|
||||||
Ішкі аурулар» бағытындағы 7 курс интерндерінеСтр 1 из 4Следующая ⇒ «Ішкі аурулар» бағытындағы 7 курс интерндеріне «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация жүргізуге арналған клиникалық есеп Тақырыбы: «Бас ауру»
Мазмұны: 1. Студентке арналған клиникалық есеп –2 бет 2. СП-ке арналған клиникалық сценарий–4 бет 3. Бағалау парағы – 11 бет Ішкі аурулар мамандығының 7курс студенттеріне «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Қорытынды бақылауына арналған Клникалық есеп Клиникалық есеп номері: ИБ -1 Клиникалық есептің аталуы: «Бас ауру»
Клиникалық мәліметтер: Сіз – көп профильді аурухананың кезекші дәрігерісіз. Кезекшілік 03.02.2015 ж. өтіп жатыр. Сіздің ауруханаңыздың қабылдау-кеңес беру бөлімшесіне жедел медициналық жәрдем бригадасымен 25жастағы ер адам арбамен жеткізілді. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлерінің көмегімен науқас кушеткаа жатқызылды. Науқас кушеткада көздерін жұмып, бас ауыруынан ыңырсып жатыр. Шағымдары: әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының 38,5 С, дейін көтерілуіне, құсуға. Anamnesis morbi: 02.01.2016 ж жедел ауырған. Когда ппоявились озноб, ломота в теле, слабость, повысилась температура тела до 38,5С. Дене қызуы 38,5С дейін көтеріліп, қалтырап, денесінің барлық жері ауырған. Келесі күні дене қызуы 39,0С дейін көтеріліп, бас ауруы күшейіп, үш рет құсу болған. Құсу жеңілдік әкелмеген. Өздігінен бір таблетка анальгин қабылдаған. Бірақ жағдайы жақсармаған. Анам жедел жәрдем шақырып еді бізді стационарға әкелді. Объективті мәліметтер: Жағдайы ауыр. Қалыпы мәжбүр. Көздерін жұмып бүйірімен жатыр, бас ауыруынан ыңырсиды. Есі анық. Тері жабындылары қалыпты түстес, аздап бозарған. Бөртпе жоқ. Аңқасында: шырышты қабаты орташа қызарған. Жабындылар жоқ. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 110 рет/мин. ҚҚ 100/70 мм с.б. Іші жұмсақ, барлық бөліктерінде ауыру сезімді. Бел аймағын соққылау белгісі екі жағынан да «оң». Клиникалық-лабораторлық зерттеу әдәстерінің нәтижелері
Мақсат:болжама диагнозды қою және негіздеу
1. Қарым-қатынасты қалыптастыру (өзін-өзі таныстыру, танысу) 2. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып шағымдарды жинау 3. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып ауру тарихын, өмір анамнезін жинау 4. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып эпидемиологиялық анамнезді жинау 5. Комментариялау, резюме жасау дағдыларын қолдана отырып физикальдітексеру (объективтітексеру) 6. Науқастың пікірін, күтілімдерін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып зерттеу жоспарын тағайындау 7. Науқастың күтілімдерін, қорқыныштарын және пікірін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып, жалпы клиникалық және биохимиялық анализдерін талдау 8. Науқастың күтілімдерін, қорқыныштарын және пікірін ескеріп, комментариялау дағдыларын қолдана отырып, жүргізу тактикасын белгілеу 9. Нәтижелеу, резюме жасау дағдыларын қолдана отырып, науқасқа тексеру қорытындысын хабарлау 10. Науқастың сұрақтарына жауап беру
|
||||||
|