Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Есеңгіреу (стресстің) негізгі түрлері



2.Есеңгіреу (стресстің) негізгі түрлері

Әр адамға стрессорлар әр түрлі болады. Солардың бәрін ретке келтіру үшін ғалымдар көп еңбек етті, бірақ стрессорларды бір жүйеге келтіру әлі жүзеге асқан жоқ. Бірақ бұл жағдайлар бізге стресстің негізгі төрт түрін қарастыруға кедергі етпейді. Олар: Фрустрация, кикілжің (конфликт), өзгеріс, қысым (давление).

Фрустрация

Фрустрация латын тілінен fruastratio-өтірік, шыдамды күту деген мағынаны білдіреді. А.А. Радугин бойынша адамның мақсатына жетуде обьективті немесе субьективті кедергіге тап болғандығы эмоционалдық күй уайым, қысым, мазасыздануы. Яғни адам фрустрацияны бір нәрсеге қол жетпегенде сезеді. Бәрімізде фрустрациялық күйді күнделікті өмірде сеземіз, бірақ ол қуанышқа қарай ұзақ және маңызды емес мысалы: Өз уақытында төлем ақыңызды ала алмағаныңызға қатты өкінесіз, бірақ үш күннен кейін оны аласыз сіздің өкінішіңіз бұл кезде ұмытылып кетеді. Әрине, кейбір фрустрациялық күй стресске әкеліп соғуы мүмкін. Сәтсіздік пен бір нәрсені жоғалту: міне осы екеуі стресске әкеп соқтырары анық. Бәріміз, кейбірі алдарына реалды мақсат қоймау арқылы, өздерін сәтсіздікке әкеледі. Жақын адамыңды жоғалту фрустрациялық күйді терең сезінуге әкеледі. Кейде адам фрустрацияны өзіне-өзі тудырады. Адамдар әдетте өздерінің жетістіктеріне өздері кедергі келтіреді. Мысалы: сіздің алаңғағасарлығыңызға байланысты жұмыс дәрежеңіз бойынша сіз күткендей көтерілмесеңіз осыған байланысты фрустрациялық күй туындайды, бұл жағдайдың туындауына өзіңіз кінәлісіз. Көп жағдайда фрустрациялық күй агрессивті мінез-құлықты түсіндіреді. Фрустраторлар тез ашуға айналатын агрессияның пайда болуы адекватты емес реакциядан пайда болады: балағаттау, адамға физиологиялық қысым көрсету (шымшу, ұру, итеру) немесе бір обьектіні сындыру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.