Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АЛҒЫ ШАРТТАРЫ



ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Дәлелді медицинаны тәжірибеге енгізу кезінде актуальды болып табылатын медицинаның мәселелері мен алғы шарттарына жатады: ақпараттық мәселелер, экономикалық мәселелер, әлеуметтік мәселелер, этикалық мәселелер (Фокин В.А., Карась С.И., Калитвянская Т.А., 2002).

Емдік шараны таңдауға әр түрлі медициналық ақпараттар әсерін тигізеді (тәжірибелік, ғылыми, жарнамалық сипаттағы әр түрлі медициналық ақпараттар)

Қазіргі таңда ақпаратпен қамтамасыз етудің келесі ерекшеліктері бар:

- Медициналық журналдармен баспа сандарының көбеюі (әлемде жылына биомедициналық сипаттағы шамамен 40000 журнал шығарылады, онда 2 миллионға жуық баспа жарияланады).

- Медициналық сипаттағы ақпараттардың электронды түрлерінің (қағазсыз) көбеюі.

- INTERNET мүмкіндіктері. Көптеген медициналык мамандармен медициналық ұйымдарға әлемдік ақпараттық ресурстардың шынайы және потенциалды мүмкіндіктерінің әсері.

- Медициналық көмек түрін таңдауға көмектесетін жаңа медициналық ақпараттық және анықтамалық бағдарламаларды енгізу.

- Медицинадағы жарнамалық сипаттағы ақпараттармен қоса белсенді ақпаратты саясат.

Аталған факторлардың барлығы ауруларды диагностикалау мен емдеу туралы жаңа білімнің пайда болуы арасындағы интервалдың азаюына әкеліп соқтырды.  Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер әдеттегі (оқулықтар, әдістемелік құралдар, шолулар) және регламенттелген білім көздеріне қол жеткізуде (клиникалық ұсыныстар, диагностика және емдеу протоколы, эксперттердің ойы). Сөйтіп, алынатын ақпараттар, науқасты жүргізу кезінде дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.                                                                                                                                  

Дәлелді медицинаның дамуын қамтамасыз ететін, медициналық тәжірибедегі экономикалық аспектілерге келесі аталғандар жатады:

- Денсаулық сақтау ұйымына бөлінетін қаржының тапшылығы. Бұл ресурстарды ұтымды қолдануға мүмкіндік береді, атап айтқанда емнің тиімсіз түрлерінен бас тартып, науқастардың барлығы бірдей дәрежеде емнің тиімді түрлеріне қол жеткізуіне күш салынуы қажет.

- Медициналық көмекті қызмет ретінде қарастыру. Медициналық көмек қоғам мен жеке адамның денсаулығын сақтау мақсатын көздеген өндірістік әрекеттің бір түрі, және де көрсетілетін көмек денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерімен науқастардың қажеттіліктерінен туындаған сұраныс түрі болып табылады. Бірақ кейбір қарама – қайшылықтар бар. Медициналық көмектің сапасы пациенттің көзқарасымен арнайыландырылады. Мұндай жағдайларда шешім қабылдауда уақыттың тапшылығы, арнайы білімнің жетіспеуі сияқты факторлар бар. Пациент көмектің түрін анықтайтын дәрігерге сенуіне тура келеді. Ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында, көрсетілетін көмектің диапазоны тарылып, тұтынушыға таңдау қалдырмайды. Басқа жағынан алсақ, бұл сатушының көрсетілетін көмекті жетілдіруге және бағаны төмендетуге ықпалдандырмайды. Осыған байланысты, клиницистерге де, тұтынушыларға да түсінікті нағыз тиімді болып саналатын, «ойын тәртібі» қажет болды. Бұл сұрақтар медициналық көмек көрсетудің этикалық аспектілерімен ұштасып жатыр.

- Әртүрлі қаржыландыру көзінің болуы (бюджеттік, медициналық сақтандыру, жеке және заңды тұлғалардың қаржысы) тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, барлық жағдайда қаржының бөлінуі тиімді медициналық көмек көрсетуге бағытталмаған, яғни медициналық көмектің тиімділігін қамтамасыз ететін мақсаттар мен приоритеттерге негізделмеген. Мысалы, бюджеттік қаржыландыруда, қаржыны алушы оны ұтымды қолданудан гөрі, толықтай жұмсап тастауға бейім. Не болмаса, медициналық сақтандыру, сақтандырудың арнайы тізіміне кірген медициналық көмекті ғана қаржыландырып, емдеу процессін шектейді. Науқастардың өз ақшасына емделуі қазіргі таңда шектелгендіктен, медициналық көмекке қол жеткізуді қиындата түседі.

Дәлелді медицинаның дамуын қамтамасыз ететін, медициналық тәжірибедегі әлеуметтік және этикалық аспектілерге келесі аталғандар жатады:

- Науқастың өз денсаулығы туралы ақпаратты білуге құқылығы. Науқастардың үмітімен олардың таңдаған медициналық көмек түрі көбінесе дәрігерден алынған ақпараттарға байланысты. Дәрігер берілетін ақпараттардың сапасына жауапты болып табылады. Сондықтан да, клиницистерге сенімді, шынайы клиникалық ұсыныстар қажет.

- Дәрігерлердің емдік әрекетіне денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілігі, білім беру мекемелері, фармацевтикалық фирмалардың медициналық өкілі қысым көрсетеді. Мұндай жағдайлар, атап айтқанда, дәрігердің емдеу стереотиптерін, арзан емді, белгілі бір емдік және диагностикалық технологияларды қолдануға итермелейді. Кейбір жағдайларда пациент дәрігерге өзі қалаған дәрілік затты тағайындауын талап етеді, тіпті қалауы орындалмаған жағдайда медициналық көмек сапасын бақылайтын ұйымдарға шағымдануға дейін барады. Аталған жайттардың барлығы, көрсетілетін көмек сапасына, және де дәрігерлерде этикалық, психологиялық мәселелер туындатады. Мұндай жағдайда дәлелге негізделген клиникалық ұсыныстар (протоколдар) дәрігерлердің тиімді медициналық көмекті көрсетіп қана қоймай, сонымен қоса, кейбір келеңсіз жағдайларда қорғаныс қызметін атқарады.

- Қоғам денсаулығы мен жеке тұлға денсаулығы арасындағы қарама-қайшылық. Қоғамдық және жеке көзқарастардың арасындағы баланс мәселелері. Мысалы, вакцинация қоғам денсаулығының орташа деңгейін жоғарлатса, кейбір жағдайларда кері салдарлар дамуы мүмкін, немесе жеке бір науқасқа қымбат тұратын ем әрекеті жасалса басқа науқастардың ресурстары кемиді. Сондықтанда науқаспен қоғамның көзқарастары арасында медициналық емнің тиімділігі мен оптималдығына негізделген келісім болған жөн.

Бұл аталған аспектілер бір-бірімен тығыз байланысты және дәлелді медицинаны енгізуді талап етеді.

Денсаулық сақтау жүйесінің кез келгені тұрғындардың денсаулығын жақсартуды мақсат етеді. Ол үшін ресурстардың тапшылығы жағдайында жаңа технологияларды дайындауды қаржыландыру мен профилактикалық, емдік шараларды қаржыландыруға кететін шығындарды оптимизациялау қажет.

Оптимизация жалпылау әдістерін дайындау бағыты мен әлемдік тәжірибені ескеру, медициналық көмек қажеттілігін бағалау және тиімсіз шараларға шығынды азайтып, ең тиімді деген шараларға күш жұмылдыру бағытында мүмкін болып табылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.