Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№8 сабақ

Пән: «Отбасында өзін-өзі ұстау психологиясы мен этикасы»

 

Топ:НО2Б (9)      Күні:01.04.2020 жыл    Уақыты:13.40-15.10

Пән оқытушысы:Белгибаева Алтынай Елемесовна

Сабақ тақырыбы:

1. Есеңгіреу (стресс) түсінігі.

2.Есеңгіреу (стресстің) негізгі түрлері.

3. Есеңгіреу (стресс) және оны жеңу тәсілдері.

 

1. Есеңгіреу (стресс) түсінігі.

Ескертпе! «Стресс» - ағылшын созі, қазақшалағанда есеңгіреу, күйзеліс мағынасында қолданылады.

Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады. Міне сондықтан стресс туралы мәлімет біздің заманымызда өте қажет. Стресс күйін зерттеу мына ғалымдардың өмірінде орын алған: Селье, Самоукина, Кеннон, Касл, Купер, Маршалл, Альбрехт, Вейтен Ллойд және т.б.

«Стресс»- түсінігін Канадалық физиолог Ганс Селье енгізген. Ол стрессті: «Адам ағзасының кез-келген талабына өзіндік ерекшілігі жоқ (неспецифический) жауабы»,- деп түсіндерген. Бұл анықтаманы түсіну үшін біз «неспецифический» (өзіндік ерекшелігі жоқ) деген сөзді түсінуіміз керек.

Ағзаға қойылған әр талаптың өз ерекшелігі бар. Мысалы: Суық күнде біз көп жылу бөлу үшін дірілдейміз, қан тамырлары тарылып, тері сыртына жылу бөлінуі азайады. Күн ыстықта біз терлейміз, теріміздің булануы арқылы біз салқындаймыз. Сол сияқты белгілі дәрілерді ішу арқылы біз оның ерекшелігін біле отырып, сол дәрінің әсерін сезінеміз: Осылардың бәрі «специфический» яғни ерекшелігі бар болып табылса, ерекшелігі жоқ «неспецифический» өзгерісті талап етеді талаптың өзіндік ерекшелігі жоқ, қандай болмасын туындаған қиындыққа бейімделу болып табылады. Сол өзгерістері орындау арқылы біз өзіміздің қалыпты жағдайымызды орнына келтіреміз. Стресс болған кезде ол жағдай жағымды не жағымсыз екені маңызды емес. Бұл жағдайдың қажеттілік өзгеріс және бейімделу маңызды болып табылады. Мысалы: Соғысқа кеткен баласын анасына қаза тапты деп, уақыт өткен соң ол қате болып бала үйіне кіріп келеді. Бірінші жағдайда ана қайғырады, екінші жағдайда қуанады, бірақ екі жағдай да адамға стресс әкеледі. Екеуі екі түрлі сезім болса да, екі жағдайда да анасы болған жайды қабылдап, түсініп соған бейімделеді. Яғни екі жағдайда да стресс күйіндегі адам бір әрекетті жасайды. Селье былай деген: «Стресс-жүйкенің қысымы ғана емес» осы саланың маманы болмаса да көптеген ғалымдар биологиялық стрессті жүйкенің шаршауынан немесе эмоцияның қатты қозуынан деп түсіндіреді, бірақ бұл олай емес. Психологиялық және психопатиялық аспектілерде биологиялық стрессті зерттеген белгілі ағылшын докторы Дж Мейсон. Эмоциялық қозу өмірге деген қорқыныш тудыратын кезде немесе өмірлік басқа да жағдайға байланысты стресс туғанда бұған жауапты физикалық күй болып табылады-деп айтқан. Жүйке жүйесі жоғары дамыған адамдар эмоциялық күйзеліс жиі болғандықтан, ол адам стресске өте жақын болады, бірақ стресстік күйді жүйке жүйесі жоқ жануарлар және өсімдіктер де сезеді. Көп адамдар стресс жағымсыз жағдайлардың нәтижесі деп түсінеді, бірақ Селье олай демейді. Басында біз айтқандай бұл жерде жағымды немесе жағымсыз жағдай маңызды емес. Осыған байланысты стресс күйін кез-келген эмоционалдық әсерден алуға болады. Стресс күйіне әкелетін факторлар стрессорлар. Бір сөзбен айтқанда стрессорлар әр түрлі, бірақ ол күйді сезген адамның биологиялық реакциясы болған жағдайға бейімделу болып табылады.

Стресстік кернеуге мынадай белгілер тән:

- бір нәрсеге жете ден қоя алмау;

- жүмыста жіберілетін жиі қателіктер;

- есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

- жиі шаршау сезімінің пайда болуы;

- тез сөйлеу;

- аурудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;

- жоғары қозу сезімі;

- жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;

- әзілдесу сезімін жоғалту;

- шегетін темекі санының кенет артуы;

- алкогольді ішімдіктерге қүнығу;

- тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;

- тәбет жоғалту - жалпы ас дәмін сезбеу;

- дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.

Стресттік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресттік жағдайлар қан тамырлары мен ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Стресстің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себептер қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттар түзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кеткен болар еді. Ал күйзелісті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселелер өз орнында қала бермек.

Негізінде, күйзелісті қабылдауы, онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешеліктеріне тікелей байланысты.

Ал, күйзелістердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундық жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қатерлі ісік ауруы адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокринді жүйеде пайда болған рак ауруы күйзеліспен тікелей байланысты. Бұл «Барлык ауру -жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.