Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





медициналық симуляция сценариі



«Ішкі аурулар» мамандығының7курс интеріндеріне арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Қорытынды бақылауын өткізуге арналған

медициналық симуляция сценариі

Клиникалық есеп номері: ИБ -1

Клиникалық жағдайдың аталуы: «Бас ауру»

Аты:Мұхтар

Жасы: 25жаста

Жынысы:ер

Білім берудің түйінді міндеттері/мақсаты:болжама диагнозды қою және негіздеу

 

1. Қарым-қатынасты қалыптастыру (өзін-өзі таныстыру, танысу)

2. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып шағымдарды жинау

3. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып ауру тарихын, өмір анамнезін жинау

4. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып эпидемиологиялық анамнезді жинау

5. Комментариялау, резюме жасау дағдыларын қолдана отырып физикальдітексеру (объективтітексеру)

6. Науқастың пікірін, күтілімдерін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып зерттеу жоспарын тағайындау

7. Науқастың күтілімдерін, қорқыныштарын және пікірін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып, жалпы клиникалық және сералогиялық анализдерін талдау

8. Науқастың күтілімдерін, қорқыныштарын және пікірін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып, жүргізу тактикасын белгілеу

9. Нәтижелеу, резюме жасау дағдыларын қолдана отырып, науқасқа тексеру қорытындысын хабарлау

10. Науқастың сұрақтарына жауап беру

 

Бағалау мен оқытудың құралдары:СП/актермен кері байланыс, бейнежазба, емтихан қабылдаушының бағасы

Қоршаған орта:

көп профильді аурухананың қабылдау-кеңес беру бөлімшесі

Емтихан бөлмесіндегі заттар:

Емтихан бөлмесінде СП-ке (актерге) арналған кушетка, дәрігерге арналған үстел мен орындық, аңқаны қарап тексеруге арналған шам/лампа, шпатель, КБУ (қауіпсіз жою контейнері)

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырма жазылған парақ.

2. СП-ке арналған сценарий.

3. Клиникалық-лабораторлық зерттеулер нәтижелері (ҚЖА, ЗЖА,жұлын сұйықтығының нәтижесі).

4. Емтихан қабылдаушыға арналған чек-парақ.

5. Үстел – 1 дана.

6. Орындық – 1 дана.

Клиникалық ақпарат:

Сіз – Мұқтар, жасыңыз 25-де. Сізді жедел медициналық жәрдем бригадасы арбамен (каталкамен) қабылдау-кеңес беру бөлімшесіне жеткізді. Сіз бастың қатты ауыруына, жоғары дене температурасына шағымданасыз. Үстіңізге футболка, спорт шалбары кигенсіз. Футболка үстінен – свитер. Аяғыңызда – үй аяқ киімі. Қолыңызда – полиэтиленпакеті (жолда құсу бола ма деп қорықтыңыз). Көңіл-күйіңіз тежелген, қимылыңыз баяу. Кейде қабағыңызды түйіп, бас ауырғанына ыңырсисыз, басыңызды ұстап жатырсыз. «Дәрігердің» (емтихан тапсырушының) сұрақтарына бір-екі сөзбен, жай дауыспен, кешігіп жауап бересіз.

 

Ауру тарихы:   

Өз ауруыңызды ешнәрсемен байланыстыра алмайсыз.

02.01.2016 ж. жедел ауырдыңыз.

Қалтырау, дененің сынып ауыруы, әлсзідік, пайда болып, дене қызуыңыз 38,5С-қа дейін жоғарылады.

Сіз суық тиіп қалды деп ойладыңыз. Парацетамолдың 1 таблеткасын қабылдадыңыз.

Дене қызуыңыз 37,5С-қа дейін төмендеді, одан кейін Сіз ұйықтап қалдыңыз.

Келесі күні дене қызуыңыз 39,0С-қа дейін жоғарылап, бас ауыруыңыз күшейді, жүрегіңіз айнып, 3 рет құстыңыз, құсу жеңілдік әкелмеді. Құсудан кейін бас ауруы күшейе берді, айқын, кернеген сипатқа ие болды.

Сіз аспириннің 1 таблеткасын қабылдадыңыз. Жағдайыңыз жақсармады.

Анаңыз жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды. Ол бригада Сізді ауруханаға жеткізді.

Әлеуметтік анамнез:

Немен айналысады:Сіз – ЖОО-да тарих пәнінің мұғалімісіз.

Отбасылық жағдай:Үйленбеген. Ата анаңызбен тұрасыз.

Тұрғын жағдайы:Қанағаттанарлы (көп пәтерлі үйде тұрады).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.