Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





V. Жарықтандыруды есептеу.



V. Жарықтандыруды есептеу.

Жарықтандырудың жүйесі мен түрін таңдап алу.

Жарықтандырудың екі жүйесі болады: жалпы және құрамалы

Жалпы жарықтандыру –бұл бөлмедегі жабдықтардың орналасуына тәуелсіз оның барлық ауданын жарықтандыру. Ол бір қалыпты және жергіліктелінген болуы мүмкін.

Жалпы жарықтандыру жүйесін пайдалану мына жағдайларда орынды болады: біршама дәлдіксіз істелетін жұмыстар орындалатын үйжайларда; жұмыстық беттер тығыз орналасқан немесе жұмыс барлық алаңында орындалатын үйжайларда; қоғамдық ғимараттарда, оқу орындарында, кеңселерде және т.б.

Құрамалы жарықтандыру– жалпы және жергілікті жарықтандырулардың бірге әрекет етуімен жасалынатын жарықтандыру. Жергілікті жарықтандыру белгілі жұмыстық орынды(үстелді, станокты, аспапты және т.б.) жарықтандыруға арналады. Жергілікті жарықтандырудың жарықтандырғыштары негізінде жұмыстық бетке жақын орнатылады, ал қалған алаңға жалпы жарықтандыру әрекет етеді. Құрамалы жарықтандыру жұмыстық бетте жарықталыну деңгейін жоғарылатуға мүмкіншілік береді.

Құрамалы жарықтандыру жүйесін пайдалануға алдыңғы себептер: қажетті жарықталыну деңгейінің жоғарылығы; жұмыстық беттердің орнықты және бейтығыз орналасуы; жарық ағынының белгілі немесе айнымалы бағытты болуының қажеттілігі, жабдық бөліктерінің көлеңкеленуіне байланысты жұмыстық беттерді жарықтандыруға жалпы жарықтандыруды пайдалануға болмайтындығы.

1.1.Жарықтандырудың түрлері

Жарықтандыруды мына түрлерге ажыратады: жұмыстық, апаттық, көшірулік (қауыпсыз жерге көшіруге арналған) және кезекшілік (немесе күзетшілік).

Жұмыстық жарықтандыру– жұмыстық беттердің қажетті жарықталыну деңгейін қамтамасыз етуге арналған жарықтандырудың негізгі түрі. Ол барлық үйжайларда міндетті түрде қарастырылады. Жұмыстық жарықтандыру, дағдыдағыдай, жалпы немесе жергілікті жарықтандырудың жарықтандырғыштары көмегімен орындалады.

Кезекшілік жарықтандыру – өрт сөндіру және әскери күзет атқару үшін ғимаратты жұмыс істемейтін уақытта жарықтандыруға арналған. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін уақытта малдардың күй-жайларын бақылау үшін барлық мал қораларына да кезекшілік жарықтандыру қарастырылады. Бұған кірмелер мен өтпелі жерлерді сыртқы жарықтандыруды да жатқызуға болады. Кезекшілік жарықтандырудың жарықталыну деңгейі нормаланбайды. Кезекшілік жарықтандыруға арнайы жарықтандырғыштар орнатылмайды, ол үшін жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыштардан бірнеше жарықтандырғыштарды бөледі. Мысалы, мал қораларында жалпы жарықтандыруға арнаған жарықтандырғыштардың 10%-ын, төлханаларды 15%-ын кезекшілік жарықтандыруға бөліп белгілейді. Кезекшілік жарықтандырумен жасалатын жарықталыну деңгейі негізгі өткел жерлерде 0,5 лк-тен және кірмелік алаңшаларда 2 лк-тен төмен болмауы керек. Үйжайда (ғимаратта) жұмыстық жарықтандыру істен шыққанда жұмысты жалғастыруға арналған апаттық жарықтандыру мына жағдайларда қарасырылады: жұмыс үрдісіндегі аз уақытты үзіліс технологиялық циклді ұзақ мерзімге бұзуға немесе қатерлі апаттарға, жарақаттарға, үлкен материалдық залалдарға ж.т.б. әкелетін болса. Бұл жағдайларда жұмыстық беттердегі жарықталынудың ең кіші деңгейлі нормаланған жұмыстық жарықталынудың 5%-ы болып қабылданады, бірақ ол мән үйжай ішінде 2 лк-тен және сыртқы алаңдарда 1 лк-тен кем болмауы керек.

Жұмысты жалғастыруға арналған апаттық жарықтандыруды мына ауыл шаруашылық нысандарында жобалау керек, инкубаторияларда, электр бекеттері мен қосалқы бекеттерінде, мал емдейтін және астық өңдейтін орындарында және т.б.

Адамдардың қауыпсіз жерге көшіруге арналған (көшірулік) жарықтандыру жұмыс істеушілер саны 50 адамнан көп болатын өндірістік үйжайларда және бір уақытта 100-ден көп адам болатын қоғамдық ғимараттарда қарастырылады. Балалар бақшалары мен қабат саны 5-тен жоғары болатын тұрғын үйлер де көшірулік жарықтандырумен жабдықталады. Осындай түрлі жарықтандыру жасайтын жарықталыну мына деңгейден кем болмауы керек: негізгі өтпел еденінде және сатыларында 0,5 лк-тен , ал сыртқы қондырғыларында 0,2 лк-тен.

Апаттық жарықтандырудың жарықтандырғыштары тәуелсіз сыртқы немесе ішкі ток көзінен қоректенуі керек. Олардың жұмыстық жарықтандыру жарықтандырғыштарынан типі немесе мөлшері, немесе арнайы белгі бойынша айырмашылығы болуы керек.

Апаттық жарықтандыру үшін ең сенімді жарық көзі қыздыру шамы болады. Бірақ, мына жағдайда жарық көзі ретінде люминесценттік шамдарды да пайдалануға болады: резервтік қоректендіру апаттан кейінгі режимде де кернеуі 0,9·Uном –нен кем болмайтын айнымалы ток торабынан жүзеге асырылады, ал үйжайдағы ауа температурасы 50С-тен төмен болмайды.

 

1.2.Нормаланған жарықталыну деңгейі және қор

коэффициентін анықтау

 

Жарықталыну нормалары жұмыстық беттегі жарықталынудың ең кіші мәнін, яғни ең нашар жарықталынатын нүктелердегі жарықталыну деңгейін белгілейді.

ҚНжЕ (Құрылыстық Нормалар және Ережелер) және ”Жарықталынудың салалық нормалары„ – жарықталыну деңгейін анықтаудағы – негізгі нормативті құжаттар (4;6, 258...261 б.; 8, 163...166 б.). 1980жылғы ”Жарықталынудың салалық нормаларында,, ауылшаруашылық үйжайларының негізгі өндірістік мақсатқа арналған бөлмелерін (малдар мен құстар тұратын және т.б.) жалпы жарықтандыруға люменисценттік шамдарды (Л.Ш.), ал қосымша бөлмелерді жалпы жарықтандыруға қыздыру шымдарын (Қ.Ш.) пайдалану ұсынылады.

Қор коэффициентіКк жарық көзінің тозуына орай оның жарық ағынының азаюын, сондай ақ шамдардың, жарықтандыратын арматураның және жарықтандырылатын бөлменің қоршамдық беттерінің ластануының нәтижесінде жарықтандырғыштар П.Ә.К. төмендеуін есепке алу үшін енгізіледі.

Қор коэффициентін 1.1. кестеден таңдап алдым.

 

1.3. Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды

таңдап алу.

 

Жарық көзінің типі бөлменің өзгешілігі мен биіктігіне, нормаланған жарықталынуға, жарықтандырудың түріне, архитектуралық шешімдерге және т.б. себепкершарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлмедегі нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда Л.Ш., ал мәннен төмен болғанда Қ.Ш. пайдалану ұсынылады.

Әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттарда, қосымша бөлмелерден басқаларында, жалпы жарықтандыруға Л.Ш. пайдалану ұсынылады. Негізгі өндірістік мақсатқа арналған ауылшаруашылық үйжайларды (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға ”Салалық нормалар„ – бойынша Л.Ш. пайдалану ұсынылады. Егер Л.Ш. пайдалануға техникалық мүмкіншілік болмаса немесе архитектуралық шешімдері таллап етсе, бұл жағдайларда Қ.Ш. қолданылады.

Жергілікті жарықтандыруға Л.Ш. пайдалану дұрыс келеді.

ДРЛ типті шамдарды апаттық жарықтандыруға пайдалануға болмайды.

Жылытылмайтын үйжайларда Л.Ш. пайдаланылмайды.

Үйжайдың биіктігі 4м және одан жоғары болғанда ДРЛ, ДРИ типті шамдарды пайдалану дұрыс келеді. Кәсіпорындарының территориясын сыртқы жарықтандыруға да осы шамдарды пайдалану ұсынылады (күзетшілік жарықтандырудан басқаларға).

Жарықтандырғышты таңдап алуоның жарық – техникалық сипаттамасына, қоршап тұрған ортаның өзгешелігіне, қондырғының тиімділігіне орай орындалады.

Әдеттегі жағдайлы орталы (құрғақ, жылытылатын) үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштардың барлық типтерін пайдалануға болады. Ылғалды және дымқыл үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштарды қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда патронның тұрқы ылғалға төзімді материалдан міндетті түрде дайындалған болуы керек.

Ерекше дымқыл және химиялық активті орталы үйжайларда жарықтандырғыштың құрылмалық элементтері және пайдаланылған электр сымның оқшауламасы қоршап тұрған ортаның әрекетіне қарсы тұра алатындай болуы керек, сондықтан осындай ғимараттарға тек ғана қорғалған жарықтандырғыштар таңдау қажет.(Жарықтандырғыштарды 1.2.кестеден таңдап алдым)

Өрт қауіпі бар үйжайларда өрт қауіптілігінің дәрежесіне байланысты әр түрлі орындалған жарықтандырғыштарды пайдалануға болады. Қопарылыс қауіпі бар үйжайларда пайдаланылатын жарықтандырғыштардың құрылысына өте қатаң талаптар қойылады (ВЗР, В4А, РВЛ типті жарықтандырғыштар).

Жарықтандырғыштардың жарық таратуы –жарықтандырғыштарды берілген жағдайда пайдалану тиімділігін анықтайтын олардың негізгі сипаттамасы. Жарықтандырғыштар ГОСТ 17677-82 мемлекеттік стандартқа байланысты 7 типті жарық күштері қисықтарына (ЖКҚ) және жарық таратуына қарай 5 классқа бөлінеді.

Төменгі жарты сфераға сәуленетін жарық ағынының жарықтандырғыштардың жалпы жарық ағынының үлесіне байланысты жарықтандырғыштар жарық таратуы бойынша мына класстарға бөлінеді: П – тура бағытты жарықты, Н – негізінде тура бағытты жарықты, Р – шашыраңқы бағытты, В – негізінде шағылысқан жарықты, О – шағылысқын жарықты.

Жоғарғы немесе төменгі жарты сфераға жарықтандырғышпен сәулелендірілетін жарық ағынының кеңістікте таралуы әр түрлі пішінді болады. Таралу пішіні берілген мемлекеттік стандарт бойынша жеті типтік ЖКҚ болады: К – шоғырланған, Г – созыңқы, Д – косинустық, Л – жартылай жалпақ, Ш – жалпақ, М – бір қалыпты, С – синустық.

Қабырғаларының және төбесінің шағылысу қасиеті төмен келетін бөлмелерді жарықтандыруға үнемділігі жағынан қолайлытура бағытты жарықты (П)жарықтандырғыштарды, ал қабырғалары мен төбесінің шағылу қасиеттері жоғары болатын бөлмелерде негізінде тура бағытты жарықты (Н) жарықтандырғыштарды пайдалану орынды болып келеді.

Жұмыстық беттер қалай болса солай орналасқан кейбір өндірістік үйжайларда шашыраңқы жарықты жарықтандырғыштар пайдаланылуы мүмкін. Шағылысқан (О) және негізінде шағылысқан жарықты жарықтандырғыштар өндірістік үйжайларда қолданылмайды. Ш типті жарық тарату қисықты жарықтандырғыштар ішкі жарықтандыруға пайдаланылмайды. Ғимараттың биіктігі жоғары және бөлменің индексі кіші болғанда Г немесе К типті қисықты жарықтандырғыштарды қолдану ұсынылады. Биіктігі төмен және бөлменің индексі көп болғанда Д және Л типтерлі жарық таратуы жалпық болатын жарықтандырғыштар қоданылады.

Ауыл шаруашылығында пайдалануға ұсынылатын жарықтандырғыштардың типтері 1.2-кестеде келтірілген.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.