындар. Бірақ бұл кемшілік дәлелді медицинаны қолдануға шектеу жасамауы тиіс. Керісінше оған шығатын шығындар тиімсіз медициналық көмек түріне жұмсалатын қаржы көлемін азайтуы мүмкін.

- дәлелді медицина бар куәліктердегі кемшіліктерді тауып көрсетеді. Ол дәрігерлердің мотивациясына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтанда жергілікті немесе ұлттық зерттеу проектілерін жүргізу үшін мұндай кемшіліктерді анықтау өте маңызды болып табылады.

- ақпараттарды іздеумен байланысты мәселелер. Мысалы, ересек дәрігерлердің арасында компьютерлік сауаттылықтың төмендігі, электронды базаларда жақсы сілтемелердің жоқтығы.

Әлемге танымал ДМ бойынша ұсыныстың авторы, тәжірибелік дәрігер  Т.Гринхальх «саясаткерлер мен денсаулық сақтау ұйымының менеджерлері дәлелді медицинаға негізделген клиникалық ұсыныстарды жеке адамдарды емдеуге емес, ауруларды жаппай емдеуге қолданады деп ескертеді. [15, с.162] Автордың ойы бойынша, оның балығы клиникалық тәжірибеде формальды жолдардың қалыптасуына әкеледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.