Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бұрғылау жабдықтары» пәні бойынша курстық жұмысқа



«Бұрғылау жабдықтары» пәні бойынша курстық жұмысқа

Курстық жұмыстың тақырыбы: Бұрғылау қондырғысын таңдап алу

Кіріспе
1.Бұрғы қондырғысын таңдап алу.
1.1.Бұрғы қондырғысының негізгі параметрлері.
1.2.Бұрғы қондырғысының жүк көтерігш бөлігін таңдап алу.
1.2.1.Бұрғылау мұнарасын таңдап алу.
1.2.2.Тәл жүйесін таңдап алу.
1.2.3. Лебедканы (шығырды) таңдап алу.
1.2.4. Сағалық жабдықтарды таңдап алу.
1.2.5. Ұңғы сағасының жабдықтары.
2.Жуу сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары.
2.1.Жуу сұйықтарын дайындау қондырғылары.
2.2.Жуу сұйықтарын тазарту қондырғылары.
2.3.Сұйық химиялық реагенттерді сақтау блогы.
2.4.Ұңғы толтыру құрылғысы.


 

Негізгі мәліметтер.
1.Ұңғы тереңдігі (LҰ),м ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2200
2.Бұрғылау құбырлары: ұзындығы LБ,м ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2100
                                    1м салмағы qБ Н/м ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...216
3.Ауырлатылған бұрғылау құбырлары: ұзындығы LА,м ... ... ... ... ...100
                                    1м салмағы qБ, Н/м ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1560
4.Бұрғылау ерітіндісінің ұзындығы rЖ, кг/м3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1280
5.Тәл жүйесінің жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4´5
6.Ауыр шегендеу тізбегінің салмағы РШ, кН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 420
7.Қабат қысымы Рқ, МПа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

 

КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуі жаңа кен орындарын іске қосу арқылы ғана іске аспайды, сонымен қатар игерілген кен орындардың тиімділігін көтеру арқылы да іске асырылады.

Бұрғылау және мұнай-газ өндіру мекемелері жаңа қажетті жабдықтармен жабдықталған . Салалық технологиялық жаңарту процестері , яғни технологиялық процестерді автоматтандыру , автоматтандырылған мекемелерді енгізу әрқашан жүргізіліп отырады.

Бұрғылау және мұнай газ өндіру өнеркәсіпшіліктерінде ұңғыны бұрғылауға , мұнай мен газды өндіруге , тасымалдауға, сақтауға арналған әр түрлі жабдықтар қолданылады.

Курстық жұмыс негізгі бір бөлімнен тұрады: ұңғыны бұрғылау және сағалық жабдықтарды таңдау.


 

1.БҰРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫН ТАҢДАП АЛУ

1.1. Бұрғы қондырғысының негізгі параметрлері

Бұрғы қондырғысы жəне оның əрбір бөліктері əр түрлі параметрлермен (қуаттылығымен, жүк көтергіштігімен, жұмыстық немесе шектік қысымымен, габариттік өлшемімен, салмағымен жəне т.б.) сипатталады. Бұл параметрлер негізгі деп аталады.

Сонымен қатар, негізгі параметрлердің ішінен, басқа да сыртқы факторларға тəуелсіз ең маңызды тұрақты көрсеткішті бөліп қарауға болады. Бұрғы қондырғысының бұл көрсеткіші, ұңғыны бұрғылау кезінде пайда болатын салмақты қабылдау қабілеттілігі болып табылады, яғни нақты немесе ұңғылар тобын бұрғылау үшін, таңдап алынған қондырғының қолдану мүмкіндігін анықтайтын жүк көтергішіті.

Бұл көрсеткіш басқаларына қарағанда бұрғы қондырғысының басты параметрі деп аталады жəне топтастыру үшін база ретінде қолданады.

 Бұрғы қондырғысының ілмегіндегі нақтылы жəне максимальді жүк көтергіштігін бөледі. Ілмектегі нақтылы жүк көтергіштік-салмақ шегендеу құбырлар тізбегінің ең ауыр салмағына, жабдықтың əдеттегі ұзақ жұмыс кезіндегі шектік жүк көтергіштігіне сəйкес келеді. Ол берілген өлшемді құбырларымен бұрғылағанда шектік тереңдікті анықтайды жəне бұрғы қондырғысының қозғалыс күшімен бірге жүк көтерігш бөлшектері мен түйіндерін төзімділікке есептеу үшін қажет.

 Бұрғы қондырғысы тұтылудың алдын алу, шегендеу құбырлар тізбегін түсіру кезінде, яғни сирек және қысқа мерзімді салмақтарды қабылдайтынын ескере отырып , бұрғы қондырғысының көтергіш бөліктерінің шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ілмектің максимальды жүк көтергіштігін анықтау жəне белгілеу керек. Максимальдыі жүк көтергіштік ілмектегі шектік берілген салмақты анықтайды жəне бұрғы қондырғысынң жүк көтергіш бөлшектері мен түйіндерін тұрақты төзімділікке есептеу бастапқы салмақ болып есептелінеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.