Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балшық ертінділерін ықтиярсыз тазарту әдістері



Балшық ертінділерін ықтиярсыз тазарту әдістері

      Балшық ертінділерін ықтиярсыз тазарту әдістерінің ішіндегі ең тиімдісі, әрі өндірісте көп қолданылып жақсы нәтиже беріп жүргені - гидравликалық әдіс, яғни балшықтарды ОГХ-8А немесе ОГХ-8Б гидроциклон қондырғыларымен тазарту.

      Гидроциклон (52 - сурет) тұлғасы воронка 1, жоғарғы жағы қысқа цилиндр және төменгі ұзартылған конустан тұрады. Тұлғаның ішкі сауытынан жоғарғы қақпағы арқылы түтікше 4, ал конустың түбінен жиналған ұнтақтарды сыртқа түсіретін қақпағы бар шығарма түтік 3 жасалған.

52 -сурет. Гидроциклонның нобайы

 

        Гидроциклон қондырғысымен тазалау үшін бұрандалы бұлқын күшімен жанама түтік 2 арқылы воронкаға тазартылатын балшық ерітіндісін жібереді. Құбыр воронкаға жанай орнатылғандықтан, воронкаға кірген ерітіндінің қозғалысы айналмалы ағысқа айналады. Центрдентепкіш күштің әсерімен ерітіндінің ішіндегі ірі ұнтақтар воронаканың ішкі қабырғасына жиналып, оның бүйірімен төмен қарай сырғанап түседі де, воронканың астына орналасқан шығарма түтік арқылы сыртқа шығарылады. Гидроциклон жұмыс істегенде оның ішіндегі сұйық қысымының мөлшерін 3-тен 5 атмосфераға дейін ұстау керек. 

       Тазаланған ерітінді ішкі диаметрі 35-45 мм-лік жоғарғы құбыр арқылы қамбаға жіберіледі. Гидроциклонның тазарту дәрежесін болжау және анықтау үшін келесі түсініктер енгізілген: тазалау қабілеттік коэффиценті тазарту тиімділігі сұйықтың тазарту кезінде жоғалуын анықтайтын өлшем

           Тазалау қабілеттік кофиценті деп бастапқы сұйықтың құм мөлшері мен тазартылған сұйықтың құм мөлшерінің қатынасын айтады:

К=П/По

Тазарту тиімділік коэффиценті

Сұйықтың жоғалуына қатынасты өлшем гидроциклонның жуу сұйығын тазартудың үнемділігін бағалау үшін қолданылады.

Мұнда

q – ұнтақтармен қаныққан жуу сұйығының жалпы шығыны, л/сек;

qn - нақтылы ұнтақтың (шламның) шығыны, л/сек.

           П, По және Кж мәндерін анықтау үшін, гидроциклонның бір қалыпта жұмыс істеуі басталғаннан кейін, тазартылған және тазартылмаған ерітінділерден және төменгі түтіктен шыққан бұрғылау ұнтақтарынан сынама үлгі алу қажет. Гидроциклондардың техникалық сипаттамалары 35-кестеде келтірілген.

Гидроциклондардың техникалық сипаттамалары

Көрсеткіштері ОГХ-8Б ОГХ-8А
Өнімділігі, л/мин
Жуу сұйығының ішіндегі ұнтақтардың өлшемдері, мм
Тазаланатын жуу сұйығының ішіндегі құм мөлшері, пайыз
Гидроциклонның салмағы, кг

 

Ауырлатылған балшық ерітінділерін ұнтақтардан тазалауға дірілдеуік елеуіштер қолданылады. Ол үшін ұңғыдан шыққан тазаланатын ерітінді минутына 1400-1500 рет шайқалып тұратын елеуіштің торына жіберіледі. Елеуіштен өткен ерітінді науа арқылы қамбаға құйылады. 

Физико-механикалық тазалау әдісінің негізі, ол балшық ерітінділерін флокуляциялау, коагуляциялау және араластыру болып табылады. Мұндай әдісті ерітіндіден балшықтың қатты фазасын толығымен шығаруға қолданады. 

Флокулянттық реагент ретінде көбінесе 0,01 пайыздан 0,15 пайызға дейін акрилді полимерлерді пайдаланады.

 Коагуляциялық әдісті әдетте ерітіндіден ұнтақтарды жартылай тазалау үшін қолданады. Коагулянт ретінде галоидты қоспалар Al, Fe, Ni, Co, Na, Ca, Al2So4 полиакрилит, полиакриламин және полиаминдерді пайдаланады. 

Жуу сұйығының кұрамына газ бен ауа, оларды аэрациялаған кезде немесе газ және көмір кен орындарына ұңғы бұрғылағанда қосылады. 

Газдардан тазалаудың қазіргі кезде төрт түрі бар: табиғи, механикалық, физико-химиялық және құрастырылған. Келтірілген төрт әдістің ең тиімдісі әрі қарапайымы физико-химиялық болып есептеледі. Себебі мұндай әдісте арнайы аспаптар мен қондырғылар қажет емес. 

Жуу сұйығына арнайы көпіршіктерді басқыш, беттік активті заттарды (ПАВ) қосу арқылы газдардан тазалайды. Көпіршік басқыш ретінде өте жақсы нәтиже көрсететін реагент полиметисилоксан. Газданған жуу сұйығына 0,005 пайыздан 0,05 пайызға дейін полиметисилоксан қосқанда көпіршіктер толығымен жойылды. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.