|
|||
Бұрғы қондырғысының жүк көтергіш бөлігін таңдап алу1.2. Бұрғы қондырғысының жүк көтергіш бөлігін таңдап алу 1.2.1.Бұрғы мұнарасын таңдап алу Бұрғы мұнарасы оның екі параметрі – максимальді жүк көтергіштігі жəне биіктігі арқылы таңдалынып алынады. Мұнараға əсер ететін салмақ төмендегі формуламен анықталады Рм=Pіл+Pтж+Pқоз+Pкрон=779,2+45+114, 84+25=964,04 кН (1) Мұнда Pіл – ілмектегі салмақ, кН; Pтж – тəл жүйесінің қозғалмалы бөлігінің салмағы, кН (Pтж =3÷6 т); Рқоз- тəл арқанының қозғалмайтын шетіндегі созылу күші; Pкрон – кронблок салмағы, кН; Ілмектегі салмақ бұрғылау немесе шегендеу құбырлар тізбегінің ең ауыр саламағына тең. Ұсталып қалу жəне басқа да күштерді есептегендегі бұрғылау тізбегінің салмағынан тізбекке әсертететін күш
Pіл=Рбс=Во(qбLб+qаLа+Pтқ)+Pжқ=1,197 ((216(2100+1560(100+0)+49,6= =779,2 (2) Во=кскұ(1-(ж(бол)=1,1(1,3(1-12807 850)=1,197 Мұнда кс- тізбектің ұңғы ішімен қозғалу кезіндегі қарсы əсер етуші күшті ескеретін коэффициент, практикалық есептеуде кс=1,1÷1,3; кұ-тізбектің тартылып жəне ұсталып қалу мүмкіндігін ескеретін коэффициент, есептеу кезінде оның мəнін 1,3 деп қабылдауға болады; ρж, ρбол- жуу сұйығы жəне бұрғылау құбыры материалының тығыздықтары, кгм3; qб,qа-бұрғылау жəне ауырлатылған бұрғылау құбырларының 1 метрінің салмағы, кНм; Lб,Lа-бұрғылау жəне ауырлатылған құбырлар ұзындығы,м; Ржқ-жетке құбыр салмағы, кН; Ртқ-түптік қозғалтқыш салмағы, кН; Ұңғыдағы шегендеу тізбегінің салмағынан болатын күш Ршт=Bo(q1L1+q2L2+...+qnLn)=BoPш=1,197 (420=502,74 кН (3) Рш- ең ауыр шегендеу тізбегінің салмағы, кН. Тәл арқаның қозғалатын және қозғалмайтын бөлігінің тартылуынан болатын күш Рт=р1+р2=158,9585+114,84=273,7985 Тізбекті көтеру кезіндегі арқанның қозғалатын болігіндегі күш (Р1) мына формуламен анықталады Р1=Рстn(тж=(Ріл+Ртж) n(тж=(779,2+45)6,1(0,85=158,9585 кН (4) n-тəл жүйесінің жұмысшы ішектер саны n=mPстРбел=5(824,2671,9=6,1 (5) m- тəл арқанының беріктік қоры, (m=3÷5); Рбөл- арқанның бөлшектенуіне түсірілетін күш, кН. Оны анықтау үшін тəл арқанының диаметрі мен түрін таңдап алу керек. (1-кесте); ηтж- тəл жүйесінің жабдықталуына қатысты пайдалы əсер коэффициенті (2кесте). Арқанның қозғалмайтын шетіндегі тартылу күшін (Р2) төмендегі формула арқылы анықтауға болады: Р2=(Рст(тж)n=(824,2(0,85)6,1=114, 84 кН (6) Кронблок салмағы шамамен Ркрон= 25кН. Мұнара биіктігі свеча ұзындығына қатысты жəне төмендегі формула арқылы анықталады: Н=Lсв(1,4÷1,7)=30(1,55=37,4 (7) Lca – свеча ұзындығы ,м.
|
|||
|