Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ызмет көрсетушілерді электр тогымен зақымданудан қорғауға арналған шаралар.



2.7 Қызмет көрсетушілерді электр тогымен зақымданудан қорғауға    арналған шаралар.

Қызмет көрестушілерді электр тогымен зақымданудан қорғауға арналған шараларда «Электр қондырғыларын құру ережелеріне» (ПУЭ) сәйкес мына мәселелер көрсетілуі керек:

а) электр тартылымды жарықтандырғыштардың патрондарымен, розеткалармен ж.т.б. қосу ерекшеліктері;

б) шамдарды айырбастау және жарықтандырғыштық арматураны тазарту ережелері;

в) электр тораптарын мезгіл – мезгіл байқау ережелері.

Жобаның электр – техникалық бөлімінің қорытынды құжаты болып, жарықтандыру торабының есептемелік кесте – сұлбасы саналады.

Ол жобаның графикалық бөлімінде сызылады.

Есептеу – түсіндірме жазбаның соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі беріледі.

2.8 Электр жабдығының және материалдарының сипаттамалық тізімі.

Электр жабдығының және материалдарының сипаттамалық тізімі « Конструкторлық құжаттардың біріңғайланған жүйесіне» (ЕСКД) сәйкес А4 форматты беттерде (297 х 210 мм) орындалады. Олар есептеу – түсіндірме жазбаға тігіледі немесе А1 стандартты сызбаның (жобаның графикалық бөлімінің) штампының үстінде беріледі.

Тізімде жабдық пен материалдар мына тәртіппен беріледі:

1.Басқару және қорғау қалқандары.

2. Басқару аппараттары және орнатылған бұйымдар ( автоматты айырғылар, рубильниктер, сақтандырғыштар, айырғылар, патрондар, штепсельді розеткалар, трансформаторлар ж.т.б)

3. Жарықтандырғыштар.

4. Жарық көздері.

5. Сымдар мен кабельдер.

6. Оқшаулауыштар және оқшауламалық материалдар.

7. Прокат, түтіктер, металл бұйымдар.

8. Монтаждық құрылымдар, бөлшектер (дюбельдер, қапсырмалар, винтті шегелер ж.т.б.)

9. Басқа материалдар.

Тізімде мемлекеттік стандарттарға, каталогтарға, баға құжаттарына, анықтамалық және басқа әдебиеттерге сілтеме болуы қажет

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.