Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕТОДОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕТОДОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Тәжірибеде дәрігер келесі сұрақтармен үнемі кездеседі: Пациент сау ма, әлде сырқат па? Қолданылып жатқан диагностика әдісі қаншалықты дұрыс және диагнозды қате қою мүмкіндігі бар ма, жоқ па? Аурудың дамуына не себеп болды? Пациент сырқатының соңы немен аяқталады? Белгілі бір клиникалық жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн, және жүргізілген ем сәтті бола ма, жоқ па? Осыған байланысты дәрігер әдетте келесі принциптерді ұстанады (кесте1).  

Кесте 1 – Медициналық тәжірибедегі әдеттегі парадигмалар және комментарийлер

Медициналық тәжірибедегі әдеттегі парадигмалар Коментарийлер түсіндірмелерімен
Дәрігердің жеке өз білімі мен тәжірибесі Дәрігердің тәжірибесі мен білімі белгілі бір шешім қабылдауда өте маңызды болып табылады. Әрбір дәрігерде бұл шешімдер жеке дара болып табылады. Медицина тарихына жүгінсек, дәрігерлердің білімі мен тәжірибесінің негізінде алынған пікірлер қате болуы да мүмкін.
Білікті мамандардың пікірі. Білікті мамандардың да пікірі көп жағдайда бір-біріне сәйкес келмейтіні де баршамызға мәлім. Әдетте, медицинаның белгілі бір саласындағы беделді мамандар өз мектебін жасап, басқаларымен пікір таласқа түседі.
Оқулықтар мен ұсыныс- тардағы мәліметтер. Оқу құралдары келісіліп, бекітіліп, рецензияланып, қаржыландырылып қолданылуға шыққанша біраз уақыт өтеді. Медицина ғылымы мен тәжірибенің қарқынды дамуы жағдайында мұндай мәліметтер, жарыққа шыққанша ескіріп те үлгеруі мүмкін. ТМД-ң көптеген елдерінде оқу құралын жазып шығарған авторлар ақшалай сыйақы алмайды. Оларды тек ғылыми дәреже алу үшін не болмаса, ғылыми білім беретін мекемнің оқу құралдарын баспаға шығару жоспарын орындау үшін ғана жазады. Айтылған себептер мен мамандардың компетенциясы оқу құралдарының сапасына күмән келтіреді.  
Диагностикалау мен емдеудің әдеттегі жолдары. Белгілі бір ауруды диагностикалау мен емдеудің әдеттегі жолдары бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.
Ауру дамуының патофизиологиялық және патогенетикалық принциптерін білу. Бұл мәліметтер дәрігердің патологиялық үрдісті түсініп, терапияны негіздеуіне көмектеседі. Бірақ, тәжірибе жүзінде патогенетикалық негізделген емдеу әдістері барлық жағдайда тиімді емес. 
Арнайы медициналық журналдардан алынған білім. Баспаға шыққан статьялардың сапасы төмен болуы мүмкін. Мысалы үшін, дәрілік заттардың өтімділігін жоғарылату үшін қаржылай пайда іздеген топтардың әрекеті.

 

Аурудың даму механизімін түсіну өте қажет, бірақ медицина дұрыс шешім қабылдау үшін жеткіліксіз. Клиникалық тәжірибе, машықтар, дұрыс көзқарас, науқастың ойы дәрігер тәжірибесінің негізгі құрама бөліктері болып табылады. Медициналық тәжірибеде әрбір қабылданатын шешім, клиникалық зерттеулер кезінде қатаң дәлелденген ғылыми факторларға негізделуі қажет.

Белгілі бір пациент сырқатының болжанатын ақыр-соңы сол дәрігердің тәжірибесінде болған ұқсас жағдайларды салыстыруға негізделетіні белгілі. Жасалатын қорытындылардың қаншалықты дұрыстығы және науқас үшін тиімділігі, бақылау әдістерімен оларды талдау жолдарына байланысты.  Дәрігердің әрекеті – белгілі бір науқас мәселесін шешуге бағытталады. Әдеттегі клиникалық білім беру – анатомия, физиология, биохимия сияқты т.б. фундаментальды ғылымдардан алынған мәліметтерге сүйене отырып, аурулардың даму механизімін түсінуге бағытталған. Бірақ, аурудың биологиялық даму механизміне негізделген клиникалық жолдар мен болжамдарды дәлелдеуді қажет ететін гипотеза ретінде ғана қарастыру керек. Клиникалық тәжірибеде теориялық көзқарастар қарама-қайшылықтарды туындатады.

 Мысалы, I классқа жататын аритмияға қарсы дәрілік заттар миокард инфарктісі бар науқастарда өлім қаупін төмендетуі қажет – бұл гипотеза; I классқа жататын аритмияға қарсы дәрілік заттар миокард инфарктісі бар науқастарда колдану аурудың соңын (болжамын) қатерлендіреді, яғни өлім қауіпін жоғарлатады – бұл анық (реальды) факт (CAST зерттеулері бойынша) . 

Клиницисттің тәжірибесі мен аурудың даму механизімінің мәнін ескере отырып, келесі аталғандарды еске ұстау қажет:

· көп жағдайда белгілі бір науқасқа диагноз қою, оның ауруын емдеп, ақыр-соңын болжау нақты анықталмаған, тек мүмкіндіктер арқылы білінеді;

· белгілі бір науқастағы бұл мүмкіндіктерді, дәрігер өз тәжірибесінде сол науқастың ауруына ұқсайтын, клиникалық жағдайларды салыстыра отырып бағалайды;

· клиникалық бақылауларды біліктілігі әр түрлі, жеке пікірлері бар дәрігерлер жүргізетіндіктен, олардың нәтижелерінде жүйелі қателіктер мен қате қорытындылар болуы мүмкін;

·  клиникалық бақылауларда (басқа да бақылаулардағы сияқты) кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін;

· қате қорытындыларды шығармау үшін, дәрігерлер, жүйелік қателіктерді төмендету әдістерімен кездейсоқ қателіктерді тіркеуді қолдана отырып, қатаң ғылыми принциптерге негізделген зерттеулерге жүгінуі керек.

Аталғандардың барлығы клиникалық эпидемиологияның ережелері. Клиникалық зерттеулер санының өсуі және олардың сапасын жоғарлатуға бағытталған бет-бұрыстар, клиникалық эпидемиология деп аталатын, дәлелді медицинаның методологиялық жолдарын негіздеп берген, жаңа пәннің пайда болуына әкеліп соқтырды. Клиникалық эпидемиология – бұл қатаң ғылыми әдістерді қолдана отырып аурулар тобын зерттеу арқылы, ұқсас клиникалық жағдайлардағы ауру ағымын зерттеу негізінде, әрбір науқас сырқатының нақты ақыр-соңын болжауға мүмкіндік беретін ғылым. Клиникалық эпидемиологияның мақсаты – жүйелік және кездейсоқ қателерді жібермей отырып, әділетті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін, клиникалық бақылау әдістерін дайындап, оларды қолдану. Клиникалық эпидемиологияның міндеттері ретінде, келесі аталғандарды атап айтуға болады: клиникалық тәжірибедегі диагностикалық тестілердің маңыздылығы, қалыпты деңгей шектерін анықтау, аурудың ағымы және оның ақыр-соңын болжау, емнің тиімділігі және жанама әсерлер, аурудың алдын алу.

Ғылыми ізденіс методологиясының эмпирикалық және теориялық жолдары бар. Эмпирикалық жолда – білімді эксперимент немесе бақылау жолымен алса, теориялық жолда – білімді логикалық құрастыру (гипотеза) жолымен алады. Бұл жағдайда теория тәжірибемен расталуы қажет. Гипотеза – мүмкін болатын білім, ол расталуыда мүмкін, не болмаса жоққа шығарылуы мүмкін, ал ғылыми факт – шынайы білім. Ғылыми фактінің шынайылығын растау үшін, ауқымды дәлел болуы қажет. Гипотезаларды тексеру нәтижесінде ғылыми фактілер алынады. Ғылыми зерттеулер гипотезаларды шығарып, оларды тексеру форматында жүргізілуі мүмкін немесе бір зерттеуде гипотезалар тексеріліп, жаңа гипотезалар шығарылуы мүмкін.

Ғылыми фактілердің маңыздылығын келесі критерийлер анықтайды:

1. Алынған мәліметтердің шынайылығы (Internal validity, methodological quality). Шанайылық – зерттеу жоспарының қойылған мақсатқа сәйкестігіне, зерттеудегі жүйелі және кездейсоқ қателіктерді төмендету және тіркеу дәрежесіне байланысты. 2,3 кестеде жүйелі және кездейсоқ қателіктердің шығу көздері және сипаттамалары келтірілген.

2. Нәтижелерді жалпыландыру (External validity, generalisability). Нәтижелерді жалпыландыру кірістіру-шығару критерийлеріне байланысты және көп шоғырланған зерттеулерде жоғарылайды.

Кесте 2 – Жүйелі және кездейсоқ қателіктер

Жүйелі қателіктер Кездейсоқ қателіктер
Зерттеу нәтижелерін бір бағытқа бұрмалау Жоғары бағалау мен төмен баға беру мүмкіндігінің бірдей болуы
Ауқымы таңдалған көлемге байланысты емес Ауқымы таңдалған көлемге байланысты
Жоспарлау сатысында минимизацияланып, зерттеу нәтижелерін талдау сатысында ескерілуі мүмкін Зерттеу нәтижелерін талдау сатысында ескеріліп, бағалануы мүмкін

 

Кесте 3 – Жүйелі қателіктерің шығу көзі мен оларды болдырмау жолдары

Таңдау сатысындағы жүйелі қателіктер Негізгі топ Бақылау тобы Рандомизация, стратификация, сыңарларды таңдау
Әрекет немесе әсер ету сатысындағы жүйелі қателіктер Әрекет ету Әрекеттің болмауы Плацебо-бақылау
«Таңдау» салдарынан болған жүйелі қателіктер Бақылау Бақылау Сезімталдылықты талдау
Нәтижелерді бағалау сатысындағы жүйелі қателіктер Нәтижелерді бағалау Нәтижелерді бағалау Зерттеуге қатысушыларды «беймәлім ету»


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.