|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Электр техникалық бөлім.11.Электр техникалық бөлім. Жарықтандыратын топтарын электр-техникалық есептеудің мақсаты-электр желілеріндегі жұмыстық ток сымдарды (кабельдерді) аса қыздырмайтын,шамдарды қоректендіруге қажетті кернеуді және шектілікті механикалық беріктікті қамтамасыз ететін сымдар мен кабельдерінің көлденең қимасының ауданын анықтау.
Ауылшаруашылық нысаналарының жарықтандырғыштық топтарында кең қолданылатын сымдар мен кабельдердің маркалары 2.1- кестеде берілген. Жарықтандыратын тораптарға пайдалануға ұсынылған сымдар мен кабельдер.
2.3. Жарықтандыру тораптарын құрастыру. Жарықтандыру тораптарын құрастыруда үйжайдың планында топтық қалқандардың, жарықтандырғыштардың, айырғылардың және розеткалардың орнатылу орындарын белгілейді.Жарықтандырғыштарды топтарға бөледі және үйжайдың планына қоректендірулік және топтық желілердің жоларналарын түсіреді.Тоқ қабылдағыштарды жеке топтарға бөлгенде бір топта жалпы жұмыстық тоғының мәні 25 А-ден аспайтын немесе ДРИ, ДРЛ, қыздыру шамдарының саны 20-дан, ал люминесценттік шамдардың саны 50-ден көп болмау керек (бұл сандарға штепсілді розеткалар да кіреді). Розеткалардың қуаты оған қосылатын аспаптың қуатына тең қабылданылады. Егер бұл қуат белгісіз болса,есептік қуатты 500Вт деп қабылдайды. Жарықтандыру тораптарын құрастыруда жалпы жүктемені фазаларға бірқалыпты бөлуге ұмтылу керек. Кезекшілік жарықтандыру жарықтандыратын топтық қалқанының жеке тобынан, ал апаттық жарықтандыру қалқанынан немесе бас күштік қалқанының жеке тобынан қоректендіріледі.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|