Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Науқастың жағдайы



Науқастың жағдайы

Ой-пікірлері:

- Мен қайдан жұқтыруым мүмкін?

- Мен неден ауырдым?

 

Мазасыздануы:

- Ауруханада жату керек болды. Қанша күн? Жұмыста мені кім ауыстырады (оқушыларымды кім алады).

- Укол мен капельница жасайтын шығар? Ауырады ғой!

- Менде менигит болса ше?

- Асқынулар болады ма екен?

- Өліп қалам ба?

- Бұл аурудан кейін мамандығым бойынша жұмыс істей аламын ба?

- Менде менигит болса, сонда мен жұқпалымын ба?Ата˗аналарыма, оқушыларыма жұққан жоқ па?

- Жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыратын шығар?

- Таныстар мен әріптестер не айтады? Олар мені шеттетеді ғой!

Күтілімдері:

- Диагноздың түсіндірілуін (менде қандай диагноз? бұл жұға ма? Өмірге қауіпті ме? Неге менің басым қатты ауырады?)

- Ары қарай болатын әрекеттерді түсіндіруді (ауруханаға міндетті түрде жатуым керек па? Үйде емделуге бола ма? Немен емдейді? Укол мен капельница бола ма? Кейде үйге/ жұмысқа баруға бола ма? Ауруханада қанша уақыт жатамын?)

- Тағайындалған дәрілер туралы сөйлесу (ауруханада тиімді дәрілер бар ма? Немесе мен оларды сатып алуым керек па?).

- Ата˗аналарыма және оқушыларыма жұғу мүмкінідігі бар ма екені туралы сөйлесу.

 

Сезімдері:

(науқастың ауруына байланысты жалпы эмоциональді жағдайы)

- Мазасыздық, тітіркену, шаршау.

 

Ойын бойынша нұсқаулықтар:

- Науқас үстіне футболка, спорт шалбарын киген. Футболка үстінде – свитер. Аяғында – үй аяқ киімі. Қолында – полиэтиленпакеті (жолда құсу бола ма деп қорықтыңыз).

- Кейде қабағын түйіп, бас ауырғанына ыңырсисыз, басыңызды ұстап жатырсыз.

- Емтихан тапсырушыныңсұрақтарына бір-екі сөзбен, жай дауыспен, кешігіп жауап береді. Көңіл-күйі тежелген, қимылы баяу.

- «Қанша сұрақ қоя беруге болады? Бір нәрсе жасасаңызшы. Мен қиналып жатырмын!»- деу керек.

- Ауруға байланысты қорқыныштар, мазасыздық, ойлар туралы сұрақтарға қорқынышпен жауап беру керек:

- емтихан тапсырушының «Отбасыңыздың мүшелерін неге жұқтырам деп қорқасыз» дегенсұрағынатітіркеніп «Мен отбасым туралы мазаланамын! Бұл әдіеттегі зат емес пе!» деп жауап беру керек.

- емтихан тапсырушының «Неге Сіз «уколдар» мен «системалардан» қорқасыз? Бұрын Сізде аллергия болып еді ма?» дегенсұрағына«Мен айтып едім ғой, тек қана цитрус жемістеріне аллергиям бар деп!»

Рольді ойнау керек физикалық симптомдар:

- аңқаны фонарик көмегімен қараған кезде көзді жұмып, тітіркеніп «Жарық көзімді ауыртты!» деп айту керек.

- қолтық астына градусник қойан кезде тітіркеніп «Градусник салқын ғой!» деп айту керек.

- аускультация жасау үшін кеуде аймағын босату (киімді шешу) туралы өтініш айтылғанда, киімді баяу, қабақты түйіп шешу керек.

-менингеальді белгі – шүйде бұлшық еттерінің кернеуін анықтау кезінде (басты алға қарай ию) мойын бұлшық еттерін кернеп, иекті кеудеге жеткізбеу және бас ауыруы күшейгендей қабақты түю керек.

- менингеальді белгі –Керниг симптомын анықтау кезінде (аяқтарды бүгу) аяқтарды кернеп, тізелерде жаза алмай, ыңырсу керек.

Физикалық көрсеткіштер:

- шүйде бұлшық еттерінің керенеуі +4 см (яғни, басты алға қарай иген кезде иек кеудеге  4 см-ге жетпейді)

- Керниг симптомының «оң» болуы – аяқ тізе буынында толығымен азылмайды (130о)

 

Қойылуы мүмкін сұрақтар:

1. Бұл ауру қауіпті ме?

2. Мені неге ауруханаға алып келді?

3. Үйде емделіге бола ма?

4. Бұл жерге неге анамды жібермейді? (анасы кіре-берісте қалды)

5. Ата˗анам не істесін?

Қойылуға тиісті сұрақтар:

1. Не істейсіз?

2. Менің диагнозым қандай? Бұл менингит пе?

3. Менингит кезінде белді теседі дегенді естігенмін. Маған да солай жасай ма?

4. Бұл қауіпті емес пе?

5. Оны кім жасайды? Дәрігердің тәжірибесі бар ма?

6. Тесу не үшін керек? Оны жасамаса бола ма?

7. Неге мен қолхат жазуым керек (ақпаратты келісім беру)? Сонда бұл қауіпті болғаны ғой?

8. Маған қандай дәрілер тағайындайсыз? Ауруханада тиімді дәрілер бар ма? Немесе мен оларды сатып алуым керек па?

 

Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар:

- Егер емтихан тапсырушы «Жұқпалы науқаспен қатынас болды ма?» деп сұраса, онда СН «Болған жоқ сияқты» деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Туыстарыңыз, әріптестеріңіз, оқушыларыңыз арасында менингитпен немесе ЖРВИ-мен ауырған адамдар болды ма?»деп сұраса, онда СН «Кейбір оқушылар жөтеліп, тұмауратқан»деп жауап береді. 

- Егер емтихан тапсырушы «Қашан ауырып қалдыңыз?»деп сұраса, онда СН «Кеше күндіз, жұмыста отыранда»деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Ауруыңыз неден басталды?»деп сұраса, онда СН «Қалтырау, әлсіздік болды, денем сынып ауырды, дене қызуым 38,5С-қа дейін жоғарылады»деп жауап береді. 

- Егер емтихан тапсырушы «Ауруыңызды немен байланыстырасыз?»деп сұраса, онда СН «Тоңып қалдым деп ойлаймын»деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Құсу болды ма?Болса, неше рет?»деп сұраса, онда СН «Иә, болды. 3 рет»деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Құсу жеңілдік әкелді ме?»деп сұраса, онда СН «Жоқ. Керісінше. Басымның ауыруы күшейіп кетті»деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Қандайда болса дәрі қабылдадыңыз ба?»деп сұраса, онда СН «Иә. Парацетамол мен анальгин іштім»деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Жеңілдік болды ма?»деп сұраса, онда СН «Жоқ. Басымның ауырғаны басылмады»деп жауап береді.

 

Берілген сценарийдің мақсаты –дәрігердің Сіздің мәселеңізге қатысты іс-әрекеттері мен түсіндіруі. Дәрігер Сіздің ауруыңыздың себептерін Сізге түсіндіре алатынын, Сіздің қорқынышыңыз бен күдіктеріңізді баса алатынын, зерттеу үрдісіне Сізді тартымдай алатынын, аурудың қолайлы нәтижесіне сеніміңізді күшейте алатынын көргіміз келеді.

Сіз дәрігерді тиянақты тыңдайсыз, оның кеңестерін естуге ұмтыласыз. Бірақ, оның ұсыныстарын орындауға асықпайсыз, дәрігер ол ұсыныстары қажет екенін дәлелдеуге тиісті.

Емдеу тактикасы бойынша мазасыздығыңызды өз еркіңізбен айтпаңыз. Дәрігер Сіздің пікіріңізді сұрауға тиісті; оның айқанын ойластыруға уақыт беріліп, ұсынылған тізімнен қолайлысыз таңдауға мүмкіндік беріледі.

 

 

«Бас ауру» тақырыбындағы медициналық сценраий бойынша



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.